Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ» (Каронмен күрес) повесінен үзінді

Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ» (Каронмен күрес) повесінен үзінді

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: шығармадағы Балуан Шолақтың бейнесін, тарихтағы орнын, автордың бейнелеу шеберлігін оқушыларға таныту.
Тәрбиелілігі: оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіру
Дамытушылығы: оқушыларды дербес жұмыс істей алуға үйрету, өз ойын еркін жеткізе алу қабілетін дамыту. Шығармашылық жұмысқа баулу, өз бетімен зерттеу, ізденуге жетелеу, әңгімелеу, мазмұндау қабілеттерін арттыру.

I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, сабаққа назарын аударту.


II. Үй тапсырмасын тексеру: «Балуан Шолақ» повесінің үзіндісін оқу. Сұрақтар қою арқылы шығарманың мазмұнын меңгергенін тексеру.
1. Балуан Шолақтың атағы қандай оқиғадан соң ел ішіне жайылды?
2. «Сегіз қырлы жігіт» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
3. Балуан Шолақ қандай сыбыс естіді?
4. Балуан Шолақ қандай шешімге келеді?
5. Балуан Шолақ достарымен қайда келеді?
6. Балуан Шолақ пен оның достары Қара масканы қайда кездестіреді?
7. Французша күрестің ерекшелігі қандай екен?
8. Қара маска мен Балуан Шолақ қалай күресті? Үзіндіні оқып беріңдер.
9. Күрес қалай аяқталды?
10. Балуан Шолақ жұртқа өзінің күш иесі екенін қалай дәлелдеді?

Жаңа сабақ:
Шығарманың тақырыбы: Балуан Шолақтың ерлігі

Шығарманың идеясы: Балуан Шолақтай алыпты болашақ ұрпаққа үлгі ету, оқырмандардың санасында Балуан Шолақтың образын қалыптастыру, таныту.

Шығармадағы Балуан Шолақ бейнесін оқушыларға таныту мақсатында оқушыларға шығармадан төмендегі үзінділерді тапқызамын және оны дауыстап оқытамын.

1. Балуан Шолақ пен Каронның күресі
2. Шығармадағы балуан Шолақ бейнесі
3. Балуан Шолақтың ерлігі

Жаңа сабақты бекіту кезеңі:
Блиц — турнир сұрақтарына жауап беру:
v Балуан Шолақтың шын аты…
v Балуан Шолақ жеңген палуан…
v Балуан шолақ туралы шығарманың авторы…
v Қара маска дегеніміз…
v Балуан Шолақ өнерді… қаласында көрсетеді.
v Балуан Шолақ Көкшетау қаласына… рет келуі.
v Балуан Шолаққа… күресі ұнаған жоқ.
v Қара маскамен күрес үшін залогка… сом тігілді.
v Әдемі, кескінді, ақшыл сары өңді жігіт…
v Карон… халқының балуаны

Жаңа сабақты қорытындылау кезеңі:
Тарихта есімі қалған қос азамат Қажымұқан мен Балуан Шолақтың бейнесін ұқсастықтарын көрсете отырып, айырмашылықтарын оқушылар өздері табуы керек.
ВЕНН диаграммасы

Балуан Шолақ                     Қажымұқан
                    Ұқсастықтары


1. Екеуі де тарихта есімі қалған тұлғалар
2. Екеуі де әдеби шығарманың негізгі кейіпкеріне айналған
3. Қазақ халқының есімін әлемге танытқан.
4. Екеуі де цирк сахнасында өнер көрсеткен

Үй тапсырмасы: «Алып анадан туады» деген тақырыпта шығарма жазу.
Бағалау.