Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяттан үзінді.

Сабақтың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» хикаяттан үзінді. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларга Бердібек Соқпақбаевтың өмірі, шығармашылығы,
«Менің атым Қожа» хикаяттан үзінді жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгендеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
  2. Шығарманың мазмұнын сұрап, табиғат апатымен арпалыстың зардабы.
  3. Қосымша сұрақтар қою аркылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.
    б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың өмірі, шығармашылығы, «Менің атым Қожа» хикаяттан үзінді жайлы түсіндіремін.

Бердібек Соқпақбаев1924 жылы дүниеге келген, сегіз жасында жетім қалған ол әрдайым өз басынан өткен жайттарды жазумен айналысады.

«Өмірде адам басында болатын жайттарды, қиын-қыстау оқиғаларды тағдыр қабырғасы қатпаған қаршадай кезімнен аямай-ақ үстіме үйіп-төкті. Сегіз жасымда, бірінші сыныпта оқып жүргенде, шешем өліп, жетім қалдым. Колхоздастырудың алғашқы қиын жылдары болатын. Содан соңғы басымнан кешкендерді ойлай бастасам, осы күннің өзінде жүрегім қақ айырыла жаздайды. Япыр-ау, қалай тірі қалдым, осы күнге қалай жеттім?! «Өзім туралы повесть» осы толғаныстан туған дүние. Кейін оның аты «Менің атым Қожа» болып өзгертілді.

Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан, өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын, Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің езіме ұқсайды», — дейді автордың өзі.

Оқушылармен әңгімені мәнерлеп оқимыз.

Түсініксіз сөздер кездессе мағынасын ашып, дәптерлеріне жаздыру.

 

Сабақтың қорытындысы:

1 .Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: Шығарманы оқып, кейіпкерлерге мінездеме жазып, мазмұнын
    әңгімелеп кел