Сөз құрамы

Сабақтың тақырыбы :  Сөз құрамы

Сабактың мақсаты:

а) Сөз, сөз құрамы оның мағынасы туралы білімін кеңейту; берілген сөздермен мағыналас сөздерді таба бірлуге, мағынасын анықтауға үйреті.

ә) Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ауызша және жазбаша тілін дамыту.

б) Әдептілікке ,  адамгершілікке, сауаттылыққа  тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтыңәдісі:  әңгімелесу, ашық ой

 

Сабақтың барысы

I.Қызығушылықты ояту

Окушылардың сабаққа дайындығын тексеріп қадағалау

Ережелерді пысыктау (ауызша)

 

II Мағынаны тану

 Жаңа тақырып

1) Кіріспе

— Сөзге қосымша жалғанғанда сөз мағынасы өзгереді. Қосымша екіге бөлінеді: жұрнақ пен жалғау.

Жалғау сөз бен сөзді байланыстырса, жұрнақ сөздің мағынасын өзгертіп тұрады.

 

2) Оқулыкпен жұмыс.

      

                                       1 – жаттығу

Аңшылық, таулы, ерлік, өжеттілік, қайраттылықтың.

Түбірі – аң, тау, ер, өжет, қайрат.

Жұрнағы – шы, -лық, -лы, -ті, -лік, -ты, -лық.

Жалғауы – тың.

 

  • – жаттығу

Ағатай, кітапша, құлыншақ, балапан.

— Ағатай, қашан келдіңіз?

— Қойын кітапшаға жазып алдың ба, Айжан?

— Аулада қара торы құлыншақ шауып жүр.

— Қаздың екі балапаны адасып қалыпты.

  • 3– жаттығу

— Доп, С, жастық.

Достық.

Түбірі – дос, -тық – жұрнақ.

Достық – әлемдегі ерекше бағаланатын сезімдердің бірі.

 

                                      4 – жаттығу

Конькиге де, шаңғыға да, шанаға да

Жоқ бүгін бір тыныштық.

Өңкей жүйрік қара бала

Төмен қарай өрден ұштық.

  • Түбірі мен қосымшасын ажыратып белгілеу.

ІІІ Толғаныс:

 Бекіту.

а) Сызбамен жеке жұмыстану

ә) Топшамамен жеке жұмыс

Қорытындылау.

1.Қарама-қарсы мағыналы сөздерге мысал келтір.

  1. Түбір дегеніміз не?
  2. Жалғаудың жұрнақтан айырмашылығы неде?

 Бағалап мадақтау

Үйге тапсырма

7 — беттегі  3 -жаттығу және ережені жаттау.