Әдебиет теориясы
Сабақтың тақырыбы: Әдебиет теориясы Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға өткен тақырыптарға бойынша әдебиет теориясы
жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу.
- Кезекші мәлімдемесі.
- Журнал бойынша түгендеу.
- Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
- Б.Соқпақбаевтың өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
- Шығарманың мазмұнын сұраймын.
- Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.
- Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға өткен тақырыптарға бойынша әдебиет теориясы жайлы түсіндіремін
Хикаят туралы.
Хикаят (повесть)—баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарма түрі. Ол көлемі жағынан әңгімеден ұзақтау, романға жақындау болады. Бірақ романдағыдай қат-қабат шиеленіскен оқиғалар тізбегі бола бермейді. Мысалы, әңгімеде көбіне өмірдің бір мезеті, қысқа оқиғалар суреттелсе, романда аса күрделі әрі көлемді, бүкіл бір кезеңнің оқиғалары тұтастырыла суреттеледі.
Ал хикаяттағы оқиғалар жинақы, сюжеттік желі негізінен бір арнада өрістейді, кейіпкерлер саны да аса көп болмайды. Оған Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаятын жатқызуға болады.
Баллада туралы.
Орта ғасырда роман елдерінің (француз, испан, итальян) поәзиясында туып, қалыптасқан лириканың ерекше бір түрі—баллада—лиро-әпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең. Мұнда ақын өзінің көңіл-күйін, толғанысын жырлап қана тынбайды, сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді.
Балладаның мазмүны көбінесе тарихи шындық, оқшау фантастикалық хал, ерлік әрекет болып келеді. Баллада өзінің ұзақ даму тарихында талай өзгерістерге ұшырады: әуелде бір топ адам қол ұстасып, би билеп жүріп айтатын ән түрінде көрінсе, кейін сыршыл толғау, енді бірде асқақ әуенді арнау түріне ауысты. Баллада кейін барлық әдебиеттерге тараған.
Қазақ поәзиясында баллада жазу дәстүрі С.Ерубаевтан басталады.
Қазақ әдебиетінде оқиғалы өлеңдердің, кейбір нұсқаларын Қ.Жармағамбетов жасаған еді. Оның «Бидай туралы балладасын», сондай-ақ «Мүғалима», «Күзетші» деген балладаларын кезінде өлең сүйгіш қауым жылы қабылдаған.
Ғ.Мүсіреповтің «Жапон балладалары» қарасөзбен жазылған баллада деуге болады. Адамзат тарихында тұңғыш қолданылған атом бомбасының ауыр зардабын шеккен жапон халқының жан түршігерлік трагедиясын жазушы поәзиялық леппен, терең сыршыл сезімталдықпен жеткізе білген.
Типтік образ.
Көркем шығармада адамның өмірі, олардың өзара қарым-қатынастары, наным-сенімдері, ой-сезімдері, мінез-қүлықтары жинақтала суреттеледі. Бірақ жазушы шығармада өзіне белгілі бір адамның ғана сипатын көрсетіп қоймайды, сол адамның өмір сүрген кезіне, өскен ортасына дәл келетін көп адамдарға тән ең керекті, ең жиі кездесетін іс-әрекет, мінез-құлық, наным-сенімдерді жинақтап, бір адамға тән сипат етіп көрсетеді және солай болуы мүмкін екенідігіне оқушыларын сендіреді.
Көркем шығармадағы осындай жинақталған адам образын типтік образ деп атаймыз.
Көркем әдебиеттегі типтік бораздарға қарап отырып, белгілі бір уақыт пен ортадағы қоғамдык дамудың негізгі және шешуші сипатын байқауға болады. Айталық, қазақ қоғамының өткен ғасырдағы ұнамды касиеттерінің бір алуанын М.Әуезов Абай тұлғасына шоғырлап тұтастыра білген. Сонымен катар Абайдың басқа ешкімге ұқсамайтын дара тұлғасын бейнелеген. Демек, оның типтік образ ретіндегі кесектігі де, күрделілігі де осындай «жалпы» мен «жалкының» бірлігінде деп білген жөн.
Сабактың қорытындысы:
1 .Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.
- Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
Үйге тапсырма: Әдебиет теориясын жаттау