Құрылыс сызбаларының ерекшелігі

Тақырыбы: Құрылыс сызбаларының ерекшелігі”

Мақсаты. Оқушыларды құрылыс сызбаларының ерекшеліктерімен таныстыра отырып, логикалық және кеңістік ойларын, еңбектені іс-әрекеті дағдыларын дамыту, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:  құрылыс сызбаларының ерекшеліктерімен таныса отырып, схемаларын сыза  алады.

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:  баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта,СТО бағдарламасының топтастыру стратегиясы,оқулық, сызбаға қажетті құралдар.

                                    Сабақтың барысы

   І. Ұйымдастыру кезеңі

  ІІ.  Жаңа тақырып меңгеру. 

Көне заманның өзінде қандай да бір ғимарат тұрғызу үшін сызбаны қолданған. Біздің айналамыздағы зәулім үйлерді, мектепті, мәдениет үйді, барлық ғимараттарды құрылыс сызбаларсыз салу мүмкін емес. Түрлі құрылыстардың проекциялық кескіндері құрылыс сызбалар деп аталады.

Төрт топқа бөлінеді:

      Тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттар                             өнеркәсіптік ғимараттар

Құрылыс сызбалар

 

     Ауылшаруашылық ғимараттар                                     инженерлік құрылыстар

Ғимараттың негізгі бөліктері құрылымдық элементі деп аталады. Олар: іргетасы, қабырғалар, қабатаралық жабындар, жертөле қабаты, төбесі, терезе немесе есік блогтары. Слайд көрсетіледі.

Іргетасы – қабырғаның астындағы түпке салмақ түсетін ғимараттың жерасты бөлігі.

Қабырғалар – атмосфералық әрекеттерден қорғайтын сыртқы және ішкі бөлмелерді бір-бірінен бөліп тұратын қабырғалар. Салмақ түсетін қабырғалар.

Арақабырғалар – бөлмелерді бөліп тұратын ішкі қалқалаушы құрастырымдар.

Жертөле қабаты – іргетастан кейінгі дымқылдан, зақымданудан сақтайтын сыртқы қабырғаның төменгі бөлігі.

Өткелектер – суларды іргесінен сыртқа ағызу үшін қызмет етеді.

Аражабы, Жабын, Төбе жабындысы, Итарқа/стропила/, Ойықтар, Терезе және есік блогтары, Басқыш қапасы, Басқыш маршы, Басқыш алаңы.

Құралас сызбаларын стандарт бойынша орындайды. Тұтас негізгі сызық 0,8 мм жуандығы болуы тиіс.

  • Жер сызығы 0,8мм
  • Тіліктегі контур сызығы 0,6 мм
  • Тілікке ұшырамаған элементтер 0,2 мм
  • Ғимарат контурлары сызығы және қасбет ойықтары 0,4 мм
  • Шығару, өлшемдік, осьтік сызықтар 0,2 мм.

Масштаб

Ғимарат жоспар үшін- 1: 50;  1: 100;   1: 200;

Қасбет пен тіліктер үшін -1: 50;  1: 100;   1: 200;

Құрылыс құрастырымдары — 1: 5;  1: 10;   1: 20;

Бас жоспарлар үшін — 1: 500;  1: 1000;   1: 2000;

  ІІІ.  Бекіту   7.1-суретті салу. Салмақ түсетін қабырғаларымен көрсетілгенғимараттың суретін салу.

ІҮ.Бағалау

Ү. Үй жұмысы. 94-бет. Сұрақтарға жауап беру.