Бүгінгі күннің ата-анасы қандай болу керек?

Жиналыстың тақырыбы: Бүгінгі күннің ата-анасы қандай болу керек?

Мақсаты: 1 Ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру.

  1. Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету.

3 Баланың мейірімді,сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп,өсу жолдарын бірлесе қарастыру.Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Түрі: пікірталас
Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер
Жиналыстың барысы:
-Армысыздар құрметті ата-аналар .
Бүгінгі «Оқыту мен оқудағы өзгеріс не үшін қажет?» атты мектепшілік ата-аналар жиналысының  іс-шарасы  аясында өтіп жатқан «Бүгінгі күннің ата-анасы қандай болу керек?» атты пікірталасымызға қош келдіңіздер!
«Шаттық шеңбері»  Жүректен жүрекке -тренинг /Ата-аналар шеңбер жасап,ортаға келіп тұрады. Қолдарында  түрлі түсті қағаздан қиылған кішкене жүрекшелері бар. Жүрекшелерді бере отырып,жақсы лебіздерін білдіреді/


-Бәріміздің тілегіміз қабысып,жүректен-жүрекке жылы лебізіміз жетіп тоғыссын. Әр ата-ана өзіне тиген жүрекше түсіне орай топқа бірігіп отырады.            «Бүгінгі күннің ата-анасы қандай болу керек?»  тақтаға сызбасын салу /ассоциация құрастыру/.

Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі  елдің болашағы . Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім, ата-ана, қоғамның орны бөлек.Осы жайында бүгінгі пікірталаста осындай тақырыптарды алып отырмыз. Жиналысқа қош келдіңіз.

-4 түрлі тапсырманы топтар кезегімен суырады.

«Өз балаңыздың жақсы жетістіктерге жетуінде ата-ананың рөлі» -1 топқа.

«Баланың мектепте өзін жайлы  сезінуінде ата-ананың рөлі»-2 топқа

«Мектептен балаңызға қандай қолдау күтесіз?-3 топқа

«Балаңыздың тарапынан құқық бұзушылық болған жағдайда (күш көрсету,зорлық) сіздің әрекетіңіз?-4 топқа


Олай болса «Адамның бақыты балада», «Бала — адамның бауыр еті» дейді. Осы бір атамыздан қалған сөзді басшылыққа ала отырып өз ойыңызды ортаға салсаңыз. Осы сұраққа жауап беру үшін  5 минут уақыт дайындыққа беріледі.Алдарыңда құрал-жабдықтар бар (постермен жұмыс)

І.«Өз балаңыздың жақсы жетістіктерге жетуінде ата-ананың рөлі» —1 топ жауабы тыңдалады.

Рақмет жауабыңызға. Дұрыс айтасыз ,жақсы айттыңыз. Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу — біздің қоғамның басты мәселесі.Бұл туралы ойшыл Абай «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата-анасынан, екінші – ұстазынан, үшіншісі — құрбысынан» деген екен.Ұлы Абайдың өзі де бірінші ата-ананы қойып тұр.
ІІ. Баланың мектепте өзін жайлы  сезінуінде ата-ананың рөлі  -осы сұраққа жауап беру үшін 2топты  шақырсақ.
Бала мектепке келді , баланың мектепте өзін жайлы  сезінуінде ата-ананың рөлі   туралы айтып берсеңіз.
«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» дейді халқымыз. Иә, ұрпақтың тәрбиесі — қоғамның болашағы және оған аса зор жауапкершілікпен қарау — әрбір саналы азаматтың борышы.
Рақмет жауабыңызға.Қазіргі жас өркен мемлекетіміздің болашағы. Сондықтан да, балаға-бір отбасының ұрпағы деп емес, бар қазақтың баласы деп қарау керек сияқты.
ІІІ.«Мектептен балаңызға қандай қолдау күтесіз?-3 топқа

Ұлы Абай атамыз: «Баланың ең алдымен ата-анасы, сосын ұстазы, сонан кейін қоршаған ортасы тәрбиелейді» деген екен.Сонымен біздің ата-аналарымыз мектептен балаңызға қандай қолдау күтеді екен ? сұраққа жауап беру үшін келесі топ мүшелерін ортаға шақырсақ.

Жиналысқа қош келдіңіз! Сіз қалай ойлайсыз? ХV ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Локк: «Баланың ақылы да, жаны туғанда ақ қағаздай болып туады.Ақ қағазға қандай жазу жазса да, жазушының өз еркінде.Сол сияқты балаға тәрбие беру тәрбиешіден.Бала қалай тәрбиеленсе,соған көне береді» деген екен.Сондықтан ұрпақтың тәрбиесі өзіміздің қолымызда.Соны уысымыздан шығарып алмауымыз керек.
ІY.«Балаңыздың тарапынан құқық бұзушылық болған жағдайда (күш көрсету,зорлық) сіздің әрекетіңіз?-4 топқа

Әрбір ата-ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасына сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі-өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн.Ұлы педагог А.С.Макаренко: «Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен,оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде,балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі,өнеге көрсетуінде» деген екен.Сондықтан жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата-ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады.Ағашты қалай қисайтсаң солай өседі.Сондықтан балада ағаш сияқты. Қалай өсірсең солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата-ананың қолында дегім келеді.
Жауабыңызға рақмет.Тағы да өз ойын айтатын қонақтарымыз бар ма екен?

Айтылып жатқан пікірлер өте дұрыс.Егер тәрбиелеп отырған балаларымыз қоғамға пайдасын тигізіп жатса.Мектеп өміріне араласып өз көмегін аямаса сол ата-ана үшін бұдан артық бақыт жоқ деп ойлаймын. Атақты Ескелді би былай деген екен: «Адамның басшысы — ақыл, шолушысы — ой, жетекшісі — талап, қорғаушысы — сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны — арман, ең қымбаттысы — ар сақтау, бәрінен ардақтысы — өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі — сыйластық» деген екен.Олай болса мен айтар едім өмірде сыйластықтан артық ештеме жоқ деп.   Ата-аналарға кеңес (топ мүшелері өздері оқиды)

Y.Рефлексия. – Жиналыс  ұнады ма? Жүрекшелерге тілек жазу.

  • Өзіңізге маңызды қандай ақпарат алдыңыз?
  • Алдағы жиналыста қандай талдау ұсынасыз ?

«Жансыз жүректі жандандырайық» тренингі

Мен өзімнің сөзімді Абайдың 7 қара сөзімен аяқтағым келеді.
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар –тәннің құмары, бұлар болмаса , тән жанға қонақ үй бола алмайды.Және өзі өспейді, қуат таппайды.
Біреуі — білсем екен дейді.Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай — керней болса,дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «Ол немене?», «Бұл немене?» деп, «Ол неге үйтеді?», «Бұл неге бүйтеді?» деп,көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді.
Мұның бәрі — жан құмары,білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген ұлы Абай.
Сондықтан өмірге келген баланың білсем,көрсем, үйренсем деген талпынысына шек қоймай үйретеміз.Енді оған тек қана ата-ана ғана емес қоршаған орта қоғам, мектептің ықпалы өте қажет.Сондықтан қоршаған орта, мұғалім , ата-ана болып өмірге келген баланың тәрбиесіне ат салысайық,  және солай боларына сенейік.

Рақмет