ДОМБЫРА ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 9-СЫНЫПТА ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША

ДОМБЫРА ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

(9-СЫНЫПТА ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША

Сабақтың мақсаты:        Ағаштарды өрнектеудің және ағаштармен


өрнектеудің техникаларын менгеру.

Білімділік мақсаты:        Өрнектеу техникаларын меңгеру.

Тәрбиелік мақсаты:        Икемділікке, ұқыптылыққа және барын

толық пайдалана білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты:Істелген нәрсені ұқыпты және тиімді

пайдалана білу.

Пән аралық байланыс:   Музыка, бейнелеу өнері, тарих, қазақ


әдебиеті, математика, физика, биология.

Оқыту әдістері:              Ауызша, көрнекілік, практикалық, өз

бетімен жұмыс.

Сабақтың типі:              Жаңа білімді менгеру.

Сабақ көрнекілігі:         Домбыра аспабы, үлгі жұмыстар,

әдебиеттер, құрал жабдықтар, презентация.

Сабақтың өту барысы.

  1. Ұйымдастыру сәті –  2 мин.
  2. Үй тапсырмасын тексеру –   3 мин.
  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру – 20 мин.
  4. Практикалық жұмыс – 60 мин.
  5. Қортынды –   5 мин.

Жаңа сабаққа байланысты қызығушылықты ояту.

Қазақ әуені баяу естіліп түрады.

-Мынау қандай аспаптың үні?

Домбыра аспабы қазір ғана өздерің айтып кеткендей, ішекті аспапқа жататын қазақ халқының кең тараған аспабы. Домбыра аспабын ерте заманнан, халық арасынан шыққан шеберлер жасап, бізге мұра етіп қалдырып отырды. Біздің елімізде домбыра аспабын жетілдіру 1932 жылдан басталды. Сол кездегі астанамыз Алматыда шеберхана құрылып, оған білікті шеберлер шақырылды. Алғашқы шеберлер – И.Романенко, Қ.Қасымов. А.Ермаковтар болды. Еліміздің өнер саласындағы түңғыш академигі А.Жұбанов пен өнер зерттеушісі А.В.Затеевич, композитор Е.Г.Брусиловскийлер домбыраның үнін сақтап қалуда орасан еңбек жасап, болашақ үрпаққа аманат етіп қалдырды. Жүздеген жылдар бойы теңіз түбінде жатқан асыл қазынамыз, маржанымыз — домбыраны Алматы Мемлекеттік консерваториясының доценті  Болат Шамғалиұлы Сарыбаев жинаған аспаптар арқылы сақталып қалды.

Қазіргі кезде домбыралардың мынадай түрлері бар: екі ішекті, үш ішекті, кең шанақты, қуыс мойынды, қоңырау үнді, т.б.

Әлемдік еркениетке өзіндік үлесін қосу, тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдету мақсатымен бірге үлттық мәдениетімізді, ұлттық өнерімізді, домбырамыз-дың қоңыр үнін сақтау — болашақ ұрпақтың алдындағы парыз.

Ағаштарды өрнектудің және ағаштар мен өрнектеудің алуан түрлі техникалары   бар. Өрнектеудің техникалары ағаштың биологиялық құрлысы мен қасиетімен тығыз байланысты болып келеді. Адамзат пайда болғаннан бері  ағаш. Кең көлемде қолданылып келеді

Мысалы: қымыз шелек, безендірулер, табиғи жаратылыстар, шынжыр, үлгі жұмыстар. Елтаңба.

Рейкаларды егеп өрнектеу түрлерін көрсету және орындау.

Практикалық жұмыс: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен

таныстыру.

Домбыраны технологиялық карта бойынша дайындау.

Домбыраның алдын ала дайындаған сурет қиындысын өз орнына орналастыру. Дайын болған суретке қарап, домбыра жасауды бастайды. Домбыраның әр бөлігін есептеп, сызба түрінде дайындап алады. Содан кейін сызбаны материалға қойып, қыларамен қырқады. Домбыраның әр бөлігін жеке-жеке дайындап болған соң, өз орнына крйып желімдейді. Дайын болған жұмысты әрлеп, сәндейді. Домбыраның бөліктерін жасауды әр оқушыға бөліп беріп, берілген уақытта қабылдап алады.

Оқушылар практикалық жұмысты орындағаннан кейін, әр оқушының жүмысына талдау жасай отырып, қорытынды шығарады. Жіберілген қателіктерді, кемшіліктерді анықтауға көмектеседі.

Оқушы әрекетін сабақ барысында бағалау.

Алдын ала дайындаған бағалау кестесі бойынша бағалары қойылады

Үй тапсырмасын беру.

Домбыра жасауды ары қарай жалғастырып бітіру (домбыраны бояу, ою-өрнектер жапсыру, перне, құлақ, ішек, тиектерін орнына қою).