Өткенді қайталау

Пәні:Қазақ тілі
Тақырыбы:Өткенді қайталау
Мақсаты:Сөйлемнің түрлері туралы алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, пысықтау.
Күтілетін нәтиже:А) Сөйлемдерді жазады, құрады, оқиды.

Ә) Сөйлемдерді бір-бірінен ажыратады, салыстырады, сыни ойланады.

Б) Топтық жұмыста өз ойларын дәлелдейді, болжайды, бірін-бірі өзара бағалайды.

Әдісі:Постер қорғау, топтық жұмыс. «Бинго» әдісі
Көрнекілігі:Слайд, постерлер, маркер, стикер.
Сабақтың кезеңдеріМұғалімнің әрекетіОқушы әрекеті
І.Кіріспе

Ұйымдастыру бөлімі

  Түрлі түстер тесті. Авторы М.Лютер: Оқушыларға алдын ала дайындалған түрлі түстегі кеспе қағаздар таратылады. Әрбір оқушы өзіне ұнаған түсті таңдайды. Қазіргі сәтте қандай көңіл – күйде отырғандарын анықтау. Негізгі түстер:

Қызыл – бүгінгі көңіл-күйі күшті , көңілді оқушылар.

Жасыл – өз-өзіне сенімді болып отырған оқушылар.

Сары – бүгін белсенділік  танытамын,  ұшқыр ойымды ортаға саламын деп отырғандар.

Көк –бойында кішкене қорқыныш сезімі байқалатын оқушылар.

Психологиялық дайындықҚайырлы таң достым,      — 1қатар

Қайырлы күн болсын.      — 2қатар

Сәрсенбінің әр кезі,           — 3 қатар

Сәттілікке толсын.            — 4қатар

Біздің алар бағамыз,         — бәрі

Кілең бестік болсын!         — бәрі

Оқушылар шеңберге жиналып, хормен қайталайды, бойындағы қорқыныш сезімдерін сейілтеді.

 

ІІ.Тұсаукесер

Қызығушылығын ояту

Мағынаны тану:  Слайдпен жұмыс.

Болжау әдісі арқылы суреттерді табу. Шыққан суреттердің бастапқы әріптерін қосып сабақтың тақырыбын анықтау.

1.Денесі кішкентай. Денесінің көп бөлігі қара, тек кеудесі ақ болады. Кейде оны алақанат деп те айтады. Қазақтар оны көрсе жаманат хабар келеді деп жорыса, енді бірде жақсылықтың жаршысы дейді. Ол қыстап қалады.

2.Дене тұрқы 17 см-ге дейін жетеді.  Оның түрі қорқынышты. Олардың қанаттары жоқ. Тек  айырмашылығы жүретін 8 аяғы бар.

3.Ол  сымбат пен денсаулық кепілі. Оны көбіне балалар жақсы көреді. Дәмі өте тәтті. Ас қорыту жүйесін жақсартады. Чудо, биос деген түрлері бар.

4.Ол сопақша пішінді. Денсаулыққа пайдалы. Оның түсі сары. Ішінде шырыны бар. Шырынының дәмі қышқыл.

5.Ол өте биік болып өседі. Оның биіктігі – 40 метрге дейін жетеді. Өсімдіктің ағаш түріне жатады. Діңі жуан әрі мықты.

6.Оны  біз күнде көреміз. Оның түрлері өте көп. Түстері де әр түрлі болады. Оны біз көлік ретінде қолданамыз.

Сабақтың күтілетін нәтижесін анықтау.

Оқушылар ойланады, болжайды, сыни тұрғыдан ойланады

 

 

/ сауысқан/

 

 

 

 

/өрмекші/

 

 

 

йогурт/

 

 

 

/лимон/

 

 

 

/емен/

 

 

/ машина/

«СӨЙЛЕМ» сөзі шығады.

 

Сабақтың табыс критерийін анықтайды.

ІІІ.Негізгі бөлім

Мағынаны тану

 Әр оқушыға сөйлемдер таратылады. Белгілі бір қасиетіне сүйеніп  сөйлемдерді  топта және  кімнің өлеңдері екенін анықта.

Самат – оқуға ынталы бала. Ол сабақтан кешігуді білмейді. Оқулықтарын таза ұстайды.

 

Атасызға ата бол!

Батасызға бата бол!

Панасызға пана бол!

 

Азамат емей немене?

Озат емей немене?

Жаман емей немене?

 «Бинго» әдісі арқылы өткенді еске түсіреді. Осындай кестенің 3-нұсқасы беріледі.

Оқушылар сөйлемдерді хабарлы, лепті, сұраулы екенін анықтап, 3 топта бөлінеді. Топтық ереже құрастырады.

-Бұл – мәтін. Өйткені 3 сөйлем бір-біріне байланысқан. Хабарлы сөйлемдер.

— Төле бидің батасы. Қазақтың данагөй билерінің бірі. Лепті сөйлемдер.

 

-Бұқар жырау – Абылай хан заманында өмір сүрген ақын.Сұраулы сөйлемдер.

 

Сынып оқушылары кестедегі сұраққа жауап жазады. Оқушылар тез әрі дұрыс жауап жазып Бинго 1, Бинго 2, Бинго3 жеңімпазы атанулары керек. Жүлделі 3 орынға ие болған оқушылар марапатталады.

«Шапалақ» формативті бағалау.

Оқулықпен жұмысТоптық жұмыс.

1-топ. 2- жаттығу. Адасқан тыныс белгілерін орнына қой.

 

2-топ. 4-жаттығу. Өлеңді жатқа айт. Сұраулы сөйлемді хабарлы сөйлемге айналдыр.

 

3-топ. Армандау, қиялдау, бұйрық түрінде лепті сөйлемдер құрады.

 

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» өзара бағалау.

— Марат жазық далады қой бағып жүр! Қыста аю не істейді. Алақай, менің атым озып келді?

*Қарның ашып қалды ма? Қошақанның атынан балаға жауап жазады. Сыни ойланады.

Әр топтан бір өкіл шығып постерлерін қорғайды. Бағалау критерийлері:

1.Ойын тиянақты жеткізіп, постерін қорғай білуі.

2. Сауатты, таза жазуы.

3. Топтың барлық мүшесінің қамтылуы.

Ойтолғаныс. «Кім тапқыр?» ребус шешу. Жауабы:Елбасы.

 1 –желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Мереке күніне өз үлестеріңді қосуға дайынсыңдар ма? Олай болса  мына сөздерге дыбыстық талдау жасайық.

Астана    Ақорда    Елбасы   /тақтада 3 оқушы орындайды, қалғандары өз беттерімен/ Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыру.

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.

Сергіту сәті «Мен бәрінде орындай аламын»Мен барлығын жақсы көремін, сол үшін көздеріме рахмет. /көзді уқалау/

-Мен барлығын жақсы естимін, сол үшін құлақтарыма рахмет. /құлақты айналдыру/
-Мен барлық жерге барамын,  сол үшін аяқтарыма рахмет. /топ-топ басу/
-Мен барлық жұмысты атқарамын, сол үшін қолдарыма рахмет./шапалақтау/
-Мен барлығын білемін, сол үшін басыма рахмет. /бастарын сипау/

Қорытынды-Балалар, сендер сияқты бір оқушы тыныс белгілеріне берілген жаттығуларды орындай-орындай шаршап қалған екен. Сосын бір күні ол үш тыныс белгісін жинап, оларға  ашуланды. Не деп ашуланды  екен? Білгілерің келе ме?

-Олай болса «Тыныс белгілері» қойылымын тамашалап көрейік.  / 4 оқушы шығады/
1) Оқушы: Леп белгісі!

                  Сен неге осы айғайлай бересің?
Сөйлемге қандай мағына бересің?
Леп белгісі: Мен ылғи айғайлай бермеймін,
Қуана да, күле де білемін.
Кейде өкініп, кейде ренжісем де,
Көбінесе  көтеріңкі, көңілді жүремін.
1)  Оқушы: Ей, кішкентай ғана Нүкте!
Сенің осы керегің жоқ  түкке!
Керек болсаң айта қойшы,
Сырыңды менен бүкпе.
Нүкте: Мен сөйлемнің соңында тұрам,
Солында емес, оңында тұрам.
Сөйлемдердің жігін ажыратып,
Кідіріс белгісі орнында тұрам.

1)      Оқушы: Сұрақ белгісі!

           Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың

           Осы саған не керек?

Сұрақ белгісі: Маған ең алдымен сұраулық шылау керек.

Екіншіден сұрау есімдіктері керек.

Олар қатысқан сөйлемдер соңында

Ойлашы өзің не келед?

Мұны білмесең бала, онда ісің шала.

Оқушы: / оқушы қыз тыныс белгілерінің жауаптарына ойланып қалып/

-Жарайды,  барлығыңда қажет екенсіңдер! Мен білмеппін. Кешіріңдерші.  Мен сіздерді бір-бір үйге  орналастырайын.

«Үйшіктерге орналастыр!»

— Балалар,  үйшіктерде тұратын сөйлемдер адасып жүрген көрінеді. Оларды үйлеріне апарайық Ол үшін алдарыңыздағы түрлі-түсті қағаздың артындағы сөйлемді оқиық, не үшін ол үйге баратынын дәлелдейік.

 

 

 
Сен қайда тұрасың?   Абай – қазақтың бас ақыны.     Бақытты бол, балам!

Сенің арманың қандай?  Менің сүйікті ағам бар.  Қош келдіңіздер!

Өскенде кім боласың?    Оқу – білім бұлағы    Отан сүйер ұлан болыңдар!

БағалауКері байланыс парағын толтырады.
Үйге тапсырма1-      жаттығу. 94-бет