Архимед күші

Сабақтың тақырыбы: Архимед күші

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға Архимед күшінің бар екендігін тәжірибе жүзінде дәлелде, оның табиғаттағы пайдасы туралы түсінік беру

Дамытушылық:  Архимед күшінің қандай шамаларға тәуелді екендігін формула жүзінде жазып, формуласын практикада қолдана білуді үйрету, сабақты өмірмен байланыстыра отырып , шығармшылыққа баулу және өз бетімен жұмыс істеу белсенділігі мен логикалық ойлау қабілетін шыңдау. Оқушының танымдық, ойын еркін жеткізе білу қабілетін қалыптастыру, қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, дәлдікке,жауапкершілікке,ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Топпен жұмыс жасауға, тыңдай білуге, өзін өзі реттеуге, бақылауға көмектесу

Оқыту технологиясы: Сыни тұрғыдан ойлау

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: сөздік,  СТО (Ротация) элементтері, есеп шығарту, тест, проблемалық, демонстрациялық

Сабақтың көрнекілігі:  интерактивті тақта,  Архимед суреті,                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          семантикалық карта, смайлктер

Құрал жабдықтар: динамометр, пластилин, су, май, Архимед шелегі, болат алюминий денелер.

Пән аралық байланыс: жаратылыстану пәндері

Сабақтың жоспары:

  • Ұйымдастыру (2 минут)
  • Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)
  • Жаңа сабақ (25 минут)
  • Жаңа сабақты бекіту (10 минут)

  5.Бағалау (1 минут)

 6.Үйге тапсырма  (1минут)

 7.Рефлексия (1минут)

 8.Қорытындылау

 

Сабақтың барысы:

1)Ұйымдастыру

Оқуышылардың түгелдігін тексеру, оқушыларды топтастырып, топ басшыларын сайлау және топ басшыларына бағалау парақтарын үйлестіру

2)Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы бір уақытта екі түрлі тәсілмен тексеріледі.

а)EasyOuizzy программасымен жасалған тест арқылы тексеру(Оқушылардың жартысы

  1. Газға не сұйыққа түсірілетін қысым олардың әрбір нуктесіне өзгеріссіз беріледі.

Кімнің заңы? а) Ньютон: ә) Аристотель; б) Паскаль; в) Гук.

  1. Қан айналым жүйесіндегі қысымды өлшейтін құрал?

а) барометр; ә) манометр; б) сфигмоманометр; в) анероид.

  1. “Көптің күшібірлікте” деген аталы сөзде қандай ұғым қолданылады?

а) күш; ә) уақыт; б) масса; в) инерция.

  1. Тығыздықтың өлшем бірлігі…. а) м/с; ә) м3; б) сағ; в) кг/м3.
  2. Паскальмен өлшенетін физикалық шама

А) қысым ә) күш  б) жылдамдық  в) масса

б)Қалған оқушылар берілген тірек сөздер арқылы эссе жазады

1.Тірек сөз

        Атмосфералық қысым, биіктік, тығыздық, 105Па.

  1. Тірек сөз

Манометр, қысым, түрлері, сфигмо.

  1. Тірек сөз

Әрекет, сорғы, түрлері, бағытталған қозғалыс.

3)Жаңа сабақ

Проблемалық сұрақ: Құдықтан шелекпен су алғанда, шелекті суға батырып, бірнеше тереңдікке жіберіп, кері тартқан кезде не байқадыңдар, не сездіңдер?

-неге суға толы шелек судың ішінде жеңіл, судан шыққаннан кейін ауырлайды?

-Бұл сұрақтың жауабын бүгінгі сабағымызды бастау арқылы білеміз.

-Балалар өткен сабақта күштің қандай түрлерін өттік.

-Олай болса бүгін тағыда бір жаңа күштің түрін өтеміз. Ол Архимед күші деп аталады. Бүгінгі сабақтың тақырыбын жазыңыздар.

Ығыстырушы күш анықтауға болатын тәжірибелер.

Мұғалім тәжірибе жасайды.

  1. Дененің ауадағы салмағының мәнін табыңдар Р1.
  2. Осы дененің су ішіндегі салмағының мәнін табыңдар Р2. Салмақтары бірдей ме?Қай жағдайдағы салмақ көп?
  3. Тәжірибе нәтижелерін салыстыру арқылы қорытынды жасандар: дененің судағы

    салмағының мәні дененің ауадағы салмағының мәнінен кіші Р12.

  • Не себептен дененің судағы салмағының мәні дененің ауадағы салмағының мәнінен кіші. (Жауап: Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін ығыстырушы күш бар және ол тік жоғарға бағытталған.)
  • Неге жоғары қарай бағытталған?
  • Өткен тақырып бойынша денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді сипаттап еске түсірейік.
  • Иә ондай күш бар. Ол күшті ығыстыратын күш немесе архимед күші деп атайды, Бұл күштің мәнін тұнғыш рет ертедегі грек ғалымы Архимед есептеп шығарған.
  • Ығыстырушы күштің мөлшерін қалай анықтауға болады? (Жауап: Дененің ауадағы салмағынан дененің судағы салмағының азайту керек.)
  • Һ2 1/      P2>P1.    F2>F1

Сабақтың бірінші мақсаты орындалды, енді топпен жұмыс бір топта 5-6 оқушы.

ІІІ. Топпен жұмыс істеу. (10 минут)

Архимед күші неге тәуелді?

І топтың тапсырмасы

Құралжабдықтар: суы бар ыдыс, динамометр, алюмин және болат цилиндр, жіп.

Жұмыстың барысы:

1.Динамометр ілмегіне алюминий цилиндрді іліп, дененің Ра1 ауадағы салмағын өлшеп, дәптерге жазыңдар.

Оны суға салып, дененің Рс1 судағы салмағын өлшеңдер, дәптерге жазыңдар

F1= Ра1 — Рс1 есептеңдер.Ол Архимед күшінің мәні.

  1. Динамометр ілмегіне болат цилиндрді іліп, дененің Ра2 ауадағы салмағын өлшеп, дәптерге жазыңдар.

Оны суға салып, дененің Рс2 судағы салмағын өлшеңдер, дәптерге жазыңдар

F2= Ра 2— Рс 2есептеңдер.Ол Архимед күшінің мәні

Тығыздықтары алюминий=2700кг/м3. болат=7800кг/м3

Жұмысты қалай жасағандарынды айтып, берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

Сұрақтар:

  • Бірінші және екінші денелерге әрекет ететін Архимед күшін анықтандар.
  • Денелерге әрекет ететін Архимед күшін және тығыздығын салыстырындар.
  • Архимед күші, дене тығыздығына қалай тәуелді екенін анықтандар.
№ тәжірибеЦилиндрДененің ауадағы салмағы Ра ; НДененің судағы салмағы Рс ; Н  Архимед күшіFы= Pа— Pс; H
1алюминий   
2болат   

 

«Көлемдері бірдей, тығыздықтары әр түрлі заттарға әсер ететін  ығыстырушы  күш бірдей болады, яғни ,дененің тығыздығына тәуелді болмайды.»

ІІ топтың тапсырмасы

Құралжабдықтар: суы бар ыдыс, динамометр, пластилиннен істелінген көлемдері әр түрлі екі дене, жіп.

Жұмыстың барысы:

1.Динамометр ілмегіне платилиннен жасалған денені іліп, дененің Ра1 ауадағы салмағын өлшеп, дәптерге жазыңдар.

Оны суға салып, дененің Рс1 судағы салмағын өлшеңдер, дәптерге жазыңдар

F1= Ра1 — Рс1 есептеңдер.Ол Архимед күшінің мәні.

  1. Динамометр ілмегіне платилиннен жасалған екі денені іліп, дененің Ра2 ауадағы салмағын өлшеп, дәптерге жазыңдар.

Оны суға салып, дененің Рс2 судағы салмағын өлшеңдер, дәптерге жазыңдар

F2= Ра2 — Рс2 есептеңдер.Ол Архимед күшінің мәні

Көлемдері әртүрлі.

Жұмысты қалай жасағандарынды айтып, берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

Сұрақтар:

  • Бірінші және екінші денелерге әрекет ететін Архимед күшін анықтандар.
  • Денелерге әрекет ететін Архимед күшін салыстырындар.
  • Архимед күші дене көлеміне байланысты ма?

ІІІ топтың тапсырмасы.

Құралжабдықтар: суы бар ыдыс, тұз қосылған су және май, динамометр, алюминий цилиндр, жіп.

Жұмыстың барысы:

1.Динамометр ілмегіне алюминий цилиндрді іліп, дененің Ра ауадағы салмағын өлшеп, дәптерге жазыңдар.

Оны суға салып, дененің Рс судағы салмағын өлшеңдер, дәптерге жазыңдар

F1= Ра — Рс есептеңдер.Ол Архимед күшінің мәні.

  1. Енді осы денені май құйылған ыдысқа салып, Рм майдағы салмағын өлшеп, дәптерге жазыңдар.

Оны суға салып, дененің Рс судағы салмағын өлшеңдер, дәптерге жазыңдар

F2= Ра – Рм есептеңдер.Ол Архимед күшінің мәні

Көлемдері әртүрлі.

Жұмысты қалай жасағандарынды айтып, берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

Сұрақтар:

  • Денелерге суда және майда әрекет ететін Архимед күшін анықтандар.
  • Бұл сұйықтардың қандай айырмашылықтары бар?
  • Архимед күші сұйықтың тығыздығына байланысты ма?

ІV топтың тапсырмасы.

Құралжабдықтар: суы бар ыдыс, динамометр, пластилин пішіні (шар, текше), жіп.

Жұмыстың барысы:

1.Динамометр ілмегіне платилиннен жасалған  шар тәрізді денені іліп,  дененің Ра 1 ауадағы салмағын өлшеп, дәптерге жазыңдар.

Оны суға салып, дененің Рс1 судағы салмағын өлшеңдер, дәптерге жазыңдар

F1= Ра 1— Рс1 есептеңдер.Ол Архимед күшінің мәні.

  1. Енді динамометр ілмегіне платилиннен жасалған текше тәрізді денені іліп, дененің Ра 2 ауадағы салмағын өлшеп, дәптерге жазыңдар.

Оны суға салып, дененің Рс2 судағы салмағын өлшеңдер, дәптерге жазыңдар

F2= Ра 2— Рс2есептеңдер.Ол Архимед күшінің мәні.

Жұмысты қалай жасағандарынды айтып, берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

Сұрақтар:

  • Ол күштерді салыстырып, Архимед күші дененің пішініне байланысты ма немесе байланысты емеспе екеніне анықтандар.

(Тәжірибелерінің нәтижелерін пайдаланып әр топ істеген жұмыстарының ауызша есебін береді. Қорытындыларды мұғалім тақтада, ал оқушылар дәптерлеріне жазады кеспе түрінде.)

Архимед күші

Тәуелді емес

Тәуелді

1) дененің пішініне;

2) дененің тығыздығына.

1) дененің көлеміне;

2) сұйықтың тығыздығына.

Сонымен сабақтың екінші мақсаты орындалды.

Архимед шелегімен тәжірибе жасау.

Сұйыққа батырылған дене өзінің судағы салмағына тең сұйықты ығыстырып шығарады.

 

Картоппен тәжірибе жасау арқылы, Архимед күші сұйықтың тығызыдығына тәуелді екенін түсіндіру

Енді Архимед күші тек сұйықтарда болмайды, сонымен қатар газдарда да болады. тек біз оны көп байқамаймыз.

Осы жерде тәжірибе арқылы түсіндіру.

 

4) Жаңа сабақты бекіту (10 минут)

Сапалық есептер

  1. Неге өзен суына қарағанда, теңіз суында жүзген жеңілірек? Жауабы: теңіз суы тұзды, тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді. Архимед күші коп болады.
  2. Сүңгуір үйрек суда жақсы сүңгиді. Судың тарапынан әсер ететін күшті ол қалай азайтады? Жауабы: Сүңгуір үйрек өзінің көлемін азайтуға тырысады, яғни қанаттарын денесіне қысып алады.
  3. Арқанмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсын, неге?

Жауабы: арқанмен жүзген жеңіл.Өйткені арқанның коп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді.

Сандық есептер

  1. Гранит кесегін суға толық батырғанда,ол көлемі 08 м3 суды ығыстырып шығарды деп есептеп,кесекке кері итеруші күшті есептеп шығарыңдар.

Судың тығыздығы — 1000кг/м3.

2.Суға көлемі 100 см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін

ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы 1000кг/м3.

  1. Керосинге массасы 500 г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті

анықтаңдар. Темірдің тығыздығы7 900кг/м3, ал керосиннің тығыздығы — 800кг/м3.

4.Керосинге көлемі 100 см3 болатын денеге батырылған. Осы денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Керосиннің тығыздығы ρ =800кг/м3
5) Бағалау

        топҮй тапсырмасыЖаңа сабақБекітуҚорытынды
     
     
     
     
     

 

6)Үйге тапсырма: Жаңа тақырыпты оқу, Архимедтің өмір баяны, оқулықтағы 29жаттығу

7) Рефлексия

 

БілемінБілдімНе білгім келеді
   
   

 

Резервтік уақыт

 Оқушыларға смаилктерді үйлестіріп, бүгінгі сабақ бойынша алған әсерлерін анықтау. Оқушылар ортаға шығып  смайликтерін көрсетеді.

8.Қорытындылау