Компьютерлік бағдарламалар туралы түсінік

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік бағдарламалар туралы түсінік

Мақсаты. Оқушыларға компьютерлік бағдарламалар туралы түсінік беру және жаттығулар арқылы сызықтардың түрлерін п үйрету,  шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: компьютерлік бағдарламалар туралы түсінік алады және кейбір элементтерін орындап үйренеді

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:  баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: компьютер, оқулық, сызбаға қажетті құралдар.

 

                                                       Сабақтың барысы

 

   І. Ұйымдастыру кезеңі

  ІІ.  Жаңа тақырып меңгеру. 

Автоматтандырылған жобалау жүйесі өткен ғасырдың 60-жылдары пайда болды. Қазіргі кезде кәсіпорындарда сызбаны қолмен сызу сирек кездеседі. Барлық конструкторлық бюролар сызбаларды компьютерде орындайды.  Осы күні кең тараған жобалау жүйелері: PRO/ENGINEER (АҚШ),

Auto CAD (АҚШ), КОМПАС («АСКОН», Ресей) және т.б. Көбіне   Auto CAD (АҚШ) бағдарламасын қолданады.

Auto CAD жобалаудың негізгі көшбасшысы. Бұл бағдарлама 1982 жылы ұсынылды. Жаңа нұсқасы 2013 жылы екіөлшемді және үшөлшемді модельдеудің құралы болып отыр.

КОМПАС – бұл Автоматтандырылған Жүйенің кешені 1989 жылы құрылған, Ресейдің «Аскон» фирмасының мамандары жасаған.

 

Жүйеге екі тәсілмен кіруге болады:

  1. Жұмыс үстелінен «Іске қосу» батырмасын басса, Windows операциялық жүйесіндегі Бас менюден ПРОГРАММА жолы шығады. Осы ашылған менюден таңбашаны екі рет шертіп, Auto CAD таңдаймыз.
  2. Жұмыс үстелінде орналасқан таңбаша жүйесін екі рет шертеміз. Жұмыс соңында сызылған сызбаларды компьютер жадында сақтап, жүйеден шығу үшін, File – Ezit (Файл-Шығу) командасын таңдаймыз , содан кейін Жабу батырмасын басамыз.

Жүйені іске қосқан соң қондырғыға байланысты диалогтың терезесі ашылады. Онда сызбаға қатысты кесінділер, шеңберлер, т.б. нысандар берілген.

Экранның төменгі бөлігіне орналасқан командалық жол үш жолдық мәтіннен тұрады. Командалық жолда сызу процесінің ағымдағы әрекеті шығады. Егер сызу кезде қате кетсе, оны Болдырмау/Қайталау батырмасын басады. Команданы болдырмау үшін «Esc» пернесін басады.

 

Екіөлшемді және үшөлшемді модельдерді құру туралы түсінік беріледі. (компьютерден көрсетіледі)

 

ІІІ. Практикалық жұмыс. Графикалық редакторда сызбаны орындау.

Графикалық редакторда жазық тетіктің сызбасын орындау.

 

ІҮ. Бағалау

 

Ү. Үй жұмысы. 115-бет. Оқу