Қазақ хандығының құрылуы сабақ жоспары

Пәні:Қазақстан тарихы
Сыныбы:
Сабақтың тақырыбы:Ашық сабақ: «Қазақ хандығының құрылуы»
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
А) ақпараттық құзыреттілікҚазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.

 

Ә) коммуникативтік құзыреттілікТұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

 

Б) проблеманы шешу құзыреттілігіКартамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.


 

Сабақтың түрі:Қайталау,қорыту сабағы
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:Білім беруді  ізгілендіру,  СТО әдістері-ой қозғау, рефлексия, постерлермен жұмыс
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс:Әдебиет,Дүние жүзі тарихы
Оқыту құралдары:интернет жүйесі: скайп бағдарламасы, магнитті тақта мен суреттер, АКТ, «Онлайн сабақ»
Сабақтың барысы:Мұғалімнің қызметіОқушының қызметіКүтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру бөліміАмандасу, оқушыларды түгендеу; назарларын сабаққа аудару.

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

Амандасады; оқу-құралдарын дайындайды

Оқушылар тұрып амандасады

Сынып сабаққа психологиялық тұрғыдан дайын
    
Үй тапсырмасын тексеруОқушылар, енді өткен сабақта алған білімдерімізді қайталайық! Картамен жұмыс

1. Қазақ хандығының қай жерде және қашан құрылғанын көрсету.

2. Жәнібек пен Керей сұлтандар Қазақ хандығының шекарасын қай жерге дейін кеңейтуге ұмтылды.

«Керей хан » тобына

Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы саяси жағдай қандай дәрежеде еді?


«Жәнібек хан» тобына

Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылу қарсаңындағы этникалық жағдай қандай болды ?

«Әбілқайыр хан»тобы

Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары туралы әңгімеле.

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар мұғалімінің қойған сұрақтарына жауап  беріп жатады

Картамен жұмыс жасайды

 

 

 

 

 

 

Барлық оқушылар

Негізгі бөлім.

 Жаңа сабақ

«Қазақ хандығының құрылуы»

«Қазақ хандығы »видео ролик көрсетіледі

1.Мәтінді оқи отырып,постер қорғау.

«Керей хан» тобына

Керей мен Жәнібектің Жетісуға көшудегі мақсаттары

«Жәнібек хан»тобына

Қазақ хандығының этникалық құрылымы,көрші елдермен қарым қатынасы.

 

Оқушылар видео роликті көріп, мұғалімнің сұрақтарына жауап бередіОқушылар жаңа тақырыпқа сай постерлерді қызығушылықпен орындайды
«Ой қозғау» Жарайсыңдар, балалар! Балалар, енді тақтаға назар аударып Венн диограммасын орындаңдар.

 

 

«Керей хан»тобы

Керей мен Жәнібекті елбасы Н.Назарбаевпен  салыстыру

«Жәнібек хан»тобы

Қазақ хандығын Қазақстан Респу

ликасымен салыстыру

Оқушылар  Венн диограммасын

қызығушылықпен орындады

Қызығушылықтары артып,  кейін, ақынның өмірбаянымен танысады.
Шығармашылық жұмыс

 

 

 

Математикалық ойын.

1. 800*2 — 172= (1428 Әбілхайыр хан таққа отырды)

2. 424*2 — 182= (1466 Қазақ хандығының құрылуы)

3. 4300÷2 — 682= (1468 Әбілқайыр хан қайтыс болды)

4. 348*3+947 = (1991 Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алды)

5. 460*5 — 589= (1711 Абылай хан дүниеге келді)

6. 299*2+5= (603 Түрік қағанатының құрылуы)

Тапсырмаларды топтарға бөлу.Жаңа сабақты математика пәнімен байланыстыра отырып,танымдық қабілетін жетілдіреді.
Сабақты бекіту.

 

Алғаш қазақ тайпаларының басын қосып, мемлекет құрған ұлы сұлтандар Жәнібек пен Керейдің тарихи қызметіне бүгінгі күн тұрғысынан баға бере келіп, қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жалғасын тауып отырған тәуелсіздік идеясы мен оның  жеңісті жолдары дәлел бола алады.Қазақ хандығының қалыптасу, даму, нығаю кезеңдерін өзара сабақтастықта қарастыра отырып, қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының ішкі сыртқы саясатымен, парламентаризм жүйесімен ұштастырса, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттардың жүзеге асары сөзсіз.Оқушыларға сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау.Оқушылар өз ойларын айтады.
Үй тапсырмасыТақырыпты оқу. «Тәуелсіз  Қазақстаным» тақырыбында эссе жазуОқушыларға эссенің жазылу бағытын түсіндіреді.Үй тапсырмасын түсінеді
Бағалау.Екі жұлдыз,бір ұсыныс бойынша бағалауОқушылар күнделіктеріне бағаларын  қойдырадыОқушылар бірін бірі бағалайды
Кері байланысТақырыпты қалай меңгергенін білу бағытында шығу парағын пайдаланамыз..Оқушылардың жаңа сабақты қандай деңгейде менгергенін тексередіОқушылар пікірлерін стикерлерге жазып жапсырады