Асыл сөз

Сабақтын тақырыбы: Асыл сөз Сабақтың максаты:

а)  білімділік: оқушыларға сөз қүдіреті, әдеби сөйлеу, әдебиеттің оқырман
алдында алатын орны жайлы түсінік беру.

ә) дамытушылық: ой — өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.


б)  тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге,
адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріспе сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сүрақ-жауап, бекіту, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бүктемелер, рефераттар, бейнелі суреттер. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу. Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау. Сабақтың барысы:

1)  ¥йымдастыру кезеңі.


а)  Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Кезекші мәлімдемесі.

б)  Журнал бойынша түгелдеу.

2)  Жаңа сабақты түсіндіру.

а) Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға сөз қүдіреті, әдебиет пәнінің өзгешеліктері, шығармалар тарихы жайлы түсіндіремін.

Балалар!

Сендер сыныптан сыныпқа аттаған сайын сөз өнерінің тылсым сырына дендей еніп келе жатырсыңдар. Әдебиет оқулығы — бүл орайда сендерге бағыт-бағдар сілтеп, кеңесші болатын көшбасшы пән. Байқап отырғандарыңдай, жыл сайын сендерге үсынылатын шығармалардың аукымы да үлғайып, түр-сипаты да күрделеніп келеді. Сонымен бірге сендер окулық материалдарымен ғана шектеліп қалмай, өздеріңе үнаған шығармаларды іздеп жүріп күмарта оқып жүрген де боларсыңдар. Көркем әдебиетпен шынайы достасқан адам өзіне мәңгілік ақылшы дос тапқандай, бар ынты-шынтысымен кітапқа беріледі. Ол бейне бір сиқыр-лап алғандай өз қүдіретіне табынта тарта береді. Оның әсер-қуаты шексіз де шалқар…

Өлең оқыған кезде сендер ерекше елітіп, көркем де көрікті әлемге енесіңдер, ақынның жүрек лүпілімен бірге толқып, дәл бір өз көкейлеріңдегі сыр шертіліп жаткандай әсерленесіңдер; жақсыға сүйініп, жаманға күйінесіңдер; сөзбен салынған суретке көзбен көргендей тәнті боласыңдар; ақынның арман-мүңы ел мүратымен үласып, қиялдарыңа қанат бітіреді. Кекіректеріңде өзің оқып түйсінген, өзіңе ғана таныс ғажайып әлем пайда болады. Одан алатын әсер-қуатты қарапайым тілмен жеткізудің өзі қиын.

Ал небір қызғылықты, шытырман, тарихи оқиғаларға қүрылган әңгіме, повесть, романдарды оқығандағы әсерлерің ше? Бар дүниені үмытып, сол оқиғалардың ішінде жүргендей етене араласып кетпейсіңдер ме? Өздеріңмен пікірі, ой дүниесі, іс-әрекеті үйлесетін сырлас достар табасыңдар, олардың жақсылықтарына куанып, ағаттыктарына капаланасыңдар. Сол сиякты бар болмыс-бітімімен жиіркендіретін жағымсыз бейнелермен де жүздесіп, олардың әрбір әрекетіне іштей күрес ашасыңдар. Жаксылык пен жамандықтың мәңгілік күресіне күрылған тіршіліктің жанды суреттерінен түратын көркем әдебиет күрделі табиғатымен сендерді бірде күлдіріп, бірде жылата отырып, өмірді өнер арқылы тануға баурайды.

Көркем әдебиет үгіт-насихат айтпайды; неден жерініп, неден ғибраттану жөнінде нұсқау да бермейді; ол өмірдің мөлдірген жанды көрінісін сендердің алдарыңа жайып салады да, одан алатын тағылымды әркімнің өз талғам-таразысына қалдырады. Көркем әдебиеттің құдіреттілігі де осында.  Осы қүдіретімен ол өнердің барлық түрінен  жоғары түрады.


Мәселен, сәулет, сурет, мүсін өнерлерінің туын-дыларын тамашалап, көз сүйсіндіруге болады. Немесе музыка өнерінің небір ғажап шығармаларын тыңдап, сезім күйіне бөленесіңдер. Бүлардың барлығы да өнер туындылары, барлыгы да өзінше қүдіретті. Бірақ олардың ешқайсысы сөз өнеріндей өмірдің толыққанды көркем бейнесін сомдай алмайды. Сөз күдіреті арқылы сендер небір тамылжыған табиғат суретін, келісті түлғаны, әсем ғимаратты көз алдарыңа елестете аласыңдар, ән мен күйдің әуені қүлақтарыңда түрғандай сезімге де бөленесіңдер. Тарихтың терең қойнауына саяхат жасап, өткен бабалар ғүмырына қанығып, бүгінгі замандастарыңның тыныс-тіршілігіне үңіліп, арман-мүңын бөлісе аласыңдар.

Суретші өз ойын бояу арқылы қүбылта жеткізсе, сазгер әуен аркылы сезім қылын шертеді. Әдебиетте мүның барлығы тілдің қүдіреті арқылы жасалады. Тіл — көркем әдебиеттің бірінші кұралы. Тіл болғанда, ол — шешен тіл, әсем де әсерлі көркем тіл. Тілдің мүндай қүдіретін сарқа пайдалану тек талантты ақын-жазушылардың ғана талайына жазылған. Сондықтан халық ондай асыл сөзді ерекше құрмсттеп, қадір түтады, ү.рпақтан үрпаққа өнеге етеді. Әрине, дарынды сөздің көркем әдебиетке айналуының өзіндік қыр-сыры, ішкі заңдылықтары болады. Көркем әдебиетті басқа ғылыми әдебиеттерден, тіпті оған бір табан жақын келетін пән — тарихтан да өзгешелейтін ерек сипаттары бар. Әдебиет тарихи окигалардың жылнамасы да емес, өмірдің немесе әлдекімнің басынан өткен шытырмаи оқиғаның көшірмесі де емес. Ол — өмір шындығының қаламгер жазушы қиялымен, дүниетанымымен байы-тылғаи көркем суреті. Жазушы өмірде болган кандай тарихи оқиганы суреттемесін, оны ең алдымен өз ой елегінен өткізеді, олардың ең басты сипаттарын анықтап, өз пайым-парасатының көрігіне сала отырып, қайта қорытады, жаңа мән-мағына үстейді, көркемдік нәр береді, сөйтіп, оқырманға үсынатын дүниесінің мазмүны мен көркі астасқан жанды бейнесін жасайды. Былайша айтқанда, шьшдықты образ аркылы бедерлейді. Яғни көркем әдебиеттегі өмір суреті, адам келбеті — көркем бейне (образ) арқылы сомдалады. Көркем бейне жасауда суреткер әрқилы тәсілдерді қолданады. Оны әдебиеттану ғылымы зерделейді. Оқулықтағы материалдармен таныса отырып, сендер әдеби-теориялық үғымдар жөнінде (әсірелеу, шендестіру, өлең, әңгіме, повесть, баллада, т. б.) алғашқы мағлүмат аласыңдар. Бұлар сендерге көркем әдебиетті тереңірек түсініп, байыптай үғынуға жолбасшы болады.

Нағыз көркем әдебиетті тума дарын, қас шебер, сөз зергері туғызады. Шынайьт дарын — ілуде біреудің ғана маңдайына жазылатын тәңірдің сыйы. Жазушы дарыны өз халқының үлттық мәдениетінің нәріне суарылып, ана. тілінің кәусарынан сусындап, еңбекпен шыңдалып барып кемелденеді. Оқырман жүрегіне жол тауып, халық көңіліне мәңгіге үялайтын болады. Ңуатты ой, өрнекті тілден бас қүраган қүнарлы өнер шыгармаларын ел мәңгіге есінде үстап, үрпақтан үрпаққа аманат етіп жеткізіп отырған. Сендерді сол асыл сөз әлемі шақырады.

Міне осылайша әдебиеттің рөлі жайлы айтып болған соң мынадай тапсырма беремін:

  1. Өздерің оқыған   шығармадан   алган  әсерлерің   жөнінде   әңгімелеңдер.   Ондағы
    суреттелген оқиғаларды күнделікті өмірмен салыстырыңдар.
  2. Әдебиеттен алган әсерлеріңді сурет, музыка шығармала-рымен салыстырыңдар.
  3. Жазғы демалыс кезінде оқыған шыгармала-рыңның кейіпкерлері жөнінде әңгімелеңдер, олар саған несімен үнады?
  4. Оқыған шығармаларыңда қандай жаңа сөздер мен сөз тіркестерін кездестірдіңдер? Өздеріңе үнаган шумақтарды, суреттеулерді көшіріп жазып, жаттап алыңдар.
  5. «Өнер алды — қызыл тіл» дегенді қалай түсінетіндеріңді өз сөздеріңмен баяндаңдар. Сабақтың қорытындысы:

І.Сабақ соңында сүрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма: Жазғы демалыста оқыған шығармаларыңның біріне талдау жасап,
жазып келіңдер.