Блокнот және калькулятор

 

Сыныбы: 5Күні:
ТақырыбыБлокнот және калькулятор
Мақсаты

 

Блокнот және калькулятор бағдарламасының қызметі, негізгі мүмкіндіктері мен түрлері туралы білім қалыптастыру.
Күтілетін нәтижеА. Блокнот және Калькулятор бағдарламаларының айырмашылығын біліп түсінеді.
В. Блокнот және Калькулятор бағдарламаларының қосымшаларын қоладанып, іске қосады және Калькулятор программасының жарлығын жасайды.
С.  Калькуляторда есептеу нәтижелерін мәтіндік құжатқа көшіру жолдарын қолдана алады.
Дереккөздер, құрал-жабдықтарЭлектрондық оқулық, дербес компьютер, стикер, интерактивті тақта, «Бағдаршам» қызыл, сары, жасыл түсті карточка.
Сабақтың барысыУақытыМұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Кіріспе


 

 

 

10 мин— Амандасу.

— Ыңтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Пазл» әдісімен 2 топқа бөлу.

— «Қапшықтағы фасоль» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексереді.

— Амандасады

— 1-топ – «Блокнот»,

— 2-топ – «Калькулятор».


 

— «Қапшықтағы фасоль» әдісімен тексерілген үй тапсырмасын «бағдаршам» әдісімен өзара топта бағалайды.

Тұсаукесер

 

 

 

5 мин— «Блокнот»  пен  «Калькулятордың» суретін жасырып, «Миға шабуыл» әдісімен сұрақ-жауап әрекетін  жүзеге асырады.

ББҮ арқылы сабақтын табыс критерийін анықтатады.

— Слайдта жасырылған кәдімгі блокнот пен калькулятордың суреті екенін табады.

 

ББҮ арқылы сабақтын табыс критерийін анықтайды.

Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

20 мин— «Блокнот», «Калькулятор» бағдарламалар туралы мәтінді электрондық  оқулық арқылы тыңдатады, мәтін мазмұнымен таныстырады, топта талқылауды ұсынады.

— Тұжырымдамалық карта жасатады:

1-топ — «Блокнот»,

2-топ — «Калькулятор» тақырыпты қорғатады.

Тұжырымдамалық картаны «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен өзара топта бағалатады.

Компьютермен тәжірибелік жұмыс орындатады:

— Кеңейтілген тапсырманың «Таңдау элементінің көмегімен өзін-өзі реттеуді қолдану» идеясына сәйкес «Калькулятор бағдарламасында есепте» маршруттық картамен жұмыс орындатады.

Бағалау критерийі арқылы өздеріне бағалатады.

 

— «Блокнот», «Калькулятор» бағдарламалары туралы мәтінмен танысып, топта талқылайды.

 

Тұжырымдамалық карта жасайды:

1-топ – «Блокнот»,

2-топ – «Калькулятор»

тақырыпты қорғайды.

—  Тұжырымдамалық картаны «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен өзара топта бағалайды.

 

 

Компьютермен тәжірибелік жұмыс орындайды:

-1-аялдама тапсырмалары: арифметикалық амалдарды калькулятор бағдарламасында есептейді. Жауаптарын маршруттық картаға жазады.

-2-аялдама тапсырмалары: логикалық тапсырмаларды мұқият оқып талдайды, калькулятор бағдарламасында есептейді, жауаптарын маршруттық картаға жазады.

Бағалау критерийі  бойынша  өз-өзін бағалайды.

Қорытынды

 

 

 

10 мин— «Өрмекшінің торы» әдісі бойынша сабақты қорытындылатады.

«Блоб ағашы» арқылы кері байланыс жасайды.

ББҮ табыс критерий арқылы рефлексия жасайды.

 

— Оқушылар бір-біріне жіпті беру арқылы сұрақтар қояды.

«Блоб ағашының» қай жерде орналасқанын көрсетеді, стикерлерін жабыстырады, өзін-өзі бағалайды.

 

                                                    Маршруттық карта

Информатика, 5-сынып

 

Тақырыбы: Калькулятор бағдарламасы

 

Шартты белгілер:

! — тапсырманы мұқият орында

 

— калькулятор бағдарламасында орында

 

— компьютердегі тәжірибелік жұмыс

 

 

1-аялдама.  

Есепте:

 

  1. 100-67=
  2. (456+76) – (76+3)=
  3. (300+200) – (54+3)=
  4. (30*5)-6=
  5. 6*(45+5-21)+9=
  6. 207+65-(54+32)*2=
  7. 76-9*(5-2)=
  8. 66:3 +11=

9.100+58-(34+5*2):2=

10.80:2+4*(34+12)-1=

11.45:5+15-6*3=

12.670+300-2*4+(56-2) =

 

1-есеп1 ұпай
2-есеп2 ұпай
3-есеп3 ұпай
4-есеп4 ұпай
5-есеп5 ұпай
6-есеп6 ұпай
7-есеп7 ұпай
8-есеп8 ұпай
9-есеп9 ұпай
10-есеп10 ұпай
11-есеп11 ұпай
12-есеп12 ұпай

 

Өзінді- өзін бағала

дискрипторұпай саныбаға
1Есепті орындамаған0 ұпай2
21-4 есепті дұрыс орындаған1-4 ұпай3
35-8 есепті дұрыс орындаған5-8 ұпай4
49-12 есепті дұрыс орындаған9-12 ұпай5

0 ұпай көп жұмыстану керек

 

                                         

                                                Маршруттық карта

Информатика, 5-сынып

 

Тақырыбы: Калькулятор бағдарламасы

 

Шартты белгілер:

! — тапсырманы мұқият оқы

 

— калькулятор бағдарламасында орында

 

— компьютердегі тәжірибелік жұмыс

 

? — логикалық есеп

 

 

 

 

1-аялдама.  

№1-есеп.

Ботаның салмағы – 3,5 кг, ал қаздың салмағы 7 есе кем.

Қаздың салмағы неге тең.

№2-есеп.

Қоймаға 567 кг сиыр еті, сиыр етінен 127 кг артық қой еті және қой етінен 3 есе артық жылқы еті жеткізілді. Қоймаға қанша килограмм жылқы еті әкелінді.

 

№3-есеп.

Таразыға екі рет тартып, тоғыз монетаның ішінен жалған монетаны табу керек.

 

 

ДискрипторҰпай саныбағасы
Шартын жазудан қателескен1 ұпай2
Шартын дұрыс жазған2 ұпай3
Шартын дұрыс жазған есептеуден қате жіберген3 ұпай4
Шартын дұрыс жазған, есептін жауабы дұрыс4 ұпай5