Зигфрид Ахметұлы

Сабақтың тақырыбы: Зигфрид Ахметұлы. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға Мұхтар Мағауиннің өмірі, шығармашылығы, «Бір атаның балалары» хикаяты, оның композициялық құрылысы, Зигфрид Ахметұлы жайлы

толық мәлімет беру.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, рефераттар, бүктемелер


Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау,

Сабақтың барысы:

а)  Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. М.Мағауиннің өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
  2. «Бір атаның балалары» хикаятының мазмұнын сұраймын.
  3. Қосымша сұрақтар қойып, өткен тақырыпты қорытындылаймын
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Мұхтар Мағауиннің өмірі, шығармашылығы, «Бір атаның балалары» хикаяты, оның композициялық құрылысы басты кейіпкері Зигфрид Ахметұлы жайлы толық түсінік беремін.

Мұхтар Мағауин — бүгінгі ұрпақтардың да, келешек ұрпақтардың да алдында айрықша еңбегі бар айтулы қаламгер.

Ол кұрастырған «Алдаспан» антологиясы кенезесі кепкен Бетпақтың шөлінен аяқ астынан баяғыдан әнге қосып келе жатқан айдын көл қайта шалқып шыға келгендей әсер етті. Оған іле-шала жарық көрген «Қобыз сарыны» монографиясы әлгіндей шалқардың бар жазирасы мен бар тереңін қапысыз ашып берген ерекше ғылыми еңбек болды. «Алдаспан» мен «Қобыз сарыны» өз тұсындағы қазақ әдебиеті мен қоғамдық ойында шешуші бетбұрыс жасай алды.

Оның романдары, әңгімелері мен хикаяттары төл әдебиетіміздің пайымдық-парасаттық деңгейін тереңдеткен, көркемдік-бейнелеушілік деңгейін биіктеткен сүбелі үлес болды. «Тазының өлімі», «Жыланды жаз», «Бір атаның балалары», «Мұрагер», «Көк мұнар», «Аласапыран», «Шахан-шерілердің» қай-қайсысы да — тек әдебиетіміздегі ғана емес, замандастарымыздың жан дүниесіндегі толқыныстар мен сілкіністерғе -айта қаларлықтай ықпал ете алған тегеуірінді туындылар…   (Әбіш Кекілбай)

Зигфрид Ахметұлы немістің Ахмет асырап алған баласы. Ол Зигфрид Вагенр еді Ахмет асырап алған соң Зекен Ахметұлы Бегімбетов болып атанып кетеді.

 

 

 

 

 Сабақтың қорытындысы:

1 .Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.

  1. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын

З.Үйге тапсырма: М.Мағауиннің өмірі, шығармашылығы жайлы оқып, «Бір атаның балалары» хикаятын оқып, мазмұнын әңгімелеп келу