Жарықтың интерференциясы Жарықтың дифрациясы Дифракциялық тор Жарық дисперсиясы Жарықтың поляризациясы

 

Сабақтың тақырыбы: § 4.3-4.7  Жарықтың интерференциясы Жарықтың дифрациясы Дифракциялық тор Жарық дисперсиясы Жарықтың поляризациясы

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Оқушыларға аталған тақырыптар бойынша негізгі түсініктерді беру; оларды зерттеу әдістері туралы мағлұматтармен таныстыру

Дамытушылық: Өз бетімен ізденіп білім алу қабілеттерін кеңейту; барлық зейінін, зейінін, назарын сабаққа аудару

Тәрбиелік: жауапкершілікке, тиянақтылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа білімді игерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау

Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты плакаттар, тест жұмысы

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану бағытындағы пәндер


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

а) сәлемдесу

ә) кезекшімен жұмыс

с) оқушылар назарын сабаққа аудару

  1. Өткен тақырып бойынша алған білімдерін айқындау

Тест жұмысы

  1. Жарықтың корпускулалық теориясын жасаған ғалым кім?

А) М.В.Ломоносов   В) В. Франклин   С) И.Ньютон   Д) О.Френель   Е) Т.Юнг

  1. Жеке кванттар түрінде сәуле шығаратын және жұтатын электромагниттік толқындар

А) жарық     В) толқын    С) тербеліс    Д) сәуле    Е) жылу

  1. Толқындық қозғалыс кезінде кеңістіктің бір аумағынан екінші аумағына не тасымалданады?

А) жарық  В) толқын   С) энергия   Д) сәуле   Е) жылу

  1. Бір-бірімен байланысқан айнымалы электр және магнит өрістерінің кезекпен өзгеруі

А) электромагниттік толқындар   В) механикалық толқындар  С) электромагниттік тербелістер

Д) инфрадыбыстар      Е) рентген сәулелері

  1. Жиілігіне және толқын ұзындықтарына қарай электромагниттік толқындар нешеге бөлінеді?

А) 1     В)3     С) 5   Д) 7     Е) 2

  1. Толқынның таралу бағытына қарай толқындар қандай топтарға бөлінеді?

А) механикалық, электромагниттік      В) қума, бойлық       С) көлденең, бойлық

Д)  қума, көлденең       Е) дұрыс жаубы жоқ

  1. Тек қана қатты ортада таралатын толқын

А) электромагниттік   В) қума  С) бойлық  Д) көлденең   Е) дұрыс жаубы жоқ

  1. Толқынның таралу жылдамдығының формуласы

А)          В)          С)        д)        е)

  1. -ненің теңдеуі

А) қума толқын теңдеуі       В) көлденең толқын теңдеуі     С) бойлық толқын теңдеуі

д) электромагниттік толқын теңдеуі      е) механикалық толқын теңдеуі

  1. Электромагниттік толқынға жатады

А) инфрадыбыс толқын         В) рентген сәулелері      С) ультрадыбыстар

д) сейсмикалық толқындар    е) дыбыс толқындары

 

  1. Екі немесе бірнеше толқындардың қабаттасуы кезінде кеңістіктің әртүрлі нүктелеріндегі қорытқы тербелістер амлитудаларының таралуы

А) толқындардың қабаттасуы   В)дифракция  С) дисперсия  д) дифракция   е) интеренференция

  1. Когерентті толқындар деп аталады

А) жиіліктері мен тербеліс фазалары бірдей        В) толқын ұзындықтары мен периоды бірдей

С) жиіліктері бірдей    д) тербеліс фазалары бірдей     е) жиіліктері әртүрлі, фазалары бірдей

  1. Толқынның түзусызық бойымен таралудан ауытқуын немесе толқындардың тосқауылды орағытып өту құбылысы

А) толқындардың қабаттасуы   В)дифракция  С) дисперсия  д) дифракция   е) интеренференция

  1. Интерференцияның максимум шарты

 

  1. Интерференцияның минимум шарты

___________________

  1. Максимум нүктелерінде

А) энергияның концентрациясы пайда болады          В) энергияның азаюына сәйкес келеді

С) тербеліс артады    д) концентрация азаяды   е) тербеліс бәсеңдейді

  1. Минимум нүктелерінде

А) энергияның концентрациясы пайда болады          В) энергияның азаюына сәйкес келеді

С) тербеліс артады      д) концентрация азаяды     е) тербеліс бәсеңдейді

  1. Толқынның бір период ішінде жүріп өтетін арақашықтығы

А) толқынның арақашықтығы          В) толқынның жол айырымы     С) толқын ұзындығы

д) толқын жылдамдығы     е) толқынндық бет

  1. Ультрадыбыс, инфрадыбыстар, сейсмикалық толқындар –

А) механикалық толқындар    В) электромагниттік толқындар  С) электромагниттік тербелістер

д) гамма сәуле шығару     е) сейсмикалық толқындар

20.Бірлік көлемде таралатын белгілі бір энергияны анықтайтын физикалық шама

А) беттік тығыздық    В)көлемдік тығыздық    С)энергияның тығыздығы    д)концентрация     е) дифракция

  1. Жаңа білімді игерту

Берілген тақырыптарды тест жұмысы арқылы меңгеру

А) Жарықтың интерференциясы тақырыбы бойынша

  1. «Цуг» неміс тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

А) қадам         В) тізбек  С) салтанатты жүріс     Д) үздіксіз жүріс     Е)  үзіліссіз

  1. Интерференция құбылысы пайда болуы үшін қандай толқындар қажет?

А) когерентті толқындар         В) механикалық толқындар    С) электромагниттік толқындар

д) тұрғын толқындар       е) дыбыс толқындар

  1. Жарық толқындарының кеңістіктік когеренттігін алған ғалым

А) И.Ньютон          В) О.Френель     С) Т.Юнг      д) Гюйгенс     е) Фраунгофер

  1. Когерентті жарық толқындарын алуға О.Френель қандай құралдарды қолданады?

А)қос призма, қос айна   В) бипризма, айна  С) интерферометр  д) рефрактор   е) жұқа пленка

  1. 1675 жылы астрономиялық рефрактордың дөңес обьективі және жазық шыны арасындағы жұқа ауа қабатының түсін бақылаған ғалым

А) И.Ньютон          В) О.Френель     С) Т.Юнг     д) Гюйгенс    е) Фраунгофер

  1. Жарықтың интерференция құбылысына негізделген аспап

А) фотоаппарат            В) бипризма     С) интерферометр  д) рефрактор   е) жұқа пленка

Ә) Жарықтың дифракциясы тақырыбы бойынша

  1. Жарықтың түзусызық бойымен таралудан ауытқуын немесе жарықтың тосқауылды орағытып өтуі

А) интерференция     В) дифракция      С) поляризация   д) дисперсия   е) спектр

  1. Жарықтың дифракция құбылысын ашқан ғалым кім?

А) И.Ньютон          В) О.Френель     С) Т.Юнг     д) Гюйгенс    е) Ф.Гримальди

  1. Жарықтың дифракция құбылысын түсіндерген ғалымдар.

А) И.Ньютон, Т.Юнг         В) О.Френель, Гюгейнс         С) Т.Юнг, Фраунгофер

д) Гюйгенс, И,Ньютон    е) Фраунгофер

  1. Дифракция қүбылысына мысал келтір
  1. Параллель сәулелердегі дифракция құбылысын ашқан ғалым?

А) И.Ньютон          В) О.Френель     С) Т.Юнг     д) Гюйгенс    е)И.Фраунгофер

  1. Параллель сәулелер алу үшін жарық көзі қалай орналасу қажет?

А) алыста   В) жақын аралықта    С) шексіз алыста    д) фокус аралығында     е) дұрыс жауабы жоқ

  1. Параллель сәулелер алу үшін қолданылатын аспап

А) фотоаппарат            В) бипризма     С) интерферометр  д) рефрактор   е) коллиматор

Б) Дифракциялық тор тақырыбы бойынша

  1. Жарық дифракциясы байқалатын тосқауылдар мен саңылаулардың жиынтығы қалай аталады?

А) дифракциялық тор            В) бипризма     С) интерферометр  д) рефрактор   е) жұқа пленка

  1. Дифракциялық тор нешеге бөлінеді?

А) 3         В) 2     С) 4   д) 5    е) 1

  1. Саңылаулары белгілі бір қатаң тәртіп бойынша орналасқан торлар

А) реттелмеген       В) тәртіпті     С) жазық   д) реттелген    е) кеңістіктік

  1. Тұмандағы ауа тамшалары қандай торға жатады?

А) реттелмеген       В) тәртіпті     С) жазық   д) реттелген    е) кеңістіктік

  1. Геометриялық құрылысына қарай дифракциялық торлар бөлінеді:

А) реттелмеген, реттелген  В) жазық, реттелмеген  С) жазық, кеңістіктік

д) реттелген    е) кеңістіктік

  1. Дифракциялық тордың формуласы: _______________________________
  2. формуласындағы ң білдіреді?

А)тордың тұрақтысы  В)тордың қатары   С) саңылау ұзындығы   д) тосқауыл реті  е)дұрыс жауабы жоқ

В) Жарық дисперсиясы тақырыбы бойынша

  1. Жарық көзінен шығып, призма арқылы өткенде пайда болған әртүрлі түстерден тұратын жолақтарды Ньютон ______________ деп аталады?

А) жарық     В) толқын    С) спектр    Д) сәуле    Е) квант

  1. Ең күрделі түс

А) қызыл   В) ақ    С) қара    Д) жасыл   Е) сары

  1. Жарық сынғанда неше түске жіктеледі?

А) 7         В) 2     С) 4   д) 5    е) 1

  1. Жарқытың дисперсиясын ашқан ғалым?

А) И.Ньютон          В) О.Френель     С) Т.Юнг     д) Гюйгенс    е)И.Фраунгофер

  1. Дисперсия дегеніміз не?
  1. Жарық толқындары ішінде таралу жылдамдығы максимал толқын — _ ____ , ал таралу жылдамдығы минималь толқын- _.
  2. Жарық дисперсиясы ___ және _ ___ болып бөлінеді.

Г) Жарықтың поляризациясы тақырыбы бойынша тест құрастыру

  1. Үйге тапсырма
  • 4.3-4.7 Жарықтың интерференциясы

Жарықтың дифрациясы

Дифракциялық тор

Жарық дисперсиясы

Жарықтың поляризациясы

( негізгі түсініктерді жаттау)

  1. Бағалау (тест жұмыстарын тексеру арқылы бағалау)