Ұлттық баскиімдер

Біз бүгін ұлттық баскиімдер мен жақынырақ танысамыз.

Бұрынғы қазақтың ұлт ретіндегі бір ерекшелігі бар. Ол қазақтың жаланбас жүрмегені. Тіпті балаларға дейін тақия кигізіп, оны үкілеп қоятын болған. Жаланбас жүрмеудің эстетикалық, экологиялық негіздері бар.

Мың жылдық тарихында аттан түспеген, тас сарайда отырмаған халық үшін денсаулық сақталуы қажет. Қыста аяз өткізбейтін, жазда күн өткізбейтін, баскиімдер керек болған.


Қазақтың ұлттық баскиімдері алуан түрлі.

Кесте: қазақ баскиімдерінің түрлері (интерактивті тақтада).

Баскиімдер тігілуіне қарай түрліше болады: қысқы баскиімдер, жазғы баскиімдер және әйелдер баскиімдері, ерлер баскиімдері болып бөлінеді.

Ерлер баскиімдері

Бөрік – төбесі домаланып пішілген, шетіне қымбат тері жағалатып тігілетін баскиім. Оны жеткіншектерден бастап, ересек адамдарға дейін киеді. Бөрікті әр түрлі үлгіде қозы қой, түрлі аң терілерінен тігеді. Бұрын ақын, әнші саңқой салдар мен өнерпаз жастар өте сәнді тігілген шошақ төбелі құндыз бөрікке үкі тағып киетін болған. (Сурет тақтада).

Тақия – қалпақтың, қысқы бөріктің астынан киетін, қатты матадан тігілетін баскиім. Оны жасөспірімдерден бастап, ақсақалдарға дейін киетін. (Сурет тақтада). Тақияның да үлгілері мен атаулары көп.

Қалпақ – аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киім немесе қалып мата салынып сырылып тігілетін ер адамдардың баскиімі. Қалпақтың әр түрі бар. Зәкір тәріздес, конус тәріздес, айыр қалпақ. Қалпақтың киізден жасалу себебі киіз ыстық өткізбейді, қалпын жақсы сақтайды.


Тымақ – мал терісінен жасалады, қыстыкүні киетін, жылы баскиім. Әр әр облыста тымақ әр алуан үлгіде тігіледі. «Арғын тымақ», «Үйсін тымақ».

Орамал: Басты жабудың жігіттер қолданған ең қарапайым да ыңғайлы түрі – орамал байлау.

Бас орамал төртбұрышты жұқа, оны үшбұрыштап бүктеп (кейде – бүктемелі де) болады. Орамал күннің көзінен сақтап, жұмыс істегенде терді жібермейді. Орамал ораудың тағы бір түрі – сәлде оны діни білім алған жігіттер ораған. Сәлде ақ, көк маталардан, сәнділері паршамен әшекейленіп жасалған.

Күләпара – осы күнге ұмыт бола бастаған ұлттық баскиім. (Далабай деп те атайды).  Кейде тымақтың сыртынан кейде өзі де жеке киім беретін жеңіл баскиім беретін жеңіл баскиім. Жұқа матадан астарлап тігілетін баскиімді жігіттер аңшылықта, мал баққанда киген.

Дулыға. Батырлар киетін шошақ, биік болып келетін әшекейлі баскиім. Оның темірмен, шынжыр тормен қаптаған әсем түрлері көп.

Әйелдер баскиімі (тақтада)

Жаулық – орта жастағы әйелдер төртбұрышты мақта матасынан немесе жібек матасынан бүктеп тағатын орамал. Сәндік үшін жаулықтың астынан күндік немесе қасаба киеді. Жаулық ақ матадан немесе ақшыл түстес матадан тағылады.

Бөрік – қыз балалар киетін жұқа киізден тігіліп, терімен қапталған баскиім. Жиегіне айналдыра тігілген теріні әр түрлі ірі асыл тастармен әшекейленеді. Тігілген теріге байланысты: құндық бөрік, камшат бөрік, түлкі бөрік.кимешек – жасамыс әйелдер киетін баскиім. Ол оны бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігіледі. Ақ матадан бет жағы ойылады, жағы, өңірі айқасады, кестеленеді, төбесіне сәндік үшін шылауыш немесе күндік оралады.

Қасаба – жаңа түскен келіндер тандаған соң немесе сәукелені шешкеннен кейін киетін ертеден келе жатқан баскиім. Қасабаның тұрпаты дөңгелек, желекіне қарай ойынқылау, биіктігі әр түрлі.

Тақия – жас қыздар ұзатылғанға дейін киетін жеңіл, әсем баскиім. Биіктігі 10-15 см мөлшерінде дөңгеленіп тігілген, жалпақ төбесіне үкі тағылады.

Сәукеле – әйелдің баскиімінің ішіндегі ең әшекейлісі де күрделісі. Сәукелені ұзатылған қыздар мен сол қызға еріп жүріп сынсу айтатын нөкерлер де киген. Қалындық күйеудің еліне барғанда да сәукелесімен барған. Той өткесін сәукелені іліп қойып, оның орнына желек киген.

Сәукеленің негізі оның төбесі. Төбе талдырма етіп қозы жүнінен арнаны басқан ақ киізден не арасына қыл салып сырылған матадан істелген. Содан кейін төбені кестелеген,шет-шетіне, құндыз жұрып, ұстаған немесе алтын, күміс оалқамен зерленген тыспен тыстайды. Сәукеле төбесінің биіктігі екі сүйем, кейде одан да биік болады. Төбесінің өн бойы алтын күміспен мерует маржанмен асыл тастармен әшекейленген екі жақ самай тұсынан бетке жеткізе шолып тәріздендіріп бірнеше қатап маржан тізілген салпыншақтарды бетмоншақ немесе сәукеленің бетмоншағы деп атайды.

Сарамандық жұмыс:

Сәукеле дайындау.

Жоспар

  • эскиз жасау
  • үлгі дайындау
  • үлгіні матаға салып пішу
  • тысын дайындау
  • әшекейлеу

Керекті құралдар: қызыл барқыт мата – 0,5 м, 0,5 м қатырма қағаз, 0,5 жұқа мата, моншақтар, әшекейлі заттар.

Сәукелені дайындау үшін конустың хажбасын қолданамыз.

Бастың өлшемі.

Қатырма қағазда конусты жазбасын сызамыз. Матаға үлгісін бастырамыз. Жұқа матаға үлгісін үлгісін бастырамыз. Дайын бөліктерді сырып тігеміз. Сырылған бөлікті екі жағынан бір-біріне түйреп отырып торлап тігеміз. Тысы мен астарды қосып тігеді. Дайын баскиімді әшекелейді.