Жануарлар әлемі. Сүтқоректілер

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемі.  Сүтқоректілер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:


Жануарлар әлемінің сан алуандығымен, яғни жануарлар түрлерінің өте көп болып, тірі табиғатқа жататындығы туралы оқушылар түсінігін кеңейту; жабайы аңдар жайында ұғым беріп, олардың тіршілігін жыл мезгілдеріне байланысты бақылауға негіз салу; Сүтқоректілер тобымен таныстыру;

Дамытушылық:

Оқушылардың белсенділік қабілетін, пәнге деген қызығушылығын дамыту Жүргізіп оқуға дағдыландыру.

Тәрбиелік:

Жан-жануарларға қамқор болуға, жануарлар әлемін қорғауға тәрбиелеу.  Экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, баяндау, әңгімелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.


Көрнекілігі: Ойын, интерактивті тақта, жануарлар суреттері, деректі фильм.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Армысың, ару Күн!

Армысың, жақсы дос!

Бос өтпей әрбір күн

Білімге білім қос!

ІІ. Үйтапсырмасы: «Өсімдіктердің көбеюі»

Қызығушылығын ояту.  Интерактивті тақта «Шырша безендіру» ойыны.

(Олай болса өткен сабақты қайталай  отырып, шыршаны безендірейік.

Сұрақты мұқият тыңдаймыз. Сұраққа дұрыс жауап берген оқушылар шыршаға жануарлардың суреттерін іледі)

Сұрақтары:

  1. Табиғаттағы жанды денелерді ата.. Неліктен оларды жанды денелер дейміз?
  2. Қияр, қызанақ, астық тұқымдастары не арқылы өсіріледі?
  3. Өсімдіктер өсуі үшін нелер қажет?
  4. Өсімдік мүшелерін ата.
  5. Бөлме өсімдіктерін не үшін өсіреміз?
  6. Картоп қалай өсіріледі?
  7. Пияз қалай өсіріледі?
  8. Таңқурай қалай өсіріледі?
  9. Қарақат қалай өсіріледі?
  10. Алма мен шиенің жемісін салыстыр. Онда қанша тұқымнан бар?

(Әр дұрыс жауап берген оқушы Жаңа жылдың сыйлықтарын алады.)

Ш. Мағынаны тану.

— Шыршаны біздер нелермен безендірдік?

— Жануарлардың суреттерімен.

— Қалай ойлайсыздар не үшін?

— Себебі біздер Жаңа жылға жануарлар болып киініп барамыз.

— Жануарлар тіршілігіне не қажет?

— Жарық, жылу, ауа, су, өсімдік.

Көрнекілікпен жұмыс.  1слайд

Жабайы аңдардың кестесін пайдаланып, таныған аңдарды атау.

Олардың қайда тіршілік ететіні жайында әңгімелеу.

Біз бүгін өсімдіктер тобымен қоректенетін табиғаттың тағы бір бөлігі  жануарлар әлемімен танысамыз.  Жануарлар алуан түрлі болып келеді.  Жер бетінде жануарлардың түрлері өте көп.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша олардың 2 мил. дай түрі белгілі болды.

Жануарлар мынадай топтарға бөлінеді:  Әр топқа жеке   слайдтар  көрсетіліп, ерекшеліктерін түсіндіру.

 Топтастыру.   Ой қозғау.  2слайд

 3слайд

  1. Бунақденелілер. Бунақденелердің – 700 000 түрі бар.

Ал біздің Батыс Қазақстан облыс аумағында  бунақденелердің  19 түрі кездеседі.

  1. Балықтар.

Балықтардың 20 000 түрі бар. Олардың айырмашылығы жүзеді.

Батыс Қазақстан облыс аумағында балықтардың 51 түрі кездеседі.

  1. Қосмекенділер.

Қосмекенділердің-4000 түрі бар. Олардың айырмашылығы құрлықта да, суда да тіршілік етеді. Батыс Қазақстан облыс аумағында  қос мекенділердің 7 түрі кездеседі.

  1. Жорғалаушылар.

Жорғалаушылардың – 8000 түрі бар. Олардың айырмашылығы бауырымен жорғалайды.

  1. Құстар — 8600 түрі бар. Айырмашылығы ұшады. Батыс Қазақстан облыс аумағында құстардың 310-ға жуық түрі кездеседі.  Сүтқоректілердің 70 түрі бар.
  2. Сүтқоректілер

Сүтқоректілердің – 5000 түрі бар. Олардың айырмашылығы балаларын өз сүтімен асырайды. Батыс Қазақстан облыс аумағында  сүтқоректілердің 70 түрі кездеседі.

Сүтқоректілерге нелер жатады қалай ойлайсыздар?

Неге оларды сүтқоректілер деп атаймыз?

Жануарларды нешеге бөлеміз?

Екіге.

Қандай екі топқа?

Үй жануарлары және жабайы аңдар. 4слайд

 

 

 

 

Дұрыс айтасыздар, балалар. Жануарлар әлемі соның ішінде сүтқоректілермен таныс болып отырмыз.

Енді оқулығымызды ашайық.

  1. Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді тізбектеп, толық оқыту.

Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?

  • Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

Сұрақтарға жауап алу.

Сергіту сәті. (Музыка әуенімен)

Қоян шықты далаға,

Жан-жағына қарады.

Жүгірді, секірді,

Орнына отырды.

Ойын. «Биологиялық лото»

  1. Дәптермен жұмыс.

Бүгін, балалар, ауа райы қандай? Неше градусты көрсетіп тұр.

Дәптерге жұмбақты оқып,шешуін табу, суретін салу.

Жұмбақ.  Шығармашылық жұмыс.

Ал қызыл жоны түрленген,

Құйрығы шар үрленген.

Далада жортып, жалтақтап,

Қулықпен күн көрген.

  • Жұмбақтың шешуі  «түлкі»

— Түлкі қандай аң?

— Ол олжасына қалай жақындайды?

— Түлкіні аңшылар не үшін аулайды?

— Түлкінің терісінен не жасайды?

Бейне таспа  «Құсбегілердің аңға шығуын тамашалау»

Қосымша мәлімет. Жаға, тымақ, ішік тігеді. Тымық, ішік қыста өте жылы болады. Түлкінің терісі бағалы, әсіресе, қарабурыл Түлкінің терісі жоғары бағаланады. Кеміргіштерді жеп, ауылы шаруашылығына пайда келтіреді. Құс шаруашылығына зиян келтіреді. Аңшылардың, құсбегілердің бүркітті аңға салғанын бейне таспадан тамашалайық.

Эссе. Қосымша мәлімет бойынша және бейне таспадан тамашалаған көріністер бойынша жазу. (5 минут)

  1. Ой толғау.

Жаңа тақырып бойынша « Бес жолды өлең» құрастырып, сабақты қорытындылау.