Әбділда Тәжібаев «Толағай» сабақ жоспары

Сыныбы: 5 сынып

Сабақтың тақырыбы:         Әбділда Тәжібаев  «Толағай»

Сабақтың мақсаты:

  1. Автор туралы қысқаша мағлұмат беру;

«Толағай» әдеби ертегінің мазмұны, идеясымен таныстыру.

  1. Әдеби ертегіні халық ертегісінен ажырата білуге үйрету,

талдай білуге, өзіндік ойын дәлелдей, тұжырымдай білуге

жетелеу, мәнерлеп оқуға машықтандыру;

  1. Елге, Отанға деген патриоттық сезімдерін оятып,

сүйіспеншілігін арттыру.

 

Сабақтың әдісі:  әдеби ертегіні талдау жеке тапсырмалар орындау, салыстыра

талдау, мәнерлеп оқу.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

    Оқушылардың сабаққа қатынасуын, сынып тазалығын, сабаққа әзірліктерін бақылау.

 

ІІ. Өткенді пысықтау.

    Балалар, «Қайталау – білім анасы», өткен тақырыптарды сұрақ – жауап әдісі арқылы пысықтап алайық.

 

ІІІ. Сұрақтар мен тапсырмалар.

Қызығушылықты ояту.

      «Ой қозғау»

  • Ертегі ауыз әдебиетінің қандай жанрына жатады?
  • Ең көне ертегілердің қандай түрлерін білесіз?
  • Ертегілерде қандай оқиғалар баяндалады?
  • Ертегілер қалай айтылады?
  • Ертегінің неше түрі бар?
  • Қандай ертегілерді білесіңдер?

 

 

хайуанат

қиял – ғажайып

шыншыл

үш түрі бар                                                    көне жанр

 

қарасөз түрінде                                              тілі көркем,

айтылады                                                      қарапайым

түсінікті жеңіл

 

 

Ойдан шығарылған                 авторы жоқ

ІҮ. Жаңа сабақ

 

Өмірі мен шығармашылық жолын түсіндіру.

 

Әбділда Тәжібаев – туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі. Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келді. Әбділда әкесінен жастай жетім қалып, бірыңғай ана тәрбиесінде болады. Ауылда оқып хат таниды. 1923 жылы Қызылордадағы интернатқа орналасады. Болашақ ақын талантының көзі осында ашылды десе де болады. Ауыз әдебиеті мен Орта Азия халықтары әдебиетінің үлгілерін жақсы білген шешесі Аймангүл Әбділданы поэзияға ынталандырып өсіруге бала кезінен елеулі ықпал көрсеткен.

Ауылда жүріп жас бала анасынан көптеген жыр – дастандар естіп, миына, жүрегіне сіңіреді.

Ә.Тәжібаев әдебиетті зерттеумен айналысты, оның «Күй атасы», «Ақын» «Портреттер» деп аталатын дастандары мен поэмалары бар. Шығармалары жоғары бағаланып, «Октябрь Революциясы» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен 2 рет, «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталды.

 

Ә.Тәжібаевтың 80 жасқа келгендегі берген сұқбатынан.

 

— Мен көзімді ашқаннан бері жетім атанып, Қызылорданың /ол кезде Ақмешіт деуші едік/ В.И.Ленин атындағы интернатына алындым. Сонда 1921 жылы комсомол ұйымына мүше болдым. Билетімнің нөмері әлі күнге дейін есімде – 10931 болатын. Қызылордада пионер ұйымы 1923 жылы ашылды да, мен комсомол ячейкасының хатшысы бола жүріп, пионер ұйымына да мүшелікке өттім. Бала болғасын ба, маған комсомолдан гөрі пионерлер өмірі, олардың сыртқы сұлу бейнесі қатты ұнайтын. Мойныма алқызыл галстук тағып, «Әрқашан дайынмын!» деп салют беру мен үшін үлкен қуаныш болатын. Мүмкін, достықты, туған Отаны мен ана тілімді құрметтеуім, олардың қадірін түсіне бастауым сол пионерлік кезден басталған болуы керек.

 

  • Аңыз дегеніміз не?
  • Аңыз туралы не білеміз?

 

 

Шындық пен қиял                                                     ол батыр, би, құрметті адам

ғажайып оқиғалар                                                      болуы мүмкін

араласып келедіол

 

 

тарихта болған адамны                                                  ауыз әдебиеттің бір саласы

басына құралады

іс — әрекетіне байланысты туады

Әдеби ертегілер.

 

әділетті болу          еңбек адамын қадірлеу        ертегінің бір саласы

 

 

 

 

өлең, қарасөз түрінде                                                        авторы бар

айтылады

 

 

аңыз негізінде туған                                       ауызша айтылады

 

Салыстыру.

 

Халық ертегілері                                                              Әдеби ертегілер

 

Көптік                               авторы                           жеке

 

Ауызша                            таралуы                         жазбаша

 

Көп                                 вариантты                 бір вариантты, сюжетті, тұрақты

 

Нақты бір                     кейіпкерлері               жеке, дара

бейнеге құрылған

 

белгісіз                       уақыты                        белгілі

 

Ертегіні оқу.

 

Сурет бойынша ертегінің мазмұнын түсіндіру.

Ертегіні талдау.

Ертегіні бөлімдерге бөлу.

 

  1. Ата мен ананың қуанышы.

А) Толағайдың дүниеге келуі

Ә) Жас нәрестенің күн санап өсуі.

Б) Толағайдың батыр тұлғасы.

 

  1. Саржанның өлімі.

А) Әкесі мен баланың аң аулауға шығуы

Ә) Толағайдың ұйықтап кетуі.

Б) Жолбарыспен айқас.

 

 

 

  1. Толағай – ел мақтанышы.

А) Ел ішіндегі күйзеліс.

Ә) Толағайдың айласы.

Б) Ел үшін жан пида.

 

Жаңа сабақты бекіту.

Толағай бойындағы қасиеттерді топтастырып көрейік.

 

әдемі         елін ойлайды         бала

 

 

 

аңшы                                                       мерген

 

 

ақылды                                             күшті

 

жанашыр                    алып

 

Үйге тапсырма:

Ертегіні мазмұндау.

Ерлік – батырлық туралы мақал – мәтел.

«Ел үшін жан пида» мәтін жазу.