Талап Сұлтанбеков «Ғажайып планета»

Сабақтың тақырыбы: Талап Сұлтанбеков «Ғажайып планета». Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға Талап Сұлтанбековтың өмірі, шығармашылығы,
«Ғажайып планета» әңгімесі жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.


б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.


Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а)  Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Ш.Мұртазаның өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
  2. «Тұтқын бала» шығармасының мазмұнын сұраймын.
  3. Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылау.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймы

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Талап Сұлтанбековтың өмірі, шығармашылығы, «Ғажайып планета» әңгімесі жайлы түсіндіремін.

Талап Сұлтанбеков 1930 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Алғашқы шығармаларын спорт тақырыбына арнаған.

Ғылыми қиял (фантастика) жанрына қалам тартып жүрген жазушы шығармаларының тақырыбы сан алуан. Жасөспірімдерге арналған «Көшпелі алтын», «Жүрек тулайды», «Жұлдыз ай», «Лұқпан Хакім», «Тізгін», «Темір еліне саяхат» әңгімелері оқушыны қиялға, арманға жетелейді. Ол өз оқырманын ғылымның табиғи сырына үңілуге, адам миы арқылы оның құдірет күшін танып білуге, тіпті оны тізгіндеп бағындыруға да болатынын айғақтайды.

Талап Сұлтанбеков—тұңғыш рет қазақ тілінде «Дойбы деген не?», «Дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ» атты көмекші кітап жазған споршы, қазақ әдебиетінің тарихында ғылыми фантастика жанрына тұңғыш рет қалам тартқан жазушы.

Талап Сұлтанбековтын өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беріп болған соң, «Ғажайып планета» әңгімесінің мазмұны жайлы толық түрде түсінік беремін.

Сабақтың қорытындысы:

1 .Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: Шығарманы оқып, мазмұнын әңгімелеп келу.