Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі

Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға Сайын Мұратбековтің өмірі, шығармашылығы,

«Қылау» әңгімесі жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Т.Сұлтанбековтың өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
  2. «Ғажайып планета» әңгімесінің мазмұнын сұраймын.
  3. Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылау.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймы

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Сайын Мұратбековтың өмірі, шығармашылығы, «Қылау» әңгімесі жайлы түсіндіремін.

Сайын Мұратбеков 1936 жылы Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында дүниеге келген.

«Менің қарындасым», «Ауыл оты», «Көкорай», «Жабайы алма», «Жусан иісі», «Басында Үшқараның», «Дос іздеп жүрмін», «Кәментоғай» сияқты әңгіме-хикаяттар жинақтарының авторы.

Сайын Мұратбеков шығармаларында соғыстан кейінгі қазақ ауылының тыныс-тіршілігі шынайы да көркем суреттеледі. Оның кейіпкерлерінің жан дүниесі романтикаға толы, сыршыл болып келеді.

«Қылау» әңгімесінде балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріндегі адалдық, сезімталдық, бауырмалдық, қайырымдылық қасиеттер суреттеледі. Сайын шығармаларының басты тақырыбы—адамгершілік, жан дүниесінің сұлулығы.

Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беріп болған соң, «Қылау» әңгімесінің мазмұны жайлы толық түрде түсінік беремін.

Сабақтың қорытындысы:

І.Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.