Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп

Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есеп

 

Кітап – ғылым, тілсіз мұғалім


(мақал-мәтел)

 

«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» атты тақырыпта семинар сабағымды өткіздім. Бұл тақырыпты алу себебім: қазіргі таңда мұғалімдерді оқушыларға кез келген заттарға сыни тұрғыдан қарауға үйрету. Балалардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту жолдарына көңіл аударуға, өз құрбылары және  мұғалімдермен сұхбаттасуда өз көзқарасын айту және қорғай алуға үйрету мақсатында алдым.

Бұл тақырып Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік, сол бебепті оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. («Мұғалімдерге арналған нұсқаулық», 43 бет)

Бұл модуль бойынша:


  • ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға;
  • қарсы пікір айтуға;
  • баламалы шешімдерді қабылдауға;
  • ойлау және іс-әрекетімізге жаңа тәсілдерді енгізуге дайын болуға;
  • ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге;
  • басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулиды.

Мен үшін маңыздылығына келетін болсам, болашақ мұғалімдерді оқытудағы жаңа тәсілдерді  үйретіп, болашақта «Егер қоршаған ортаңды өзгерткің келсе, алдымен өзің өзгер» деген қағиданы ұстай отырып жұмыс жасаса деген оймен бұл сабағымды өткіздім.

осы  модульдердің ішінен СТО модулін жеке коучинг семинар сабағы ретінде өткіздім. Бұл сабақты өткізуде алға қойған мақсатым-  мұғалім мен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік  арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған. Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы түрлі жастағы топтарда қадағаланатын балалардың жауаптары мен оқыту үдерісі туралы ойлануы арқылы дамыту.

Оқу нәтижесі: жас ерекшелігін ескеріп, балалардың уақыт пен кеңістік туралы сыни тұрғыдан ойлауын дамыту бойынша одан әрі қабылданатын іс-әрекеттерді жоспарлауға, сыныпта  оқытуды жақсартуға қажетті диалогтің сипаты туралы сыни тұрғыдан ойлауға көмектесу.

  • Сабағымды алдымен ұйымдастыру бөлімінен – тренинг өткізе отырып бастадым. Бөліктерге бөлінген 4 сурет берілді және ол суретті құрастыра отырып өз жұптарын тапты. Содан топ құрылды. 11 мұғалімдерді 3 топқа бөле отырып, оларға  скрепканы көрсетіп

-Бұл не?

— Не үшін қолданады? деген сұрақ қойылды. Әр топ сұраққа жауап берді. Әр мұғалім әр түрлі ойларын айтты. Мысалы, скрепканы шашка заколка ретінде пайдаланады деген сияқты жауап айтылды.  Бұл тапсырмадан не түйгені туралы ойларын айтты, яғни осындай тапсырма арқылы мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын тексердім және бүгінгі тақырыбымызды аштым. Балаларға да осындай тапсырма берілсе өте тиімді болатынын және сыни тұрғыдан ойлау жағынан пайдасы зор екенін айта кеттім.

СТО тақырыпты презентация арқылы түсіндірдім. СТО мақсаты мен міндетін және маңызын, күтілетін нәтижесін  түсіндіріп өттім.

СТО-ға байланысты тапсырма берілді. Бейнежазба көрсетілді. Бейнежазбаны көріп өз ойларын, пікірлерін айтты. Бір жағдайға байланысты сыни тұрғыдан ойлауда адамдар әр түрлі көзқараста болады екенін байқайды.

СТО құралдарын презентация арқылы таныстырып, үлестірмелі материал ретінде оларды тараттым. 8 құралдарын оқи отырып, мұғалімдер олардың тиімді және тиімсіз жақтарын ортаға салып талқылады. Оларға түсініксіз болғаны  «Алты ойлай қалпағы». Оны қалай қолдануға болатынын түсіндіріп өттім. Кейбір кұралдарды сабақта қолданатынын мұғалімдер айта кетті. Блум таксономиясының кезеңдеріне байланысты сұрақтар қойылды.

СТО бойынша 2 сурет берілді. Суретке қарап не көріп тұрғанын және өз ойларын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып өз ойларын жеткізді. Бұл тапсырманы өте жақсы орындады. Бұл тапсырма бойынша барлық мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлау жағынан өте жоғары болды.

  • Барлық берілген тапсырма бойынша мұғалімдер белсенді қатысты. Бірақ бірінші күннен көрі, екінші күні мұғалімдер аз қатысты.
  • Сурет бойынша ойларын айтқан кезде, әр түрлі қызықты пікірлер айтылды. Арасында күліп те алдық. Сабағымда топқа бөлуге байланысты берілген тапсырма және басқа берілген тапсырманы талдау жақсы өтті.
  • Берілген уақыттың аздығына байланысты постер жасатуға үлгере алмадым. Бір жағынан мұғалімдердің де постер жасауға құлшынысы болмады. Олардың эмоцияларына қарап постер жасатуға менің де көңілім түсіп кетті. Жаңа оқу жылы, барлығы шаршап отырғандықтан шығар, постердан бас тартты.