What’s your name?

Сабақтың тақырыбы: What’s your name?

Сабақтың мақсаты: «What’s your name?» сұрағын қоюды үйрету. Оқушыларды ағылшын тілінің [Ө], [w] ерекше дыбыстарымен таныстыру. 1-5 дейін сан есімдерін үйрету.

 


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру сәті

Оқушылармен амандасу, кезекшімен әңгіме

Hello, children. I’m…… . Sit down, please.

 

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

-балалар (children) , бүгін біз «Аты кім?» — «What’s your name?» сұрағын қоюды және оларға жауап беруді үйренеміз: «My name is …..». ағылшын тілінде 1-5 ке дейін санауды үйренеміз.


ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс

Мұғалім өзі «What’s your name?» деген сұрақты қойып және оған жауап береді: «My name is …..».

Мұғалім оқушылардың назарын ағылшын тіліндегі [w] ерекше дыбысының дұрыс артикуляциясына аударады.

«Құмырсқаның илеуі» дидактикалық ойыны.

Оқушылар жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойып, барынша сыныптастарының көпшілігімен танысады.

Hello, what’s your name?

Hi my name is Miras.

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Listen to your teacher and repeat.   

2-жаттығу.

Енді өлең тыңдаймыз. Өлеңді қайталату, бірге айтқызу.

 

Hello! Hello!

What’s your name?

What’s your name?

My name is…

My name is….

 

4-жаттығу Listen and learn

Оқушылар 1-5 дейін сандармен танысады. Ағылшын тіліндегі аудармаларымен танысады.

One, two, three, four, five.

 

Сергіту сәті.

Hands up! Hands down!

Shake! Shake!

Stand up! On tha tiptoes

Turn around. Step aside,

Step left! Step right!

 

Дәптермен жұмыс

1-жаттығу. Find and tick.

2-жаттығу. Count and trace over the number.

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сендер  не үйрендіңдер? Сабақ соңында ата-аналарыңа не айтар едіңдер? Бүгінгі танысқан сөздерімізді есімізге түсірейік. Бүгін «Сенің атың кім?» және «Менің атым……………» сұрақ қойып, жауап беруге үйрендік.

-Енді біз сабақтың басында үйренген әнді қайталаймыз. Бұл ән адамдар бір-бірімен амандасқан кезде айтылатын сөздерді еске сақтауға көмектеседі. Менің соңымнан қайталаңдар.

 

Өте жақсы! Сендер бүгін жақсы жұмыс істедіңер. Well done, children!

Ал енді қоштасамыз:  Goodbye!