Ғимараттың сызбанұсқасын салу

Тақырыбы: «Ғимараттың сызбанұсқасын салу»

Мақсаты. Оқушыларды ғимараттың сызбанұсқасын салу әдістерімен таныстыра отырып, логикалық және кеңістік ойларын, еңбектегі іс-әрекеті дағдыларын дамыту, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:   ғимараттың сызбанұсқасы әдістерімен таныса отырып, сыза  алады.


Түрі: жаңа тақырып меңгеру, бекіту

Әдісі:  СТО бағдарламасының элементтері, ақпараттық технология, топпен жұмыс

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта,оқулық, сызбаға қажетті құралдар.

                                    Сабақтың барысы

   І. Ұймдастыру кезеңі

Балалар, бір-бірімізге күліп, қарап, сәттілік пен шығармашылық тілейік!

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Өз үйлерінің қасбеті мен жоспарын сызып келген жұмыстарын тексеріп, бағалау


ІІІ. Жаңа тақырып меңгеру. Ғимараттың сызбанұсқасын салу реті түсіндіріледі.

                 Сызбанұсқаға осьтерді, қабырғаларды, арақабырғаларды түсіру 

  Сызбанұсқаға осьтерді, қабырғаларды және арақабырғаларды түсіру

                                                               Тұрғын үй сызбанұсқасының бөлігі

Бөлгіш осьтер сызылғаннан кейін сыртқы қабырғалар қалыңдығы 510 мм 1: 100 масштабында түсіріледі. Қабырғаның ішкі беті осьтен 200 мм, ал сыртқы беті 310  мм арақашықтықта орналастырылады. Мұны өлшемдердің байламы  дейді.

Сызбанұсқаға терезе ойықтарын түсіру үшін алдымен терезенің түрі мен өлшемдерін анықтау қажет.  Терезе ойықтарын бөлгеннен кейін, терезелердің өлшемдерін түсіреді. Терезе ойықтарын  негізгі қабырғалар осьтеріне байлайды.

Есікті орналастырып, құрылыс ішінің өлшемдерін түсіреді. Сонан соң санитарлық техникалық бұйымдар мен басқа да тұрмыста қажетті жабдықтар белгілерін түсіреді.

ІҮ. Бекіту. Сұрақтар

  1. Ғимарат сызбанұсқасын тұрғызу кезеңдерін атаңдар
  2. Бөлгіш осьтер қалай орналастырылады?
  3. «Өлшемдердің байламы» деген түсінік нені білдіреді?

Ү. Өзіндік жұмыс. Өз үйінің сызбанұсқасын салу

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үй жұмысы. Сұрақтарға жауап беру.   106-бет