Сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін қайталау
Сабақтың тақырыбы: | Сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін қайталау | ||
Пәні: | Қазақ тілі, І тоқсан, 36-сабақ | ||
Мақсаты:
| а)Құрамында күрделі мүшелері бар сөйлемдер құрастыра білуге үйрету. ә) Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін тиянақтау, дамыту. б) Дұрыс сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. | ||
Күтілетін нәтижелер: | Сөлем мүшелері туралы біледі, сөйлем мүшелерін талдай алады. | ||
Керекті жабдықтар: | кестелер жинағы, топшама | ||
Сабақ барысы: | |||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
Кіріспе
Тұсау кесер Негізгі бөлім
Қорытынды | I. Ұйымдастыру бөлімі. -Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау. Психологиялық дайындық : Қол ұстасып бәріміз Жылылықты сезейік. Шуақ шашқан күндей боп, Күлімсіреп жүрейік. а) Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу. Бөлшектерден дұрыс сурет жинақтау . Топ басшыларын сайлау. ә) Топтық жұмыстарды орындауда басшылыққа алынатын ереже шығару. II. Үй тапсырмасын тексеру. Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері 1-топ: Ережені пысықтайды 2-топ: Мысалдар келтіріп, сұрақтар қояды 3-топ: 5-жаттығуды оқиды ІІІ. Үй жұмысын бағалау. Басбармақ стратегиясын қолданып, бағалайды. IҮ. Үй тапсырмасын қорытындылау «Топтастыру» стратегиясы бойынша Ү. Жаңа сабақ Қызығушылығын ояту Сөзжұмбақ шешеді. Шешуі: сөйлемдер Мағынана ашу. қосымша тапсырма 1-топ: Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдайды 2-топ: Сөйлемдерді күрделі мүшеге айналдырады 3-топ: сөйлемдердің тыныс белгісін қояды 2.Оқулықпен, дәптермен жұмыс. Мәтінді мәнерлеп оқыту. Дара сөйлем мүшелерін теріп жазғызу. Өз жемін, күн сәулесі, тығылып жатады, естіп қояды. Сөйлемдерді оқыту.
Сын есім мен сан есімнен жасалған күрделі сөздерді тапқызу. Он екі, ұзын бойлы, мұздай суық, он бес, қара ала. Өлеңмен жұмыс Өнер алды –қызыл тіл, Ой толғаған сырлы тіл. Қалауын тапса қар жанып, Тас тілетін алмас тіл. Мақалмен жұмыс Екі бағандағы сөздерді қатыстырып, мақалдар құрастырып жазу. 1.Еріншектің ертеңі бітпейді. 2.Қоянды аяғы құтқарады. 3.Білгенің бір тоғыз, Білмегенің тоқсан тоғыз. 4.Өнеге от басынан. -Күрделі мүшелерді тауып, сұрақ қояйық. VІ. Сабақты бекіту. Қорытынды. Сұрақ-жауап, топшама арқылы бекіту.
VІІ. Бағалау, мадақтау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау. VIІІ. Үйге тапсырма. Ереже қайталау
Рефлексия 1.«Не үйрендім?» 2. Бүгінгі сабақтағы ұнаған сәтін жазу. |
Оқушы жауаптары тыңдалады
Шығармашылық тапсырмамен жұмыстанады Жұппен жұмыс дәптерлеріне жазады көршілерімен тексереді Оқушы жауаптары тыңдалады
Сөйлемдерді көшіріп жазады
Ереже айтады
Мәтінмен жұмыс жасайды
Өлеңмен жұмыс
Мақалмен жұмыс жұмыстанады
«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау
Күнделіктеріне үйге берілген тапсырмаларды жазып алады Рефлексия жазады | |