«Қылау» әңгімесіндегі Сатай мен Рабиға

Сабақтың тақырыбы: «Қылау» әңгімесіндегі Сатай мен Рабиға. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға Сайын Мұратбековтың өмірі, шығармашылығы,
«Қылау» әңгімесіндегі Сатай мен Рабиға жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.


б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.


Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. С.Мұратбековтың өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын,
  2. «Қылау» әңгімесінің мазмұнын сұраймын.
  3. Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылау.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймы

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Сайын Мұратбековтың өмірі, шығармашылығы, «Қылау» әңгімесіндегі Сатай мен Рабиға атты кейіпкерлер жайлы түсіндіремін.

Сайын Мұратбековтың өмірі мен шығармашылығынан қысқаша мәлімет беріп, «Қылау» әңгімесіндегі басты кейіпкерлер жайлы толық түрде түсінік беріп болған соң оқушыларды кейіпкер бейнесіне кіргізіп өз ойларын айтқызамын.

Сабақтың қорытындысы:

І.Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  2. Үйге тапсырма: Шығарманы оқып, мазмұнын әңгімелеп келу.