Үндістан сабақ жоспары

Сыныбы: 8 дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §6. Үндістан

Сабақтың мақсаты:


  • Ұлы Моғол мемлекетіне және оның билігіндегі Үндістанның дамуына, ондағы халықтар мен ұлыстардың әлеуметтік саяси жағдайына сипаттама бере отырып, халық көтерілістерінің нәтижесінде ХҮІІІ ғасырдың ортасына қарай Моғол мемлекетінің Үндістандағы билігінің құлауын ашып көрсету. Үндістанды еуропалықтардың, әсіресе ағылшындардың жаппай отарлап алуы және оның зардаптары туралы түсінік беру;
  • Лекция жазғыза отырып, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, картамен жұмыс жасай білуге дағдыландыру;
  • Өзге елдің тарихын қастерлей отырып, өз елінің тарихын қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас,лекция.

Әдісі: баяндау.

Көрнекілігі: Карта,сызба,кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп, түгелдеу
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Миға шабуыл


  • XVIII ғасырда қытай неліктен оқшаулану саясатын ұстанды?
  • Қазақ-қытай байланыстарының негізгі бағыттары?
  • Қазақ-қытай саудасы қалай дамыды?
  • Маньчжур мемлекеті Қытайды қалай басып алды?

4-5 оқушыдан ауызша сабақ сұрау

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХҮІІ ғасырдың екінші жартысындағы Ұлы Моғол мемлекеті.
  2. Үндістанда тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы. Сикха және Маратха мемлекеттері.
  3. Ұлы Моғол империясының ыдырауы. Халық көтерілістері.
  4. Үндістанды еуропалықтардың отарлай бастауы.
  5. Үндістанның экономикалық дамуы. Ауыл шаруашылығы, қолөнері мен қалалардағы сауданың дамуы.
  • Маңызды оқиғаларды дәптерге түсіру
  • ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.- Ұлы Моғол мемлекетінің Үндістандағы билігі (1526-1758жж.)
  • ХҮІІІ ғ. ортасы – Ұлы Моғол мемлекеті билігінің құлауы
  • 1756-1769 жж.-Француз және ағылшындық Ост-Үнді компанияларының Үндістан үшін болған Жетіжылдық соғысы.
  • 1773 ж.- Үндістанды билеу жөнінде ағылшын үкіметі заң қабылдады.

ІV. Сабақты бекіту.

Сұрақ-жауап

  • Ұлы Моғол империясының құрамына Үндістанның қандай ірі аймақтары мен халықтары кірді?
  • Касталық жүйе деген не?
  • Моғол империясы ыдырағаннан кейін қандай үнді ұлсытары пайда болды?
  • Үнді қалалары ортағасырлық батысеуропалық қалалардан несімен ерекшеленді?
  • Ұлы Моғол империясының өмір сүрген кезеңінде мұсылман мен үнділердің арасында қандай қарым-қатынастар болды?
  • ХҮІ-ХҮІІІ ғасырларда Үндістан аумағында қандай мемлекеттер өмір сүрді?

«Үндістан секілді үлкен мемлекеттің ағылшын отаршылдығына түсуіне не себеп болды?» пікір алмасу

  1. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: §6.Үндістан