Тыныс алу мүшелерінің аурулары және аурудың алдын алу

Сабақтың тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің аурулары және аурудың алдын алу.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды тыныс алу мұшелерінің аурулары және аурудың алдын алу   туралы түсініктер беру.

Дамытушылық: Ойлау, материалдарды меңгеру,есте сақтау қабілетін дамыту.


Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, тыныс алу гигиенасын сақтауға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: эврикалық сұбхат,тірек-сызбамен талдау.

Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру бөлімі. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегеніміз не ?
  2. Спирометр деген не ?
  3. Тыныс алу қызметі мидың қай бөлігінде реттеледі ?
  4. Тыныс алу орталығына қозу қандай репцепторлырдың әсерінен түседі?

5.Түшкіру қай уақытта пайда болады?

6.О.Ж.Ж. тыныс алу қалай, қай заттың әсерінен жүзеге асады ?

  1. Суға кеткен адамның белгісі қандай,ол адамға қандай көмек көрсетуге болады?

Жаңа сабақ:


Тыныс алу мүшелерінің ауруларына тұмаудан басқа — ауатамыр мен өкпенін қабынуы, тыныс демікпесі, туберкулез және т.б. жатады. Өкпенің қабынуы — аурудың кең тарағаң түрі. Организмге ауру, тудыратын микробтар түскенде және суық тигенде, өкпе кабынады. Өкпе кабынғанда дене қызуы 39,4-40 градуска дейін көтеріледі, жөтел пайда болады, бүйірі шаншиды. Адам жөтел-генде, түшкіргенде шаншу күшейеді, жиі-жиі тыныс алып, ентігеді. Мүндайда адамның екі беті қызарып, несептің түсі сарғыштанып, аз бөлінеді.

Ауатамырдың қабынуы баяу басталады, оның белгілері бірден сезіле қоймайды. Наукас сирек жөтеледі, қақырық көкшіл тартады, аздап дененің қызуы кетеріледі. Ауру өршіп, ұзақда созылуы да мүмкін. Тыныс демкпесімен ауырған адамның тыныс алуы қиындайды. Бұл — булықтыратын ұстамалы ауру. Аурудың пайда болуына шаң-тозаң, малдың жүні, шөп, гүл және т.б. иісі және көңіл-күйдің езгеруі де әсер етеді. Негізінен, тыныс демікпесі тұқым қуалайды. Бұл ауруға шалдыққан балалар ашуланшақ келеді, денесіне есекжем, теміреткі, бертпе шығады. Ауру ұстағанда — өкпенін шырышты қабықшасы ісініп, ауатамырлардың түтікшелерін бітейді, тамырлары білеуленеді.. Демікпеден сақтану үшін организмді шынықтырып, ты­ныс тынысы тарылады, наукас булығып, сырылдап дем алады, беті көгеріп, күре алу жаттығуларымен шұғылданып, еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру құжет. 1—2 метрге дейін сілекейімен шашырап, микробы ауаны ластайды. Cay адам тыныс алганда, бұл микроб мұрын қуысына енеді де, сол арқылы өкпеге түсіп, оны зақымдайды. Науқас адам әуелі аздап жөтеледі де, одан соң қаны азайып, жүдейді, тамаққа тәбеті шаппай, ұйықтағанда терлей береді. Дене кызуы кешке карай 37—37,5 градусқа дейін көтеріледі. Туберкулез таяқшасы наукастың ас ішетін ыдысынан, сүлгісінен, тесек орнынан да жүғады. Таяқшаның ауру туғызуы сау адамның организміне байланысты. Егер микробқа қарсы күресетін күш, яғни имму­нитет пайда болса, онда оның әрекетінен денсаулық бүзылмайды. Науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде аузын және мұрнын қол орамалмен жауып, микробтын ауаға таралуына жол бермеуі кажет. Ауруды дәрігер ғана емдей алады.

Мұрын арқылы демалудың маңызы ерекше. Мұрын қуыс-ында толып жатқан қалташықтар бар. Олар ауаны жылытады. Суық күндері салқын тиіп ауырудан сақтайды. Мұрынмен ты­ныс алу —- тісті бүзылудан сақтайды. Өндірістерде лас ауаны тазарту үшін желдеткіштер, шаң-тозаң ұстағыштар орнатылса, ал үйдегі шаң-тозанды сулы шүберекпен сүртіп отыру керек. Темекі тартудың тыныс алу мүшелеріне әсері. Темекінін түтінінде ете улы зат — никотин бар. Темекі  түтшнің ішінде улы газ, шаң және күйе болады. Күніне 20 тал темекі тартатын адам 90 миллиграмм шамасында никотин жұтады. Алғашқы рет темекі тартқанда — адам уланады: басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. Темекі тыныс алу мүшелерінін бәріне зиянды өсер етеді. Никотин тыныс алу жолдарының шырышты қабығын тітіркенді, қабындырады , қорғаныш қабілеті нашарлаған шырышты қабық аркылы ауру туғызатын микробтар еркін өтеді. Сондықтан темекі тартатын адамдар суық тию және т.б. аурулармен жиі ауырады. Никотин қан тамырларын тарылтады. Өкпе обырымен ауырғандардың 97%-ы темекі тартушылар.  Себебі,  темекіні  ұзақ  уакыт  тарткандыктан, жара пайда болады.

Бекіту: 1.Тыныс алу мүшелерінің аурулары қандай?

  1. Өкпе туберкулезі, Кох таяқшасы қандай аурулар?
  2. Ауа көпіршігінің маңызы неде?
  3. Тыныс алу гигиенасы
  4. Суға кеткен адамның белгісі қандай,ол адамға қалай жасанды тыныс алдыруға болады?
  5. Тыныс алу мүшелеріне темекі тартудың зияны кандай?

Үйге §41 оқу.