«Ғажайып планета» әңгімесіндегі бөгде планетадағы тіршілік.

Сабақтың тақырыбы:«Ғажайып планета» әңгімесіндегі бөгде планетадағы тіршілік. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға Талап Сұлтанбековтың өмірі, шығармашылығы,
«Ғажайып планета» әңгімесіндегі бөгде планетадағы тіршілік жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.


б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.


Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а)  Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгендеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Т.Сұлтанбековтың өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
  2. «Ғажайып планета» шығармасының мазмұнын сұраймын.
  3. Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылау.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Талап Сұлтанбековтың өмірі, шығармашылығы, «Ғажайып планета» әңгімесіндегі бөгде планетадағы тіршілік жайлы түсіндіремін.

Талап Сұлтанбековтың өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беріп болған соң, «Ғажайып планета» әңгімесінің мазмұны жайлы толық түрде түсінік беремін.

Сабақтың қорытындысы:

І.Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: Шығарманы оқып, мазмұнын әңгімелеп келу.