1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: 1916  жылғы ұлт- азаттық көтеріліс

 Сабақтың мақсаты:

Қазақ халқының  1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысының отаршылдыққа,ипериализмге қарсы сипатын түсіндіру.


Оқушылар өздігімен жұмыс жасай отырып осы қозғалыстың ұлт-азаттық соғысқа ұласқанын фактілермен ашып көрсете отырып, өз көзқарасын берік ұстануға үйренеді.

Қозғалыстың басты себебіне айналған әлеуметтік- экономикалық және саяси сипаты бар оқиғаларды талдай отырып, шығамашылық белсенділіктерін дамытады.

Сабақтың түрі:Қайталау қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі:Болжау,сұрақ- жауап топтастыру,тірек- сызбалар

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта,карта,түрлі -түсті иллюстрациялар.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру бөлімі:Сабаққа психологиялық даярлық.Оқушыларды топқа бөлу,топтардың топ басшысын сайлау,бағалау парағын тарату.


ІІ.Негізгі бөлім

Қызығушылықты ояту:Ой қозғау.Қазақ халқы әртүрлі қозғалыстарды басынан кешірді,ал  1916 қозғалыс қандай болды?

Әр топ бірігіп постер қорғайды

  • Топ Қозғалыстың себептері.

Қозғалыстың мақсаты және сипаты.

2-Топ  Қозғалыстың қозғаушы күштері.

Қозғалыстың басшылары.

Тірек сызбалар арқылы дәлелдеу

  • Тапсырма. «Шығармашылық тапсырма».

І топ

Торғайдағы көтеріліс және оның ерекшелігін айту.

ІІ топ

Жетісудағы көтеріліс.Қарқара көтерілісі.

  • Тапсырма

«Тұлғаны танып біл».Оқушылардың ізденістеріне мән беру.Жәмеңке Мәмбетов,Бекболат Әшекеев жайлы әңгімелесу.

  1. «Ойтолғау». Сендер 1916 ж.маусым жарлығына байланысты жиынға қатысып отырмын деп көз алдарыңа елестетіңдер.

Қандай мәселе талқылануы мүмкін?

Сабақты бекіту:

Венн диограммасы

Рефлексиялық сұрақтар

  1. Бірінші дүние жүзілік соғыс 1916 жылы басталды. Жоқ (1914ж)
  2. Соғыстың басталуына Франц Фердинандтың өлтірілуі сылтау болды (Ия)
  3. Бірінші дүниежүзілік соғыс Үштік одақ пен Антанта арасында болды (Ия)
  4. Түркия бұл соғыста Антанта жағында болды (Жоқ)
  5. Түркияның Үштік одақ жағына шығуы және Дарданелл бұғазын жабуы Ресейдің экономикасын дағдарысқа түсірді (Ия)
  6. Қазақтар майданға қымбат бағамен ет, нан, киіз үй, малды сатып отырды  (Жоқ)
  7. 1916 жылы 25-маусымда патша жарлығы бойынша, қара жұмысқа 19-43 жас аралығандағы ер адамдар алынды. (Ия)
  8. Бүкіл Еуропадан соғысқа 500 мыңнан астам жігіт алыну көзделді. (Жоқ)
  9. А. Байтұрсынов «жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды» деді. (Жоқ)
  10. 1916 жылы 23-тамызда генерал-губернатор А. Куропаткиннің бұйрығымен қара жұмысқа шақырудан босатылғандар: қарапайым халықтың жұмысқа жарамсыз балалары еді. (Жоқ)

 

Үйге тапсырма: 1916 жылғы көтеріліс туралы мәнжазба жазу

Бағалау: Білімдеріне қарай бағалау