Ахмет Байтүрсынүлы «Қара бұлт», «Анама хат»

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтүрсынүлы «Қара бұлт», «Анама хат». Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға Ахмет Байтұрсынүлының өмірі,

шығармашылығымен терең таныстыра отырып, тақырыптың идеясын ашу, «Қара бүлт», «Анама хат» өлеңдері, кейіпкерлеріне мінездемеберуге үйрету.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл . мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ойлау қабілетін дамытып, оқушылардыц әдебиет ғылымына қызығушылығын арттыру.

б)  тәрбиелік; оқушыларды қайырымдылыққа, елін, жерін, Отанын қадірлеуге,
адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтьщ турі: пікір-сайыс сабағы

Сабақтың әдісі: талдау, ойландыру, іздендіру, кейіпкерлеріне мінездеме беру, сөздікпен жұмыс, түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер, проектор, ақынның өмірбаяны, еңбектері жайында түсірілген диск, ереже жазылған тікшелер.



Сабактың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жүмыс жүргізу. Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау, Сабактың барысы:

а)  ¥йымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабақка дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сү_рау.

  1. С.Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы жайлы сүраймын.
  2. Қалаған өлеңін жатқа сүраймын.
  3. Қосымша сұрақтар қою аркылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Ахмет Байтүрсынүлының өмірі, шығармашылығы, «Қара бүлт», «Анама хат» өлеңдері жайлы түсіндіремін.

Ақынның өмірбаянын, еңбектерін, ғылыми зерттеулерімен шығармашылығын әңгімелеймін. Оқушылар акынның өмірі мен шығармашылығын дисктен компьютер арқылы көреді.

Ахмет Байтүрсынүлының мысал өлеңдері өте көп. Мысал дегеніміз — жан-жануарлар арқылы адамның іс-әрекетін бейнелеу. Осындай мысалдардың бірі, ақынның төл шығармасы — «Қара бүлт».

Қара бүлт

Даланың күнге күйіп аптабы өткен,

Үстінен бүлт шықты қаптап көктен.

Қуанды шаруалар: «Я, күдайлап»…

Жерді бір суарар деп қурап кеткен.

Жауар деп түрды халық үміт етіп, Тамбастан өте шықты қүр желдетіп. Теңізге барды да бүлт қүя салды, Далаға қурап түрған жаумай кетіп.

Теңізге пәрменінше қүя салып, Мақтанды мырзасынып, тауға барып. Тау айтты: «Сен мақтанып келіп түрсың, Мен түрмын бүл ісіңе қайран қалып.

Егерде сол қадарлы жаусаң жерге, Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге. Көк шығып, жер отайып, егін өсіп, Қандай зор тиер еді пайдаң елге.

Не кайыр сенің қазір жауғаныңнан Сенсіз де су жетерлік теңіздерде…» Жиылып, кеңес тыңдап отырғандар, Мүнда да ғибрат бар алсаңыздар.

Бүлттай жерге жаумай, суға жауған Қазақта іс ететін көп адамдар. Жұмсамай тиісті орнына мал, өнерін, Біреулер жүреді, оған не амал бар?! Мысал өлеңді балаларға оқытып, оның мазмүнын сүраймын.


  1. «Бүлт» — қандай кейіпкер?
  2. «Теңіз» — қандай кейіпкер?
  3. «Тау» — қандай кейіпкер?
  4. Өмірде осындай адамдар кездесе ме?
  5. Тау секілді әділ адамдардан біз кімдерді білеміз?
  6. Қайырымдылық сөзін калай түсінесіңдер?

Осы сүрақтарға оқушылар өз пікірлерін айтып, «Қайырымдылық» тақырыбына шағын шығарма жазады.

Оқушыларды екі топка бөліп, мақал сайысын өткіземін. Бірінші топтағы оқушы әділдік, қайырымдылык туралы мақалды қазақ тілінде айтса, екінші топ оқушысы сол мақалға түсініктеме береді. осылайша сөздікпен жүмыс жүргізіледі. Анама хат

Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам,

Арнап хат жазайын деп, алдым қалам.

Сені онда, мені мүнда аман сақтап,

Коруге жазғай еді хақ тағалам!

Бара алмай, өтірікші болып әбден, Семейдің түрмесінде отыр балаң. Мал ұрлап, кісі олтірген айыбым жоқ, Өкімет, өр зорлыққа не бар шараң?!

«Үмітсіз шайтан болсын» деген сөз бар, Жолдар көп жәннатқа да тарам-тарам. Оқ тиіп, он үшімде ой түсіріп, Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.

Алданып тамағыма оны ұмытсам, Болгандай жегенімнің бәрі харам. Адамнан туып, адам ісін етпей, ¥ялмай не бетіммен көрге барам?!

Көп айтпай қысқасынан сездіретін Балаңның мінезі бар сөзге сараң: Кетер деп, «суға күлап, отқа түсіп», Қайгы жеп, менің үшін болма алаң!

Отырмын абақтының бөлмесінде, Бүйрықсыз көз жетеді өлмесіме. Есіктің қүлпы мықты, күзетші көп, Ажалдан басқа ешкім келмесіне.

Қоршаулы айналасы биік қорған, Берік қып салған темір терезесіне. Қалайша мүны көріп көңіл сенбес Аттанып жау келсе де бермесіне.

Қаламда «лаухүлмахбүз» үмытқан ба? Жазбапты бүл орынды көрмесіме, Қаңбақпен салмағың тең бұл бір заман, Лаж жоқ жол айдаса ермесіңе.

Тайпалған талай жорға, талай түлпар. Тағдырдың кез болып түр кермесіне.


Солардан жаным-тәнім ардақты емес, Орынсыз күйзелейін мен несіне?!

Әдебиет жанрының анықтамасы дәптерге көшіріледі. өлеңге талдау жасалады. Ақьшның бүл мысалынан алатын тәрбиені айта келіп сабақты қорытындылаймын.

Сабақтың қорытындысы: 1 .Сабақ соңында сүрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Окушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: Өлеңдердің қалағанын жаттап келу.