Hello ағылшын тілінен амандасу сабақ жоспары

Сабақты тақырыбы: Hello

Сабақты мақсаты: «Шет тілі», «ағылшын тілі» ұғымдарын қалыптастыру, атап айтқанда – тілдік коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру.

 


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру сәті

Оқушылармен амандасу, кезекшімен әңгіме

 

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

-балалар, біз сендермен бірге жаңа «Ағылшын пәнін» оқитын боламыз. Бүгінгі сабақта ағылшын тілінде қай елдер сөйлейтінін білеміз, кейбір дыбыстармен және ағылшын тілінде бір-бірімізбен сәлемдесуді үйренеміз.

 


ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс

-Балалар, Ақылды Қарға бізге ағылшын тілін үйренуге көмек көрсетеді. Mr Wise Crow! Ол бізге Англияның, Лондон қаласынан ұшып келді. Ол өте ақылды және күрделі ағылшын дыбыстарын меңгеруге көмектеседі.

Mr Wise Crow бізді Лондонға серуендеуге шақырды /еі/, /еі/, /еі/. Ал енді, балалар, сендердің кезектерің келді. Ақылды Қарғаның артынан дыбыстарды қайталаңдар.

Now you. Pepeat after Mr Wise Crow: /еі/, /еі/, /еі/ . Өте жақсы балалар. Well done, children!

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Listen to your teacher and repeat.   

-Суретке қараңдар. 1 қыркүйекте қандай мерекені атап өтеміз?  Суретте кімді көріп тұрсыңдар?

Good morning, I’m a teacher!- Сәлеметсіздер ме, мен мұғаліммін!

Repeat after me: Good morning!

Әдетте таңертең ересек адамадарға «Good morning» дейміз, бірақ бір-бірлеріңе “Hi”  немесе“Hello”  деуге болады. Бір-бірімен амандасыңдар.

Hello, I’m Alibek!-Сәлеметсіз бе, менің атым Әлібек!

Repeat after me: Hello, I’m Alibek!-

Танысу үшін: Who are you?деген сұрақ қойыңдар. Менің сұрағыма жауап беріп көріңдер:  – I am Anar .

 

2-жаттығу.

Енді өлең тыңдаймыз. Өлеңді қайталату, бірге айтқызу.

 

Track3

-Hi! I’m Anar. I’m a girl.

-Hi! I’m Olga. I’m a girl.

-Hello, I’m Alibek. I’m a boy.

Hello, I’m Misha. I’m a boy.

 

Сергіту сәті.

Hands up! Hands down!

Shake! Shake!

Stand up! On tha tiptoes

Turn around. Step aside,

Step left! Step right!

 

Дәптермен жұмыс

1-жаттығу. Суретті аяқта және айт.

2-жаттығу. Оқушылар сурет салып, өздерінің есімдерін айтады.

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сендер қай елдерде ағылшын тілінде сөйлейтінін, ағылшын тілі халықаралық тіл екенін білдіңдер. Сабақта өзің үшін тағы қандай жаңалық аштың? Сабақ соңында ата-аналарыңа не айтар едіңдер? Бүгінгі танысқан сөздерімізді есімізге түсірейік. Сонымен бірге өз атымызды ағылшын тілінде айтып үйрендік.

-Енді біз сабақтың басында үйренген әнді қайталаймыз. Бұл ән адамдар бір-бірімен амандасқан кезде айтылатын сөздерді еске сақтауға көмектеседі. Менің соңымнан қайталаңдар.

Өте жақсы! Сендер бүгін жақсы жұмыс істедіңдер. Well done, children!

Ал енді қоштасамыз:  Goodbye!