«Күлтегін» жыры

Сабақтың тақырыбы: «Күлтегін» жыры Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға ежелгі дәуір әдебиеті жайлы, олардың қүрылысы, көркемдік ерекшелігі жайлы және «Күлтегін жыры жайлы толық түрде түсінік беру..

ә) дамытушылық: ой — өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.


б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: қалыпты сабақ

Сабақтын әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу, сүрақ-жауап, бекіту, сөздікпен жұмыс, бағалау, корытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бүктемелер, рефераттар, бейнелі суреттер.


Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: кіріспе, ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың барысы:

1) ¥йымдастыру кезеңі.

а)  Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Кезекші мәлімдемесі.

б)  Журнал бойынша түгелдеу.

2) Үй тапсырмасын сұрау.

а)  Өткен сабақта өтілген «Алпамыс батыр» жырын сұраймын.
ә) Сүрақ қою арқылы өткен тақырыпты бекітемін.

б)  Оқушылардың білімін бағалаймын.

3) Жаңа сабақты түсіндіру.

Әлемдік өркениет тарихынан ойып орын алатын, адамзат мәдениетінің аса қүнды мұраларының бірі — көне түркі . жазба ескерткіштері. Бүгінде әркайсысы өз алдына іргелі ел болып, дүние жүзіндегі адамзаттық кауымдастықтың қомақты аумағын қү-рап, өркен жайып отырған түркі тектес халықтардың (түрік, әзірбайжан, түрікмен, өзбек, қырғыз, татар, сібір түркілері — алтайлыктар, саха, хақас, т. б.) ортақ мүрасы болып табылатын бүл үлы жәдігерліктер — біздің дәстүрі үзілмеген мың жарым жылдық жазба мәдениетіміздің айнымас куәсі, тарихымыздың терең тамырлары. Кезінде тасқа қашалып, теріге бедерленіп, киізге өрнектелген бүл ескерткіштерде ата-бабаларымыздың ертедегі білім-білігінің, ежелгі дүниетанымының, қилы кезеңдердегі ел үшін, жер үшін, еркіндік пен тәуелсіздік үшін жүргізген күресінің ерлік шежіресі сақталған.

Тасқа қашалған көне жәдігерліктердің ішінде бізге жеткендерінің ең ірілері — Білге қаһанға, Күлтегінге, Тоныкөкке қойылған қүлпытастардағы жазулар. Біз солардың ішінен қазіргі Монғолия жеріндегі Орхон өзенінің бойында тұрған Күлтегін құлпытасындағы жыр-дастаннан үзіндіні өтеміз. Бүл ескерткіштің айна-қатесіз көшірмесі Астанадагы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетіне 2001 жылы әкелініп қойылған.

Әрине, арамызды мыңдаган жылдар бөліп тұрған бүл көне мүраны бүгінгі жыр-дастан үғымында кабылдау қиын. Бірақ түркітанушы ғалымдар оларды көне түркі жырының үлгісі деп таниды.

Тасқа қашалған жазуда жеті жасында жетім қалып, он алты жасында ат жалын тартып мініп, туркі елінің бақыты үшін бар-жоғы 47 жасында опат болган Күлтегін батырдың ерлігі мен еліне сіңірген еңбегі тарихи накты, шынайы суреттелген. Жоқтау-жырды батырдың ағасы Білге қаһан Иолығ тегін жырауға шығартып, батырдың басына қойылған қүлпытасқа қашатқан.

Тарихи шығарманы бүгінгі нұсқада жырлаған — қазақтың белгілі ақыны Қадыр Мырза Әли.

Міне, осылайша жырдың жазылу тарихы жайлы түсінік беріп болған соң «Күлтегін» жырының мазмұнымен таныстырамын.

Сабақтың қорытындысы.

а) Сабақ соңында сұрақ қою арқылы қорытындылаймын.

ә) Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Үйге тапсырма: «Күлтегін» жырын оқып келу.