Анашым, ән арнаймын өзіңе!

Тақырыбы: «Анашым, ән арнаймын өзіңе!»

Жүргізуші:  Армысыздар, аналар, ұстаздар, кішкентай бүлдіршін қыздар! Міне, көктемнің алғашқы күндерімен келетін ең тамаша мереке 8 наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймын. Осы мерекеге орай бүгінгі күні тобымызда ұйымдастырылып отырған «Анашым, ән аранадым өзіңе» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ардақтысы, ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі демекші тобымыздың балғын шәкірттеріміздің аналарына деген әдеби монтажын қаабыл алыңыздар. Әдемі әуен ойналып құлпырған көктем аруы келеді.


Сәлем, сәлем бүлдіршіндер,

Әзиз әже, назды аналар

Қуаныңдар алақайлап,

Құлпырыңдар бәріңде!

Жүргізуші:Бір өзінен бастап өмір жолдарын

Жүрегіңе жүрегімді жалғадым

Өзің мына сыйға берген өмірде


Ақ сүтімді ақтап өту арамным.

деп аналарына деген құметін білдіруге өлең жолдарына кезек берейік.

Думан: Анашым күлімдеген

Баласын күнімдеген

Баптаған өз қолыңмен

Тұлпарым сүрінбеген.

Қамарадинн:Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар!

Қадыршат: Ана деген ақылшым

Ана бар да батырсың

Қасымда кім болсада

Тек анаңа жақынсың

Диас:  Анам менің –өмірдегі тірегім,

Анам менің кеудемдегі жүрегім.

Егер менің қасымда сен болмасаң

Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Заңғар: Анашым-арман жырым

Сыйласан жандар гүлін

Жол тосып жүрсің бе әлі,

Желбіреп ақ жаулығын

Жүргізуші: Балалар анадарына деген ақ тілектерін өлең жолдарымен жеткізеді. Думан, Қамараддин, Қадыршат,Диас, Заңғар бірге айтады.

Өмірдегің қызығы

Өзіңсіз өтпейді

Біз үшін анаға

Ешкімде жетпейді.

Балалар қолдарындағы гүлдерді аналарға сыйлап ұсынады.

Жүргізуші: Балаға ең жақын, сіз аналар, Сіздің ыстық құшағыңыз балаға пана болар. Әлемдегі ең ғажап, ең әсем сөз бұл-Ана! Ендеше, құрметті аналар сііздерүшін мереке шашулары-деп «Құттықтаймыз, мама туған күніңмен!» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың,

Өміріме нәрін берді ақ сүттің

Кең құшағың аясындай гүл бақтың-деп өлең жолдарына кезегін берейік.

Дильназ: Анашым-мейірбан

Шарлатқан көңілбағын

Бойыма ақ сүтіңмен

Сыйладым өмір гүлін

Марлен:  Анашым аялаған

Құшағың сая маған

Әлемнің бар асылын

Мен үшін аямаған

Нұрдаулет:Ақ қабақты анашым

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын

Айналайын анашым

Маржан:  Анашым-сағынышым

Өмірдің жарығысын

Өзіңді қайда жұрсем

Іздеймін алып ұшып

Айдана:    Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын

Т.Мадина: Біз доспыз гүлдерм ен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз

Жүргізуші: Ардақтап аялап

Мәпелеп өсірген

Анамдай жан бар ма?

Қатемді кешірген

деп кезекті «Бала тілегі» әнін  шырқауға құлпырған қыздарымызды ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Бүлдіршіндерімізді аналарына арналған өлеңдерін оқуға шақырайық.

Әділ: Анашым әлдилеген

Күш қуат алдым сеннен

Өзіңсің бесігімді

Тербеткен ән күйіменен

Ақмарал:  Мен мұғалім анашым

Өнегесін аламын

Ертен менде анамдай Оқытушы боламын

Айнура:   Ақ анашым, аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бәрінде

 

Айымжан: Жақсы көрем күлкіңдщі

Айналайын, ақ мамам

Менің анам сүйкімді

Бәріненде жақсы адам

Жүргізуші: Ән: Айналайын, ақ мама!»

Десекте уақытпен санаспайды

Қиялға қиялымман қарыштайды

Шәкірттер шын жүректен тебірентіп

Жырларын аналарға бағыттайды.

Олай болса шәкірттерге аналарға арналған өлеі шумағына кезек берейік.

Асылжан: Мен үшін не керек-бәрін іздеп табасын

Айналайын анашым жұмысыңа барасын

Қайтып мені көргенде шын сағынып қаласың

Ғ.Мадина: Анашым, анажаным

Сағынып салар әнім

Бар ма жан сенен артық

Түсінер бала жанын

Эльшад:  Мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзін тыңдаймын

Анашымды сыйлаймын

Еділ: Ақ анашым, аппағы

Өзің жайлы тақпағым

Арналады сіздерге

Бар баланың тақпағы

Ералы: Анашым-ақ тілегім

Өзіңе бақ тіледім

Сезінем әрқашан да

Жүректің тәтті лебін

Бекет: Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Балаларды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Мирас: Көгімде күн болып

Жұлдыздай жанасын

Аман бол әрдайым

Аяулы анашым

Тлеухан: Ана біздің күніміз

Ананың біз гүліміз

Балаларды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Жүргізуші: Ойын: Кім көп сөз біледі?»

Шарты: Ортаға 2 ана шығады. Оларға қарама-қарсы балалары тұрады. Анасы баласына дейін әр қадым басқан сайын жылылық сөздер айтады.

Мысалы: айым, күнім, құлыным, құлыншағым, жұлдызым егер қай ана көп сөз айтса жеңіске жетеді.

Ойын: «Өз анаңды тап» балаларға арналған Ортаға 5 ер бала шығады, көздерін жұмып, өз аналарын алақаным ен сипап тауып алу кеерек.

Қортынды: Тіршілікке нәр беретін анаға деген сүйіспеншіліктермен өлең жолдарымен әуенді әндерімен балаларымыз жеткізе біледі.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды

Мезгілде біраз жерге таяп қалды

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.

Аналар барлығы бірге «Анаға сәлем» әнін шырөайды.