Төрт түлікті тани біл

Тақырыбы: “Төрт  түлікті  тани  біл”.

Мақсаты: Оқушылардың төрт  түлік туралы  ұғымдарын бекіту, пірі, шақырылуы, төл    атаулары   туралы   білімдерін   тиянақтау,  төрт   түлік   жөнінде   халық     даналығымен  таныстыра  отырып, тіл  байлығын  жетілдіру, еңбекке  баулу.

Көрнекілігі:  төрт түлік мал  туралы  мақалдар, суреттер.


Барысы:

Командалық  сайыс.”Құлыншақ” және “Ботақан” топтары  арасында.

                  Сайыс  шарты: Сәлемдесу.

  1. Сұрақ-жауап.
  2. Жұмбақтар.
  3. Төрт түлікке байланысты  ырым-тыйымдар.
  4. Мақалдар мәнін түсіндіру.
  5. Төрт түлік өнімдерін  дайындау  әдісі.
  6. Төрт түлік өнімдерінен  көрме.

І. Сұрақ-жауап.1-топқа.

  1. Сиырдың пірі? (Зеңгі баба).

2.Түйенің  пірі? (Ойсыл қара).

  1. Жылқы малын жасына  қарай  қалай  атайды?   (құлын, жабағы, тай, байтал,

құнан, дөнен, құлық, бесті, бие, сәурік, айғыр.

  1. Қой малын жасына  қарай  қалай  атайды? (қозы, көбеген, марқа, тоқты, ісек,

тұсақ, саулық)


  1. Қымыз түрлерін атаңыз: (9 түрі бар: уыз  қымыз, сары, саумал, бал, бесті, дөнен,     жуас қымыз, түнеме, құнан  қымыз).
  2. Қос өркешті түйе  қалай  аталады? (қаптағай)
  3. Құдаларға тартатын ас (құйрық-бауыр).
  4. Жылқы етінен жасалатын  тағамдар:(қазы-қарт,жал-жая).
  5. Қазақтың ұлттық сүт  тағамдарын  атаңыз(айран, көже, май, қаймақ, ірімшік,

сарысу құрт, қойыртпақ, шұбат, қымыз,т.б.).

2-топқа.

  1. Қойдың пірі? (Шопан ата).
  2. Жылқының пірі? (Қамбар ата).
  3. Ешкі малын жасына  қарай  қалай  атайды? (лақ,туша, бөрте, шыбыш, ешкі, серке).
  4. Сиыр малын жасына  қарай  қалай  атайды? (бұзау, баспақ, торпақ, тана, тайынша,      қашар, құнажын, дөнежін, сиыр, өгіз)
  5. Ер тоқымның бөліктерін  атаңыз (үзеңгі, ер, құйысқан, өмілдірік, айыл т.б.)
  6. Дара өркешті түйе қалай  аталады? (нар, бактриан)
  7. Сыйлы қонаққа берілетін  сүйектер (бас, жамбас).
  8. Түйе сүтінен алынатын  тағам (шұбат).
  9. Қазақтың ұлттық ет  тағамдарын  атаңыз (қуырдақ, әсіп, борша, жау бүйрек,

мипалау, қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, түшпара, шұжық т.б.).

 

ІІ. Жұмбақтар.  1-топқа:

  1. Тау астында төрт  бала,кезек-кезек  ойнаған

Төрт  баланың  қолына  төрт  айды  әкеп  байлаған (лақ  тұяғы).

  1. Арқасында ерімен туған,

аптасына  бір  ішеді  судан (түйе)

  1. Басында екі таяғы  бар, төрт  аяғы  бар,

Сегіз  тұяғы  бар, иегінде  сақалы  бар (ешкі).

  1. Екі ошаққа  бір  көсеу (сиыр  танауы, тілі).
  2. Жан-жағына елеңдеп, үзіп-үзіп  ішеді,

тұнық  суға  тереңдеп, жүзіп-жүзіп  ішеді.(жылқы).

           2-топқа.

  1. Кішкентай ғана бойы  бар,

айналдырып  киген  тоны  бар (қой).

  1. Көкке шаншып құйрығын,

келеді  шауып  жүйрігім (құлын).

  1. Төрт бұлағы-сүт, баққанға ол-құт. (сиыр).
  2. Ел жатса да  енекем  жатпас (түйе  өркеші)
  3. Екеуі елеңдеп келеді,төртеуі  төбелесіп  келеді.  (Аттың  екі  құлағы,төрт аяғы).
  4. Төрт түлікке байланысты  ырым-тыйымдар.

 

IІІ. Ырымдар      І-топ:

  1. Малдың бірінші сауылымынан  жасалған  майды  асқа  қолданбай, онымен

жақтауды,     табалдырықты  майлайды.

  1. Бие сауатын ыдысты  аудармайды.
  2. Кешкісін қорадан мал  бермейді.
  3. Атты бастан ұрмайды.
  4. Соғым сүйегін жақпай, жинап, босағаның  оң жағына көмеді.
  5. Мал қораның  ішінде  ысқырмайды.

            2-топ.

  1. Мал басын сойғанда немесе сатқанда  сілекейін  үйдегі  малдың  арқасына  жағады.

2.Туған  малдың  алғашқы  сүтін  ешкімге  бермейді.

  1. Малға теріс мінуге,мал  сүйегін  отқа  жағуға  болмайды.
  2. Қой қырқатын қайшыны  иесіне  қайтарғанда  жүнге   орап береді.
  3. Жылқыны сатып не сыйлағанда  ноқтасымен  бермейді.
  4. Малды аяқпен теппейді.

 

ІV. Мақалдар  мәнін  түсіндіру. Мақалдарды  жалғастырып, мағынасын  ашу.

                      1-топ:

  1. Жуас түйе — (жүндеуге жақсы).
  2. Өгізге туған күн — (бұзауға  да  туады).
  3. Жаман атқа жал  бітсе — (жанына  торсық  байлатпас).
  4. Қуырдақтың көкесін — (түйе сойғанда  көресің)
  5. Ат көрмеген ат  көрсе,шаба-шаба  бітірер,(тон  кимеген  тон  кисе, қаға-қаға

бітірер).

2-топ:

  1. Әңгіме бұзау емізер, (бұзау  таяқ  жегізер).
  2. Арық атқа қамшы  жау, (жыртық  үйге  қамшы  жау).
  3. Түйенің үлкені — (көпірден таяқ  жейді)
  4. Семіздікті (қой) көтерер.

5.Жылқыда  да  жылқы  бар,қазанаты  бір  бөлек,

(жігітте  де  жігіт  бар, азаматы  бір  бөлек).

  1. V. Төрт түлік  өнімдерін  дайындау  әдісі  бойынша  сұрақтар.

Ащы  құрт  жасау   технологиясы

Сүзбе  жасау   технологиясы

Қайнатқан  құрт  жасау   технологиясы

Ірімшік  жасау   технологиясы

Май  жасау   технологиясы

Айран  ұйыту  жасау   технологиясы

Тәтті  сүзбе (творог)   жасау  технологиясы

Сарысу  қайнату  технологиясы

Қазы  айналдыру  технологиясы

VІ. Төрт  түлік  өнімдерінен  көрме.

“Бірде  жақын,бірде  алыс, алшақтаған,

Басқа  байлық  қазаққа  аңсатпаған

Мінсе – көлік, ішсе – ас, кисе – киім,

Малмен  ғана  қазағым  жан  сақтаған, — дегендей  төрт  түлік  малдың  қадірін  бәрімізде  жете  түсініп, құрметпен  қарайық

Соңы