Қылқобыз жасау технологиясы

 

Қылкобыз — казақтың шанағын тізеге сүйеп койып, 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышымен тартылатын екі шекті өте көне саз аспабы. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-сүйкеп көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады.

Біреулер оны құс даусына ұқсатады: « — Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» — дейді (П. Паллас). Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б. Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады. Кобыздын 4000 жылдык тарихы бар. Қылқобызды халқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын — шайтан жоламайды деп ырымдайды.


Оның негізі тұтас ағаштан шабылған. Қобыздың үлкенді-кішіілі әр алуан түрлері болады. Жақсы қобыздардың көлемі  үлкен болған, сонымен қатар шанақ ішіне, мойнына, басына қобыз үніне ерекше үн қосып тұру үшін металдан жасалған әртүрлі сылдырмақтар, жез қоңыраушалар ілініп безендірілген. Қара қобыздың шанағы дөңгелек не қос дөңгелек боп келеді, беті ашық етіп жасалады. Шанақтың төменгі жағынан үзынша қорапша ойылып, оның бетіне серкенің не түйенің шикілей өңделген терілері тартылады. Ысқышы жіңішке имек ағаштан, екі ішегі аздап есіліп өңделген жылқының қүйрық қылының бірнеше талшықтарынан жасалады.

Классикалық қобыз музыкасының аты аңызға айналған ең соңғы хас шебері  ХІХ ғасыр ортасында дүниеге келген Ықылас Дүкенұлы.

Қара қобыздың тамаша үлгілерін Алматыдағы Ықылас атындағы саз аспаптар мұражайынан тамашалауға болады. XIX ғасырдың соңында Жетісу өңірінен табылған бул қобыздың ерекшелігі — оның тым үлкеңдігі. Оның ұзыңдығы — 96 см, шанағының диаметрі — 40 см. Бұл қобыздың аты — «нар қобыз». Көпшілік арасында кездесетін қобыздар бұдан екі есеге жуық кіші болған.

Бұл күнде зерттеліп, өңделген қобыз түрлері тоғыздан асады. Олардың жалпы пішіні суреттерде кәдесыйлық түрінде көрсетілген. Ал 1-суретте бейнеленген қыл қобыздың нақтылы жалпы үзындығы — 670 мм, шанағының диаметрі 60 мм шамасында, шанақтың жалпы жалпақтығы — 180 мм. Бүл суретте қобыздың екі ойшықты нүсқасы көрсетілген.

Қобыз негізгі он бөліктен түрады: алақан, құлақтары, қылдары, мойны, шанағы, көнтері, кіндік тиек, бастырма тиек,  түп тиек, ілгек.

Қобыз алақанының үзындығы — 90 мм, ал жалпақтығы 60—70 мм-ге дейін. Мойнынын үзындығы — 220 мм, ал шанақтың үзындығы — 160 мм. Ал көнтері тартылған кобыз түбінің үзындығы — 200 мм. Бүл өлшемдер күй ойнауға арналған кобызға лайық. Жалғыз окушы бүл қобызды 20 сағаттың ішінде жасай алады.

2-суретте қобыздың сыртқы бейнесі мен өлшем бірліктері, оның әрбір кесшділерінің қалыңдығы корсетілген.


Қызығушылықты ояту кезеңі.

Интерактивті тақтаның көмегімен қылқобыз аспабы туралы бейнеролик көрсету.

Қылқобыздың домбырадан қандай айырмашылығы бар?

Не көрдіңдер,не қызықтырды?

Сарамандық жұмысына дайындалу.

Ағашты қолмен кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Жарақат алу себептері дұрыс емес саймандарды қолданудан немесе құрал-саймандарды дұрыс пайдалана алмаудан болуы мүмкін.

Жұмысқа дейін:

  1. Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат)
  2. Жұмысқа қажетті құрал-саймандарыңды түгелдеп, мұқият тексер.
  3. Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр. Жұмыс орнында артық ешқандай зат қойма.

Жұмыс кезіңде:

  1. Дайындаманы верстакқа мықтап бекіт.
  2. Әр амалды өзіне тиісті сайманмен атқар. Саймандардың қайралған әрі жарылмаған болсын.
  3. Нұсқау карта бойынша әр амалдарды өзіне тиісті құралдарды пайдаланып атқар.
  4. Жұмыс орныңды әрдайым тазалап отыр.
  5. Жұмыс кезіңде әр нәрсеге алаңдама.
  6. Құрал-сайманың бүлінсе міндетті түрде ауыстырып ал.

Жұмыстан кейін:

  1. Жасап жатқан бұйымыңды, материалдарды кезекшіге немесе мұғалімге тапсыр.
  2. Жұмыс орныңды ретке келтір. Қолмен сыпыруға, ауызбен үрлеуге болмайды. Верстактың қысқыш қораптардың арасын 2-5мм етіп қой.
  3. Өзіңді ретке келтір.
  4. Шеберханадан мұғалімнің рұқсатымен шық.

Сарамандық жұмыс

Жеке

Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап

Жұмысқа қажет материалдар: ағаш өңдеуге қажетті құралдар

Жұмыстың мақсаты: қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспабы – қылқобыз жөніндегі білімдерін бекіту; іс жүзінде қылқобыздың макетін жасау әдістерімен таныстыру; сызбаны орындау кезінде симметрияны сақтауға үйрету; дағдылар мен шеберліктерді дамыту; шығармашылық белсенділікті қалыптастыру.

  1. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі ағымдағы нұсқама өткізу және бұйымды жасау қандай реттілікпен орындалатынын түсіндіру.

2.Қылқобыз аспабын технологиялық карта бойынша дайындау.

  1. Алдын ала құрастырылған, технологиялық карта бойынша қылқобыз аспабының кез келген түрін жасауды ұсыну.

 

Қылқобыз аспабына анықтама бер? (Қазақ халқының екі ішекті көне музыкалық аспабы)

Қобыздың   канша   түрі   бар?   Олардың   әркайсысының   өзіндік ерекшеліктеріне токталыңдар.

Қобыздың жалпы ұзындығы? (670 мм)

Қобыз неше бөліктерден тұрады?(10 )

Қобыздың шанағының диаметрі (60 мм)

Қобыз аспабын оқушы неше сағат ішінде жасап шыға алады? (20)

ХІХ ғасырдың соңында Жетісу өңірінен табылған қобыз? (Нар қобыз)

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма беру

«Үйге тапсырманы талдау» тәсілі: Мұғалім оқушылармен бірге бір сұрақты талдайды: жаңа материалды жақсы түсіну үшін үй тапсырмасы қандай болуы керек?

Қобыздың негізгі өлшемдерінен тыс, алақанның, шанактың пішіінін жөне қалыңдығын өзгертуге болады ма? Қобызды әзірлеудің әртүрлі әдістерін сызбаға түсіріңдер. Осы берілген мөліметтерге өз ойларыңды қоса отырып, «Қазағымның киелі қобызы» атты баяндама дайындаңдар.

Қылқобыз аспабын ажарлап шығу, гуашпен өрнекті сурет салу немесе қабыршақтан ою.