«Жапон балладасы» балладасын талдау

Сабақтың тақырыбы:   «Жапон балладасы» балладасын талдау. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға Ғабит Мүсіреповтің өмірі, шығармашылығы,
«Жапон балладасы» балладасы жайлы толық мәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін
қалыптастыру, балладаны талдау.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.


б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу.


Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтьщ барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сүрау.

  1. Ғ.Мүсіреповтің өмірі, шығармашылығы жайлы сүраймын.
  2. «Жапон балладасы» әңгімесінің мазмүнын сүраймын.
    З.Қосымша сүрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.
    Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.


Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Ғабит Мүсіреповтің өмірі, шығармашылығы, «Жапон балладасы» атты балладасын талдаймын, оның композициялық қүрылысы, кейіпкерлері жайлы түсіндіремін Баллада туралы

Орта ғасырда роман елдерінің (француз, испан, итальян) поәзиясында туып, қалыптаскан лириканың ерекше бір түрі — баллада — лиро-әпостык сипаттағы шағын сюжетті өлең. Мүнда ақын өзінің көңіл күйін, толғанысын жырлап қана тынбайды, сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді.

Балладанын мазмүны көбіне тарихи шындық, оқшау фантастикалық хал, ерлік әрекет болып келеді. Баллада өзінің ұзак даму тарихында талай өзгерістерге үшырады: әуелде бір топ адам қол үстасып, би билеп жүріп айтатын ән түрінде көрінсе, кейін сыршыл толғау, енді бірде асқақ әуенді арнау түріне ауысты. Баллада кейін барлық әдебиеттерге тараған.

Қазақ поәзиясында баллада жазу дәстүрі С. Ерубаевтан басталады.

Қазақ әдебиетінде оқиғалы өлеңдердің кейбір нүсқаларын Қ. Жармағамбетов жасаған еді. Оның «Бидай туралы балладасын», сондай-ақ «Мүғалима», «Күзетші» деген балладаларын кезінде өлең сүйгіш қауым жылы қабылдаған.

Ғ. Мүсіреповтің «Жапон балладасын» қарасөзбен жазылған баллада деуге болады. Адамзат тарихында түңғыш қолданылған атом бомбасының ауыр зардабын шеккен жапон халқының жан түршігерлік трагедиясын жазушы поәзиялық леппен, терең сыршыл сезімталдықпен жеткізе білген.

Сабақтың қорытындысы:

І.Сабақ соңында сүрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: «Жапон балладасы» атты балладаны оқып, мазмүнын әңгімелеу.