«Менің атым Қожа» повесіндегі «Ағаттықтың азабы».

Сабақтың тақырыбы: «Менің атым Қожа» повесіндегі «Ағаттықтың азабы». Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың өмірі, шығармашылығы,
«Менің атым Қожа» повесі жайлы толық мәлімет бере отырып оның әр тарауына тоқталу.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.


б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.


Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

 

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабакка дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Б.Соқпақбаевтың өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
  2. Шығарманың мазмұнын сұраймын.
  3. Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Бердібек Соқпақбаевтың өмірі, шығармашылығы, «Менің атым Қожа» повесіндегі жиырма үшінші тарау «Ағаттықтың азабы» жайлы түсіндіремін.

Сабақтың қорытындысы:

1 .Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: Шығарманы оқып, мазмұнын әңгімелеп келу.