Озық ойлы Абайтанушы

Озық ойлы Абайтанушы

Сабақтың мақсаты:

а) Абай Құнанбайұлының шығармашылығы бойынша өткенді қайталау, пысықтау, бекіту. Ұлы ақын шығармаларының өміршеңдігін, оның азаматтық биік тұлғасын, қазақ жазба әдебиетіне қосқан үлесін таныту.


ә) Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру,
жамандықтан жирендіру, адал махаббат пен таза достықты үлгі ету. Туған елін сүю, құрметтеу сезімдеріне әсер ету, оқушылардың ой — өрісін дамыту. «Адам» деген ұлы есімге лайық болуға тәрбиелеу.

б) Өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасай білуге үйрету, шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру.Қабілеттерін дамытуға талаптандыру, проблемалық жағдаятты шеше білуге үйрету, ізденгіштік, байқағыштық машықтарын дамыту.

Сабақтың типі: Білімді бекіту сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс (зияткерлік)

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Талдау, жинақтау, сұрақ-жауап, өз бетінше іздендіру, шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті,шығармаларының жинағы, домбыра,оқушылар еңбектері (газеттер, реферат т.б)
Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, саз өнері,орыс тілі.

Сабақтың барысы


Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім балаларды сабақ кезеңдерімен таныстырады,әділқазылар алқасын сайлайды.
1-кезең: «Бәйге». Бұл кезеңде ауызша қойылған 25 сұраққа жауап беріледі.
2-кезең: «Ұста өлмес — істеген заты қалар,
Ғалым өлмес — қағазда аты қалар»
(Абайдың мақал-мәтелге, афоризмге айналып кеткен сөздерін жатқа айту).
3-кезең: «Көкпар» (Абай өлеңдерін жатқа оқиды).

4-кезең: «Көңілім әнді ұғады» (Абай әндерін айту).
5-кезең: «Қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» (ой тол-ғау)
Мына тақырыптар бойынша:
а) Абай – ақындар пайғамбары
ә) Абай және қазақ тілі
б) Абай өмірі — адал махаббаттың үлгісі
в) Абай – ұлы достықты жырлаушы
г) Қазақтың Абайы — менің Абайым
е) Абайды оқығаннан кейінгі ой.

Әділқазылар әр кезең сайын оқушыға (берген жауабы үшін) ұпай береді. Бала саны аз бол-
ғандықтан оқушы ойыннан шығарылмайды. Соңынан ұпайы саналып, жеңген оқушы «Ең озық ойлы абайтанушы» аталады.
І.Бәйге

1. Абай өмір сүрген жылдар? (1845-1904)
2. Абай туған жер? (Шыңғыстау.Абай ауданы, бұрынғы Семей облысы)
3. Абай Семейде қай жылдары оқыды? (1855-1858)
4. Абай неше жасынан ел билеуге араласады? (13)
5. Абайтану курсының негізін салушы кім? (М.Ә)
6. Қазақтың жазба әдеби тілінің негізін салушы кім? (Абай)
7. Абайға «Қазақтың бас ақыны» деп баға берген кім? (А.Б)
8. Абайдың Ділдадан туған балаларын ата?(Ақылбай, Мағауия,Әбдірахман)
9. Абай алғашқы өлеңін қай жылы жазды және ол өлең қалай аталады? (1882 ж Қансонарда»)
10. Абай алғашқы өлеңін кімнің атынан жазып жүрді? (Көкбай)
11.Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қашан және қайда басылып шықты? (1909 ж Петербург)
12. Абайдың өнер-білімге шақырған өлеңдерін ата?
13. Өлеңмен жазған шығармалар қалай аталады? (поэзия)
14. Абайдың поэмаларын ата. (Ә.Ә.Масғұт «Ескендір»)
15. Ақынның аяқталмаған поэмасы қайсысы? (Ә.Ә.)
16. Абайдың тұңғыш аудармасы қалай аталады? кімнен? (Бародино, Лерм.)
17. Абай М.Ю.Лерматовтан неше шығарма аударған? (27)
18. Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып…» өлеңінің негізі қай ақыннан алынған?

(Гете)
19. Классикалық поэзия үлгісінде жазылған, Н.Некрасов суреттерінен үндес шығармасын ата (Қыс)
20. «Моласындай бақсының, жалғыз қалдым тап шыным…» үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған? (Сегізаяқ)
21. Абай және Пушкин жөнінде не айтасың?
22. Абайдың Крыловтан аударған шығармасын ата?
23. Абайда неше қарасөз бар? (45)
24. Абайдың қандай әндерін білесің?
25. Абай мен Жамбыл байланысы жайлы не айтасың.

ІІ «Ғалым өлмес – қағазда аты қалар». Бұл кезең бойынша оқушылар өздері білетін нақылға, мақал – мәтелге айналып кеткен ақын сөздерін жатқа айтып, мағынасын ашып береді. Ерекшелігі: бірінің айтқанын екіншісі қайталамайды.
ІІІ. Көкпар  Абай өлеңдерін жатқа оқиды. «Көкпар» деп аталу себебі, мұғалім нұсқаған оқушы өлеңнің алғашқы тармағын айтады, келесісі іліп әкетіп, жалғастырады. Осылайша оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтып шығады. Мұғалім нұсқаған оқушы білмесе ұпайы кемиді. Ал енді бір өлеңді оқушы өзі ғана айтып шықса, онда ұпай тек сол оқушыға қосылады. Ұсынылатын өлеңдер:
«Сегізаяқ».
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім».
«Ғылым таппай мақтанба».
«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол».
Табиғат лирикасы «Ескендір» поэмасын үзінді, «Махаббатсыз дүние бос».

«Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да»т.б.
(Бұдан басқа өлеңдерінде беруге болады).

IV. «Көңілім әнді ұғады» Бұл кезеңде оқушылар Абай әндерін орындайды.

V. «Қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» (ойтолғау)
Бұл кезеңде оқушылар жоғарыда берілген тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салады. Балалардың шешендік өнерді меңгеруіне, сөз саптауына ерекше көңіл бөлінеді.
Қорытынды. Мұғалім сабақты қорытындылап, сөзді әділ қазыларға береді.
Әр оқушының ұпайы саналып, үздік шыққан оқушы «Ең озық ойлы абайтанушы»аталады.
Үйге тапсырма. Абай шығармашылығы бойынша шығарма жазу