Жүсіпбек Аймауытов-қазақ әдебиетіндегі проза. жанрының классигі. «Қартқожа» романы, романның тарихи сипаты.

Сабақтың тақырыбы Жүсіпбек Аймауытов-қазақ әдебиетіндегі проза. жанрының классигі. «Қартқожа» романы, романның тарихи сипаты.

Мақсаты: Білімділік: Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, «Қартқожа» романының мазмұнына талдау жасай отырып,тақырыбы мен идеясын ашу.Романдағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі кейіпкердің өзінің дәуіріне сай жаңа тип ретінде қалыптасу жолын көрсету, романның көркемдік ерекшелігіне талдау.
Дамытушылық: Көркем шығарманы талдай білуге төселдіру, сын тұрғысынан ойлап,өз пікірін қорғауға дағдыландыру.өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу.Ынтасын, шығармашылық, ізденушілік, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік : Жазушы өмірін үлгі ету. Оқушыларды елін,жерін сүйе білуге баулу.Кейіпкер бейнесі арқылы өмірді таныту,өмірге көзқарастарын қалыптастыру,ақыл-ой адамгершілік қасиеттерін
бойларына сіңіре отырып,имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дамыта оқыту сабағы
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: түсіндірмелі –көрнекілік,баяндау,ішінара іздендіру, репродуктивті,топтастыру,«түсініктеме күнделігі», «әңгіме кестесі» «Еркін жазу» стратегиялары, тест- интервью.
Көрнекілігі: ақын портреті,шығармалары
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар түгенделіп, назары сабаққа аударылады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1.«Батыр Баян »поэмасының мазмұны.
2.Ұнаған өлең шумақтарынан үзіндіні жатқа оқу.
3.М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы мен І.Есенберлиннің «Жанталас»романы( Венн диаграммасы)
ІІІ.Үй тапсырмасын қорыту.
1. Баянның ,қалмақ қызының бойынан қандай қасиеттерді өзімізге үлгі қылып аламыз? Ноян бейнесі арқылы не түсіндің?
2. Поэманың идеялық-тақырыптық мақсаты не?
3. Поэманың мазмұнына қарап, ақынға мінездеме бере аламыз ба?
«…Мағжан-ең алдымен сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі,оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса , сырлы, көркем, сәнді жазады… Мағжанның ақындық күші,сөзге еркіндігі,суретшілігі «Баянда» толық көрінеді.Абай айтқан сөз патшасы «Баянда»бар.Адамдардың мінезін толық келтіру,махаббатты,батырды,соғысты өлімді суреттеуі өмірді түйе білгендігін көрсетеді.«Баян»қазақ әдебиетінде бола бермеген табыс»,-деп баға берген жазушы Ж. Аймауытов.

ІV.Жаңа сабақ. ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Ол — ақын , прозашы, публицист, сыншы, театр режиссері , аудармашы, педагог болды. Бір өзі әдебиет пен ғылымның әр саласында еңбек етті.Қазақ әдебиетін проза , драматургия жанры жағынан қалыптастыруды және мектептер мен оқу орындарының оқушыларын арнап, бірнеше оқу құралдарын , оқулықтарын жазуға қатысты.
Жаңа сабақта алдын ала іздендіру мақсатында берілген тапсырмалар бойынша жазушы ғалымдардың Жүсіпбек Аймауытов жайлы жазған естелік , сын , зерттеу мақалалары бойынша дайындаған оқушылардың пікірлерін , еңбектерін тыңдау. Оның өмірі мен шығармашылығын төмендегідей талдау.

Жүсіпбек Аймауытовтың өскен ортасы,ата – анасы , алғашқы білім алған орындары .
Жүсіпбек Аймауытовтың поэзиялық туындылары
Прозалық жанрдағы шығармалары.
Қазақ драматургиясының дамытудағы сүбелі үлесі .
Ғылыми еңбектері , аудармалары .
Осындай әдебиетіміздің , театрдың , ғылымның дамуына айрықша қызмет еткен қаламгердің еңбектері 60 жыл бойы оқушының назарынан тасада қалып келді. Еліміздегі қайта құрудың нәтижесінде болған өзгерістерден кейін ғана – 1988 жылдан бастап Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы сындарды ғылыми – зерттеу еңбектері мен мақалалары жарық көре бастады.Жүсіпбектануға айрықша үлес қосқан ғалымдар мен әдебиетшілер: М.Қаратаев, С.Қирабаев, М.Атымов, Б.Құдақбаев, Т.Қожакеев т.б. Әсіресе Жүсіпбектің артындағы бай мұрасын зерттеген қоғамдық пікір қалыптастырушы, белгілі ғалым әдебиетші С.Қирабаевтың қосқан үлесі зор. «Жүсіпбек Аймауытов» атты кітапша шықты.
«Қартқожа» романы туралы қысқаша түсінік беру.
Жазушының Қартқожаны романға негізгі кейіпкер етіп алуының сыры .
Қартқожа Жананұлы Торғанбаев. Ол кім?(Жазушы З.Ақышевтің естелігі)
Бенжамин Блумның сұрақ қою өлшемдері әдісін пайдаланып,сұрақтар қою арқылы романның қысқаша мазмұнына талдау :
1.Оқиға қай кезеңді суреттейді?
2.Романдағы бала Қартқожаның портретін тауып оқы.
3.Қартқожаның жәбір көріп, әділетіздіктен жапа шеккен кездері болды ма?
(«Ұядағы зорлық »бөліміне талдау жаса.)
4.Қартқожаның білім алу жолындағы әрекеттерін әңгімеле.
5. Әкесі Жұман шаңырағының құт-берекесі болған, көк биесі өлген соң –ақ бірінен соң бірі қырсық шала береді. «Әкесі төмен қарап: «Қол-аяғымызды кестің бе?» деп еңкілдеп қоя беріп еді… «таңдайды бір жола ағартайын дегені ғой» деп, тағы да егіліп, зарланып жылап жіберді. Кімге айтылған? Аллаға ма? Өліп бара жатқан жануарға ма, болысқа ма? Өсіп келе жатқан Қартқожа көз жасын көрсеткісі келмейді, үйді айнала барып жылайды…(Қартқожаға мінездеме беру)
5.С.Торайғыров романың қай тұсында көрінеді?
6.Романда қандай тарихи оқиғалар көрініс тапқан? Соғысқа жарамды адамдардың жасы жазылған кітапты өртеу арқылы кедейлер мәселені шешті ме?
7.Қартқожаның ой-өрісінің толысуына Андрейдің қандай әсері болды?
8.«Туған жер » тарауы.(Монолог)
9 .Уақыт пен заман Қартқожаның өмірі мен тағдырына қандай өзгеріс жасады?
V.Жаңа сабақты бекіту
1-қатардан Қартқожа бейнесі бойынша тест-интервью алынады.

Қартқожаның өзіне тән ерекшелігі (ескерту: астын сызу керек; өзің жауап қосуға болады.)
сөзге шешен, ақылды, терең ойлы, қайратты,момын,ұстамды,сабырлы…

Қартқожа бейнесі өзіңе ұнады ма, жоқ па? Неліктен?
Қартқожа бейнесі арқылы өзіңнің болашаққа түйген түйінің.
«Менің Қартқожа жайлы білетінім»

2-қатар Шығарманы модельдеу

І бөлім. Шығарма тақырыбы:

ІІ бөлім. Шығарманың идеясы:

ІІІ бөлім. Шығармадағы негізгі кейіпкерлер:

ІV бөлім. Шығармадағы қосалқы кейіпкерлер:

V бөлім. Шығарма жазылған әдеби бағыт:

VІ бөлім. Шығармада суреттелетін салт дәстүр:

VІІ бөлім. Қолданылған мақал-мәтелдер:

VІІІ бөлім. Басқа тілден енген сөздер:

ІХ бөлім. Шығарма құрылысы:

1.Басталуы 2.Байланысуы 3.Дамуы 4.Шиеленісуі 5.Шарықтау шегі 6.Шешімі.
3-қатар «Менің мақсатым…» (ойтолғау)

«…Әсіресе, өз елі, өз ауылы қандай болды екен? Соларды көрсем,көмегімді берсем,сонда менің жетілгендігім,жетілгендігімнің пайдасын көргенім.Әйтпесе мен не үшін,кім үшін оқып жүрмін? Өз басымның қамымен кетсем,менің оқығанымнан елге не пайда? » (Қартқожа пікірін негізге алу)
VI. Жаңа сабақты қорыту
«Қартқожа» романы
Сонымен, бұл романда табиғатынан бұйығы ,ұстамды ,сабырлы,жоқ-жітік, кедей-кепшіктен шыққан адамның бірте-бірте оянып,жарыққа ұмтылып,зор қиындықпен білім алып,әлеумет күресіне тартылып,ақырын-ақырын өзгере жүріп,жаңа заман күрескерінің қатарына қосылуын психологиялық тұрғыдан сенімді бейнелеуін «Қартқожа романының ең басты олжасы деп білеміз.
Қорыта келгенде ,Жүсіпбек Аймауытов роман арқылы халықтың жаны таза, арманшыл, «еңбекті сүйген, елі үшін күйген, ізгі тілек, ер жүрек» өкілдерінің бірі Қартқожа бейнесін жан-жақты, толымды етіп сомдаған. Сол Қартқожа арқылы әділетсіздік пен зұлымдыққа қарсы, надандыққа, жікшіл-рушылдыққа, қорлық пен зорлыққа қарсы тұра білген, қанша момын, төзімді болса да күні туғанда дүр сілкініп, сойқан мінез де көрсете білетін еркіндікті сүйген, сұлулықты бағалайтын, батыл, батыр, (Дәрмен сияқты) ақын жанды, тәңірі сиы деп білетін әншілікті, серілікті серік еткен қазақтың бейнесін ашып көрсеткен.
VII. Үйге тапсырма беру
Романды толық оқу.Қартқожаға мінездеме жазу. «Түсініктеме күнделігін» толтыру.

VIII.Оқушылардың білімін бағалау.
1-қатар Қартқожа бейнесі бойынша тест-интервью

Қартқожаның өзіне тән ерекшелігі (ескерту: астын сызу керек; өзің жауап қосуға болады.)
сөзге шешен, ақылды, терең ойлы, қайратты,момын.

Қартқожа бейнесі өзіңе ұнады ма, жоқ па? Неліктен?
Қартқожа бейнесі арқылы өзіңнің болашаққа түйген түйінің.
«Менің Қартқожа жайлы білетінім»

……………………………………………………………………………………………………………………………..

1 -қатар Қартқожа бейнесі бойынша тест-интервью

Қартқожаның өзіне тән ерекшелігі (ескерту: астын сызу керек; өзің жауап қосуға болады.)
сөзге шешен, ақылды, терең ойлы, қайратты,момын.

Қартқожа бейнесі өзіңе ұнады ма, жоқ па? Неліктен?
Қартқожа бейнесі арқылы өзіңнің болашаққа түйген түйінің.
«Менің Қартқожа жайлы білетінім»
2-қатар Шығарманы модельдеу

І бөлім. Шығарма тақырыбы: _________________________________________

ІІ бөлім. Шығарманың идеясы:.__________________________________________
ІІ бөлім. Шығармадағы негізгі кейіпкерлер:

___________________________________________________________________

ІV бөлім. Шығармадағы қосалқы кейіпкерлер:

______________________________________________________________________

V бөлім. Шығарма жазылған әдеби бағыт: _______________________________

VІ бөлім. Шығармада суреттелетін салт дәстүр_____________________________

___________________________________________________________________

VІІ бөлім. Қолданылған мақал-мәтелдер:__________________________________

___________________________________________________________________

VІІІ бөлім. Басқа тілден енген сөздер:____________________________________

____________________________________________________________________

ІХ бөлім. Шығарма құрылысы:

1.Басталуы ___________________________________________________________

2.Байланысуы ________________________________________________________

3.Дамуы ___________________________________________________________

4.Шиеленісуі ________________________________________________________

5.Шарықтау шегі______________________________________________________

6.Шешімі. ____________________________________________________________

————————————————————————————————————

2-қатар Шығарманы модельдеу

І бөлім. Шығарма тақырыбы: _________________________________________

ІІ бөлім. Шығарманың идеясы:__

ІІ бөлім. Шығармадағы негізгі кейіпкерлер:

___________________________________________________________________

ІV бөлім. Шығармадағы қосалқы кейіпкерлер:

______________________________________________________________________

V бөлім. Шығарма жазылған әдеби бағыт: _______________________________

VІ бөлім. Шығармада суреттелетін салт дәстүр

__________________________________

5.Шарықтау шегі_____________
6.Шешімі. ______

3-қатар «Менің мақсатым…»(ойтолғау)
3-қатар «Менің мақсатым…»(ойтолғау)

3-қатар «Менің мақсатым…»(ойтолғау)

1-қатар Қартқожа бейнесі бойынша тест-интервью

Қартқожаның өзіне тән ерекшелігі (ескерту: астын сызу керек; өзің жауап қосуға болады.)
сөзге шешен, ақылды, терең ойлы, қайратты,момын.
Қартқожа бейнесі өзіңе ұнады ма, жоқ па? Неліктен?
Қартқожа бейнесі арқылы өзіңнің болашаққа түйген түйінің.
«Менің Қартқожа жайлы білетінім»
.

иеті пәнінен«Жүсіпбек Аймауытов-қазақ әдебиетіндегі проза жанрының классигі. «Қартқожа» романы»тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сынып өте белсенді.Бұл сыныпқа бесінші сыныптан бері сабақ беріп келемін.

Сабақтың білімділік мақсаты:Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру, «Қартқожа» романының мазмұнына талдау жасай отырып, тақырыбы мен идеясын ашу.Романдағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі кейіпкердің өзінің дәуіріне сай жаңа тип ретінде қалыптасу жолын көрсету,романның көркемдік ерекшелігіне талдау.

Сабақтың дамытушылық мақсаты оқушы ой-өрісін алынған ақпарат құралдары арқылы дамыта отырып, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өздігінен ізденіп оқуға, білімге құштарлығын арттыру, қосымша материалдар, ғылыми еңбектерді пайдалана білу дағдыларын дамыту болды. Осы мақсатқа жету үшін оқушы хабарламасы, салыстыру, талдау, жинақтау, зерттеу әдіс-тәсілдері қолданылды.

Сабақтың тәрбиелік мақсатында жеке тұлғаны адамгершілікке, имандылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелей отырып, жазушы өмірін үлгі ету, елін, жерін, тілін сүйе білуге тәрбиелеуге назар аударылды. Көрнекілік ретінде пайдаланылған кітап көрмесі, тірек сызба, жазушы, ғалымдардың пікірлері, естеліктер, шығармалары, хронологиялық кестелер, оқушылардың жеке ізденістеріне негізделген реферат, хабарлама олардың өз мүмкіндіктерін толық ашуларына жағдай тудырды.Сабақтың типі: дамыта оқыту сабағы.Сабақтың түрі жаңа

білімді меңгерту болды.Сабақ барысында түсіндірмелі –көрнекілік,баяндау,ішінара

іздендіру, репродуктивті,топтастыру,«түсініктеме күнделігі», «әңгіме кестесі»

«Еркін жазу» стратегиялары, тест-интервью әдістері қолданылды..

Ақын портреті,шығармалары көрнекілік ретінде қолданылды.Техникалық

құрал-жабдықтан мультимедиялық проектор қолданылды.Тарих, география

пәндерімен пәнаралық байланыс жасалды.

Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталды.Үй тапсырмасы сұралды.Оқушылар жақсы дайындықпен келген.Үй тапсырмасы жазушы Ж. Аймауытов пікірімен қорытындыланды..

Жаңа сабақ барысында Ж.Аймауытовтың өмір жолын меңгертуде тың деректерді оқушылар өз ізденулерімен газет-журнал материалдарынан, архивтік деректерді сабақ барысында дұрыс пайдалануы басшылыққа алынды. Тың деректерді іздеп пайдалана отырып, жан-жақты білім беру, жазушының туған халқына, әдебиетке, мәдениетке сіңірген еңбегін оқушыларға ізденіс, шығармашылық жұмыстар жүргізе отыра меңгерту тиімді тәсіл болып табылды. Жазушының өмір деректеріне байланысты оқушылардың өздері жинаған қосымша материалдар қаламгердің азаматтық биік тұлғасын айқындау үшін пайдаланылды.Оның өмірі мен шығармашылығына төмендегідей талдау жасалды:

Жүсіпбек Аймауытовтың өскен ортасы,ата – анасы , алғашқы білім алған орындары .

Жүсіпбек Аймауытовтың поэзиялық туындылары

Прозалық жанрдағы шығармалары.

Қазақ драматургиясының дамытудағы сүбелі үлесі .

Ғылыми еңбектері , аудармалары .

«Қартқожа» романы туралы қысқаша түсінік берілді.Бенжамин Блумның сұрақ қою өлшемдері әдісін пайдаланып,сұрақтар қою арқылы романның қысқаша мазмұнына талдау жасалды.Оқушылардың эмоциясына ,сезіміне әсер ету мақсатында әдемі табиғат көріністері өз кезегінде слайдтан көрсетіліп отырды.

Жаңа сабақты бекіту кезеңінде ізденіс стратегиясын пайдалана отырып,топқа бөлінген оқушылар жұмыстар жүргізді. 1-қатардан Қартқожа бейнесі бойынша тест-интервью алынады. 2-қатар шығарма кестесін толтырды. 3-қатар «Менің мақсатым…» тақырыбында ойтолғау жазды.Оқушылармен орындалған жұмыстардың барлығында да шығармашылық,іздендірушілік сипат болды.Осы сабақта алдыма қойған мақсаттарыма жеттім деп ойлаймын.
________________________________________