Құрылыс сызбаларындағы шартты белгілер

Тақырыбы: Құрылыс сызбаларындағы шартты белгілер

Мақсаты. Оқушыларды құрылыс сызбаларының шартты белгілерімен таныстыра отырып, логикалық және кеңістік ойларын, еңбектені іс-әрекеті дағдыларын дамыту, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:  құрылыс сызбаларының шартты белгілерімен таныса отырып, схемаларын сыза  алады.

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:  баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта,оқулық, сызбаға қажетті құралдар.

                                    Сабақтың барысы

   І. Ұйымдастыру кезеңі

  ІІ.  Жаңа тақырып меңгеру. 

Ғимараттың жоспарын, тілігін және қасбетін сызғанда: терезенің, есіктің, сонымен бірге санитарлық-техникалық жабдықтардың орнын, жылыту құрылғыларын және басқа да элементтерін көрсетуде шартты белгілер қолданылады. Шартты белгілер сызба масштабымен түсіріледі. Слайд-2

Слайд 3

Тілік— вертикаль жазықтықпен ойша қиғандағы ғимарат кескіні.  Терезе орнының тілікте белгіленуі

Вертикаль тілік                                            Горизонталь тілік

Тілікте биіктік белгілері көрсетіледі. Мұндағы биіктік белгілері, нөлдік жазықтықтан ең биік жеріне дейінгі арақашықтық. Ал нөлдік белгі бірінші қабаттағы еден деңгейі. Биіктігі «+», төмендігі «-» таңбалары. Жоспарда және тіліктерде баспалдақ сатыларын да көрсетеді.

Баспалдақ торларының шартты кескінделуі Слайд 4

Тіліктегі баспалдақ сатысы                       Жоспардағы баспалдақ сатысы

Жоспарда және тілікте қосымша санитарлық-техникалық, жылыту құрылғыларының шартты белгілерімен кескіндейді.  Слайд 5

Арматураланбаған бетон             Арматураланған бетон                           Төгілген топырақ

Топырақ                                                   Балшық

Санитарлық- техникалық,жылыту құрылғыларының шартты белгілері

Жоспардағы түтін шығу және ауатазартқыш жолдары
Жылыту пештері қатты отын

 

 

газбен

 Газ және электр плитасы
Раковина (ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша)
Қолжуғыш
Ас үй ыдыс жуғышы
Унитаз
Ванна

 

ІІІ. Өзіндік жұмыс

Үйдің бірінші қабатының жоспарын салып шартты белгілер бойынша әр бөлмеге санитарлық-техникалық құрылғыларды орналастыру.

ІҮ. Бағалау

Ү. Үй жұмысы    Өз үйлерінің қасбеті мен жоспарын сызып келу.