Мұқағали Мақатаев «Елім барда», «Анау—аспан, мынау—бақ» өлеңдері

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Елім барда»,

«Анау—аспан, мынау—бақ» өлеңдері. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға Мұқағали Мақатаевтің өмірі, шығармашылығы, «Елім барда», «Анау—аспан, мынау—бақ» өлеңдері жайлы толық мәлімет беру.


ә) дамытушылык: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабак.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабактың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.


Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а)  Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгендеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сүрау.

  1. М.Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
  2. Қалаған өлеңін жатқа сұраймын.
  3. Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Мүқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы, «Елім барда», «Анау—аспан, мынау—бақ» өлеңдері жайлы түсіндіремін.

Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

 Халқымның өзі айтқанын қайталадым,

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын, —

деп ақынның өзі айтқандай, Мұқағали мен халықтың арасында рухани-табиғи байланыс мықты.

Атырауға барсаң да, Арқа мен Алтайға барсаң да алдыңнан Мүқағали шығады. Біресе сәбише шаттанып, біресе қайғысын қара жер де ауырсынғандай кейіпте, енді бірде ақылы мен сезімін көзінен ғана ұқтырған сәл мұңдылау түрінде қарсы алдыңда батыр түлғасымен қасқая қарая тұрғандай. Мұнайшы да Мұқағали әнін салады, балықшы да, малшы да Мұқағали жырларымен айта алмай жүрген ойларын жұртқа естіртеді. «Әу» деп ән салатындардың айта алмай жүрген ойларын жұртқа естіртеді. «Әу» деп ән салатындардың бәрі Мүқағалидың сөзіне әуен шығарады. Тарбағатай мен Атырауда, Баянауыл мен Қазығұртта жүрсе де, қазақ атаулы желісіне үйірілген құлындай Мұқағали жырымен табысып, шұрқырасып жатқаны. Нағыз өнер құдіреті деген осы. Мұндай ақыны болған халық — бақытты халық.

Фариза Оңғарсынова Елім барда.

Не сыйлайды, не береді келер күн?!

Не де болса тірі тұрсам көрермін.

Желідегі қлынымын мен елдің,

Көгендегі қозысымын мен елдің.

Не сыйласын, несін берсін ел маған?! Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман. Таулар — менің таусылмайтын бақытым, Ал ырысым — үлан-ғайыр кең далам.

Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты?

Оларды іздеп өткізбеймін уақытты. Мен бақытсыз бола қойман сірә да, Туған елім болса екен бақытты!

Анау — аспан, мынау — бақ

Анау — аспан, мынау — бақ, Аспанда бұлт, бақ жадау. Мамық ұшты қылаулап,

 Қыс та келіп қалған-ау.

Аспан жердің арасын, Дәрігер қыс алуда, Табиғаттың жарасын

 Ақ дәкемен таңуда.

Тоңдырып ап маңдайын Тағы көйлек сұрап жүр. Бақты кезіп, тал-кайың Жалаң аяқ жылап жүр.

Қу бұтағын құшақтап, Түксиеді кәрі емен.

Қыс — тазалық, қыс — аппақ, Әрі өкініш, әрі өлең.

Сабақтың қорытындысы:

 1 .Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: Өлеңдердің қалағанын жаттап келу.