Қазақтардың Орта Азиялық хандықтар мен патша үкіметіне қарсы көтерілістері

Майханова Гүлжанат Бердалиевна
Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы, №22 ОЖББМ-інің ІІ санатты тарих пәні мұғалімі

Сыныбы 8а/б Күні
Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың Орта Азиялық хандықтар мен патша үкіметіне қарсы көтерілістері
Мақсаты: Көтерілістің алғышарттары мен себептерін,оның жеңілу себептерін ашу.
Күтілетін нәтижелер:
1. Көтерілістің алғышарттары мен шығу себептерін анықтайды.Барлығы
2. Жанқожа Нұрмұхамдұлы мен Кенесары Қасымұлы көтерілісінің негізгі ерекшеліктерін салыстырады.Көпшілігі
3. Көтерілістің жеңілу себептерін зерттейді.Талантты және дарынды оқушылар
Керекті жабдықтар:
оқулық, жұмыс дәптері, ресурс, тест тапсырмалары, бағалау парағы, стикер, мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей), интернет материалдары.
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Визуалды оқыту, ой қозғау, сұрақ қою техникалары, топтық жұмыс, жеке жұмыс, белсенді оқу, «Кемпірқосақ » әдісі арқылы жаңа тақырыпты меңгерту, деңгейлік тапсырмалар, стикердегі диалог, формативті бағалау түрлері т.б
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері: Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе:
3-5 минут
Сыныппен амандасамын. Сыныпты топқа бөлемін. Тренинг өткіземін.
Визуалдандыру әдісі:Картамен жұмыс.
Қазақтардың Орта Азиялық хандықтар мен патша үкіметіне қарсы көтерілістерінің территориясын картадан көрсету.

Сәлемдеседі. Үш топқа бөлініп отырады және тренингке қатысады.


Қазақтардың Орта Азиялық хандықтар мен патша үкіметіне қарсы көтерілістерінің территориясын картадан көрсетеді.

Тұсаукесер:
8-10 минут

Ой қозғау:түрткі сұрақ қоямын
Қазақтардың патша үкіметіне қарсы қандай көтерілістерді білесіңдер?
Кестені толтырыңдар. Ресей патшасын қарсы ұлт-азаттық көтерілістері.
I нұсқа II нұсқа
1.Кенесары көтерілісінің себептерін ашыңдар.
2.Ішкі ордағы көтерілістің жеңілу себептерін атаңдар.
3.Кенесары көтерілісінің хронологиясын жазыңдар. 1. Ішкі орда көтерілістің себептерін ашыңдар.
2.Кенесары көтерілісінің женілу себептері неде деп білесіңдер?
3.Ішкі ордадағы көтер-ілістің хронологиясын жазыңдар.
Жаңа тақырып: Қазақтардың Орта Азиялық хандықтар мен патша үкіметіне қарсы көтерілістері.
Жоспар:
1.Негізгі мазмұнын ашу.
2.Мәліметтерді талдау.
3.Ықпал етуші факторлар.
4.Проблемалар
5.Зерттеу.

Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Берілген кестені толтырады.
I нұсқа II нұсқа

Тақырыпты дәптерлеріне жазады.
Сабақ мақсатын анықтайды
Сабақ критерийлерін шығарады:
 Көтерілістің алғышарттары мен шығу себептерін анықтау.
 Жанқожа Нұрмұхамдұлы мен Кенесары Қасымұлы көтерілісінің негізгі ерекшелік терін салыстыру.
 Көтерілістің жеңілу себептерін зерттеу.
 Жинақтау сұрақтар қою.
 Қолдану тапсырмалармен жұмыс.
 Бағалау.
Негізгі бөлім:
10-15 минут

Қорытынды
8-10 минут

Оқулықпен жұмыс. «Кемпірқосақ әдісі»
Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды орындау.Әр оқушыға қол жетімді тапсырмалар беру.
I топ:Негізгі мазмұнын ашу,ықпал етуші факторларды анықтау.
II топ:Мәліметтерді талдау.
III топ:Проблемаларды зерттеу.


Өзбетіндік жұмыс:термин сөздерді тауып мағынасын дәптерлеріне жазыңдар.

Хронологиялық кестемен жұмыс.
1808ж,1818ж,1814ж,1835ж,1847ж,1835ж,1836ж,
1845ж,1845ж,1851ж,1855ж,1856-1857ж.ж,1847ж,
1856ж, 1857ж,1860ж,1838ж,1847ж,1858ж.

№1.Кестені толтырыңдар.XIX ғасырдағы 50 ж қазақ шаруаларының азаттық күресі
Ж.Нұрмұхамедұлы Е.Көтібарұлы
Сипаты
Тарихи маңызы
Нәтижесі
Портреттер сөйлейді. Ұлт азаттық көтеріліс басшылары жөнінде Есет және Жанқожа

№2.Кестені толтырыңдар. «Ойлан, тап»
Қашан? Қайда? Қандай оқиға болды?

Толықтыру тестісі. Мысалы:
1.Ж.Нұрмұхамедұлы …………. руынан шықты.
Белсенді оқиды, топта түсінгендерін айтады.
Әр топ негізгі түсініктерді талдап, түсіндіреді.
оқу техникасын дамытады, алған білімін пысықтайды, өмірде қолданып үйренеді.
Топпен тапсырмаларды бірігіп орындайды, дарынды оқушылар жетекшілік етеді.

Оқушылар термин сөздерді тауып,дәптерлеріне жазады.
Дарынды оқушылар кеңейтілген тапсырмаларды орындауда жетекші болады.
Дарынды және талантты оқушылар білімін бекітеді, қалған оқушылар солардың көмегі арқылы жаңа тақырыпты меңгереді

Бағалау
3-5 минут

Сабақ критерийлеріне сәйкес оқушылар өздерін бағалайды, сабақ барысындағы жұмыстануы бойынша, сыныппен кеңесе отырып бағалаймын, бағаға түсініктеме беріп, жетілу жолдарын айтамын. Үйге тапсырма: Кестені толтыру.
Көтерілістің тарихи маңызы Көтерілістің сипаты Көтерілістің нәтижесі

Алдарыңдағы стикерлердің қызыл түстісіне, сабақта не ұнады, көгіне не түсініксіз болғанын жаза қойыңыз.Тақтаға іліп кетулеріңізді өтінемін.
Рефлексия жазу: «Бүгінгі сабақ туралы менің пікірім.
Өздеріне формативті баға береді, бірін-бірі критерийлер арқылы бағалайды.Бағалау парағы
Аты-жөні Үй/тап
тексеру Жаңа/с
меңгеру Қосымша/тап Қорыт баға
Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Алдарыңдағы стикерлердің қызыл түстісіне, сабақта не ұнағанын, көгіне не ұнамағанын, не түсініксіз болғанын жазады, тақтаға іліп кетеді.

«Бүгінгі сабақ туралы менің пікірім» рефлексия жазады.