Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаяты

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаяты. Сабақтың мақсаты:

 

а) білімділік: оқушылардың мәтінді толық оқып, меңгергендерін тексере отырып, хикаяттағы кейіпкерлер туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру, өзіндік ойлау, әстетикалық көзқарасы қалыптасқан оқырман дайындау.

ә) дамытушылық. түрлі тәсілдер арқылы балалардың байқағыштық, тапқырлық сөз астарын түсіну, өз ойын жазбаша да, ауызша да жүйелі айту қабілеттерін дамыту. Шығармашылыққа баулу. Әдеби шығарма идеясын тануға үйрету, сөздік қорын молайту.

б) тәрбиелік: шығарма идеясы негізінде оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Елжандылык, пен ұлтжандылық сезімдерін тереңдету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, проблемалык ситуация тудыру, дамыта оқыту әлементтерін пайдалану, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, әдеби пікірталас.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет теориясы, музыка.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі карточкалар мен суреттер, мемлекеттік рәміздер.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу.

ә) Кезекші мәлімдемесі.

б)  Журнал бойынша түгелдеу.

  1. Үй тапсырмасын сұрау.

а) Ә.Кекілбайдың «Шыңырау» хикаятының жалпы мазмұны жайлы сұраймын. ә) Сұрақ қою арқылы білімдерін тексеремін

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың мақсаты мен ерекшелігіне, тақырыбына тоқталып, түсіндірілгеннен соң, оқушылар топқа бөлінеді. Топтастырудың әр түрлі тәсілдері бар. Мен бұл сабақта соғыс тақырыбына жазған қазақ ақын-жазушыларының аты-жөнін, шығармаларын жазбаша алу тәсілін қолдандым. Соның нәтижесінде бір жазушыны немесе бір шығарманы атаған оқушы-лар бір топқа топтастырылды.

I тапсырма. Үй жұмысын қайталау.

а)Мәтінде кездескен қиын сөздердің анықтамасын тақта жазу.
Гимнастерка — әскери сырт көйлек.

Протез — адамның жоқ мүшесінің орнына ыңғайлап жасалған жасанды мүше.

Лобогрейка — егін шабатын машина.

Айыл — ер-тоқымды жылжымайтындай ұстап тұратын жалпақ қайыс тартпа.

ә) Зигфридтің Зекен болып қалыптасу себебі (толықтыр, пікір қос).

Зигфрид Вагнер деп айтуға тілі келмеген Ахмет шал оны қазақшалап Зекен деп атады. Бар баласын соғысқа аттандырып, қара қағаз алып, шаңырағым шайқалып, отым өшеді деп отырған Ахметтің Зекен үміт шырағын жақты. Өзіндегі бар мейірімін, ұлттық қасиетін осы Зекен бойына сіңіруге тырысты. Сондықтан Зекен бірден өзінің туған үйіне тап келгендей сезінді. Бөтенсімей, сіңіп кетті. Әке мен ананың ыстық құшағы, жұмсақ алақаны, махаббаты Зекенді қазақ ұлы етіп жіберді.

б)  Зекен әке үмітін ақтай ала ма? (пікір айт)

Иә, Зекен Ахмет атаның туған ұлындай болып кетеді. Себебі Зекен ақылды бала. Әкесі оны өгейсітпейді, жетімдік көрсетпеді. Сондықтан Зекен өсіп, өзінің кім екенін анық білгенде де Ахметүлы болып қала берді. Қарт әке-шешесін асырайды.

 

 

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Иә, адамгершілігі мол, мейірімді, жақсы адам болу үшін ешқандай шекараның, нәсілдің, ұлттың, білімнің қажеті жоқ. Жүрек жылуы болса жеткілікті екен. Негізгісі — атаның емес, адамның ұлы бола біл,

Жаңа сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады. Әр топқа тапсырма беріледі.

а)  Мәтіннен Дәуренбектің сөздерін белгілеңдер, мағынасын ашу.
ә) Ахметтің сөздерін белгілеу.

б)  Нартай мен Ертай өліміне кім кінәлі?
Оқушылардың жауабы тыңдалады, топтағы оқушылар жауап

берген оқушыны толықтырып отырады. Дәуренбектің «жауды аяған жаралы», «сақалыңның ағында жаңсақ іске бастың» деген сөздері айыпталады. Ахметтің «Айналайын, үйге жүр. Апаң күтіп отыр. Жұрттың сөзін ұрғаның бар ма», «Сыртқы түр — перде, ішін айт» деген сөздерінен тамаша адамгершілік сезілетінін айтады. Нартай мен Ертайдың тағдырына асырап алған әке-шешесін кінәлағандар да болды, соңында бәрі «Оған кінәлі — соғыс» деген тоқтамға келді.

в)  Жазбаша мінездеме беру.

  1. Дәуренбекке
  2. Ахметке
  3. Венн диаграммасы бойынша негізгі екі кейіпкерге салыстырма мінездеме беріңдер.

г)  Екі топқа «Соғыс», «Бейбітшілік» деп жазылған үлкен парақтар берілді. Күн сәулесі тәрізді сызықшалар тарата отырып, бұл екі сөз қандай ұғымдарды елестететіндерін жазу тапсырылды.

Оқушылардың жауабы:

Күлкі                 Қуаныш                          Той-думан

Бейбітшілік                       Ашықаспан

Бақыт                     Білім                      Тыныш ұйқы

Өртенген қала                           Өлім                     Жетімдер

Мүгедектер                          Соғыс                  Жылау-сықтау

Босқын халық                                          Қайғы

Үшінші топқа «Мен соғысты айыптаймын» атты ауызша ой-толғау айту тапсырылады.

 Сабақтың қорытындысы:

Көркем мәтінді талдау мұғалімнен де, оқушыдан да шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Сол көркем шығарма негізінде оқушыларда өзіндік әсер, пікір туындайды. Жас буын осы арқылы таныс та беймәлім, жақын да жат өмірге араласады, онымен бірге қуанып, бірге мұңаяды. Себебі «әдебиет — сөз өнері», жасөспірімдер сөз маржанының астарын игеріп, өмір атты дарияға алып шығар асылын — жақсылық пен ізгілік, қарапайымдылық пен қайырымдылық қорын осы пән негізінде жасайды. Туған тілін сүюден басталған махаббат елжандылықтан адамзатты шексіз құрметтеуге дейін өседі. Жасынан туған халқының даналығымен су-сындап, оның өсиетінен нәр алған, әдебиетті сүйіп, сол арқылы имандылық пен инабаттылыққа, сұлулыққа тәрбиеленген ұрпақ туған елінің арқалы, абыройлы азаматы болып өсері хақ.

Орта мектеп бағдарламасына кіргізілген қазақ халқының сын сағат түсында көрсеткен биік парасаттылығының үлгісіндей тарихи дерек негізінде жазылған М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаятының тәрбиелік маңызы өте зор.

«Бейбітшілік — халық арманы екенін, бауырмалдық қазақ халқының ұлттық ерекшелігі екенін еліміздің рәміздерінен көруге бола ма?» деген сұраққа жауап іздеу.

 


ә) дамытушылық. түрлі тәсілдер арқылы балалардың байқағыштық, тапқырлық сөз астарын түсіну, өз ойын жазбаша да, ауызша да жүйелі айту қабілеттерін дамыту. Шығармашылыкқа баулу. Әдеби шығарма идеясын тануға үйрету, сөздік қорын молайту.

б) тәрбиелік: шығарма идеясы негізінде окушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Елжандылык, пен үлтжандылық сезімдерін тереңдету.

Сабақтың турі: қорытынды сабақ.

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, проблемалык ситуация тудыру, дамыта оқыту әлементтерін пайдалану, сүрак-жауап, шығармашылық жүмыс, әдеби пікірталас.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет теориясы, музыка.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, үлестірмелі карточкалар мен суреттер, мемлекеттік рәміздер.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу.

ә) Кезекші мәлімдемесі.

б)  Журнал бойынша түгелдеу.

  1. Үй тапсырмасын сурау.

а) Ә.Кекілбайдың «Шыңырау» хикаятының жалпы мазмүны жайлы сүраймын. ә) Сұрақ қою арқылы білімдерін тексеремін

  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың максаты мен ерекшелігіне, тақырыбына тоқталып, түсіндірілгеннен соң, оқушылар топқа бөлінеді. Топтастырудың әр түрлі тәсілдері бар. Мен бүл сабақта соғыс такырыбына жазған қазақ акын-жазушыларының аты-жөнін, шығармаларын жазбаша алу тәсілін қолдандым. Соның нәтижесінде бір жазушыны немесе бір шығарманы атаған оқушы-лар бір топка топтастырылды.

I тапсырма. Үй жүмысын кайталау.

а)  Мәтінде кездескен қиын сөздердің анықтамасын тақтаға жазу.
Гимнастерка — әскери сырт көйлек.

Протез — адамның жоқ мүшесінің орнына ыңғайлап жасалған жасанды мүше.

Лобогрейка — егін шабатын машина.

Айыл — ер-тоқымды жылжымайтындай үстап түратын жалпақ кайыс тартпа.

ә) Зигфридтің Зекен болып қалыптасу себебі (толықтыр, пікір қос).

Зигфрид Вагнер деп айтуға тілі келмеген Ахмет шал оны казақшалап Зекен деп атады. Бар баласын соғысқа аттандырып, кара кағаз алып, шаңырағым шайкалып, отым өшеді деп отырған Ахметтің Зекен үміт шырағын жақты. Өзіндегі бар мейірімін, үлттық қасиетін осы Зекен бойына сіңіруге тырысты. Сондықтан Зекен бірден өзінің туған үйіне тап келгендей сезінді. Бөтенсімей, сіңіп кетті. Әке мен ананың ыстық қүшағы, жүмсақ алақаны, махаббаты Зекенді қазақ үлы етіп жіберді.

б)  Зскен әке үмітін ақтай ала ма? (пікір айт)

Иә, Зекен Ахмет атаның туған үлындай болып кетеді. Себебі Зекен ақылды бала. Әкесі оны егейсітпейді, жетімдік көрсетпеді. Сондықтан Зекен өсіп, өзінің кім екенін анық білгенде де Ахметүлы болып қала берді. Қарт әке-шешесін асырайды.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Иә, адамгершілігі мол, мейірімді, жақсы адам болу үшін ешқандай шекараның, нәсілдің, ұлттың, білімнің қажеті жоқ. Жүрек жылуы болса жеткілікті екен. Негізгісі — атаның емес, адамның ұлы бола біл,

Жаңа сабақтың тақырыбы тақтаға жазылады. Әр топқа тапсырма беріледі.

а)  Мәтіннен Дәуренбектің сөздерін белгілеңдер, мағынасын ашу.
ә) Ахметтің сөздерін белгілеу.

б)  Нартай мен Ертай өліміне кім кінәлі?
Окушылардың жауабы тындалады, топтағы оқушылар жауап

берген оқушыны толықтырып отырады. Дәуренбектің «жауды аяған жаралы», «сақалыңның ағында жаңсақ іске бастың» деген сөздері айыпталады. Ахметтің «Айналайын, үйге жүр. Апаң күтіп отыр. Жүрттың сөзін үрғаның бар ма», «Сыртқы түр — перде, ішін айт» деген


сөздерінен тамаша адамгершілік сезілетінін айтады. Нартай мен Ертайдың тағдырына асырап алған әке-шешесін кінәлағандар да болды, соңында бәрі «Оған кінөлі — соғыс» деген тоқтамға келді.

в)  Жазбаша мінездеме беру.

  1. Дәуренбекке
  2. Ахметке
  3. Венн диаграммасы бойынша негізгі екі кейіпкерге салыстырма мінездеме беріндер.

г)  Екі топка «Соғыс», «Бейбітшілік» деп жазылған үлкен парақтар берілді. Күн сәулесі
тәрізді сызықшалар тарата отырып, бүл екі сөз қандай үғымдарды елестететіндерін жазу
тапсырылды.

Окушылардың жауабы:

Күлкі           Қуаныш                 Той-думан

Бейбітшілік              Ашықаспан

Бақыт             Білім                Тыныш уйқы

Өртенген қала               Өлім              Жетімдер

Мүгедектер                Соғыс            Жылау-сықтау

Босқын халық                           Қайгы

Үшінші топка «Мен соғысты айыптаймын» атты ауызша ой-толғау айту тапсырылады. Сабақтың қорытындысы:

Көркем мәтінді талдау мүғалімнен де, окушыдан да шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Сол көркем шығарма негізінде оқушыларда өзіндік әсер, пікір туындайды. Жас буын осы арқылы таныс та беймәлім, жақын да жат өмірге араласады, онымен бірге қуанып, бірге мұңаяды. Себебі «әдебиет — сөз өнері», жасөспірімдер сөз маржанының астарын игеріп, өмір атты дарияға алып шығар асылын — жақсылық пен ізгілік, карапайымдылық пен қайырымдылық қорын осы пән негізінде жасайды. Туған тілін сүюден басталған махаббат елжандылықтан адамзатты шексіз қүрметтеуге дейін өседі. Жасынан туған халкының даналығымен су-сындап, оның өсиетінен нәр алған, әдебиетті сүйіп, сол аркылы имандылық пен инабаттылыққа, сұлулыққа тәрбиеленген үрпақ туған елінің арқалы, абыройлы азаматы болып өсері хақ.

Орта мектеп бағдарламасына кіргізілген қазақ халқының сын сағат түсында көрсеткен биік парасаттылығының үлгісіндей тарихи дерек негізінде жазылған М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» хикаятының тәрбиелік маңызы өте зор.

«Бейбітшілік — халық арманы екенін, бауырмалдық қазақ халқының үлттық ерекшелігі екенін еліміздің рәміздерінен көруге бола ма?» деген сұраққа жауап іздеу.