Бөлшектеу туралы түсінік

Тақырыбы: “Бөлшектеу туралы түсінік”

Мақсаты: бөлшектеу туралы түсінік қалыптастыру, графикалық білімдерін толықтыру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту, адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекке баулу.

Күтілетін нәтиже:  бөлшектеу арқылы тетікбөлшектердің эскизін орындай алады.


Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:  баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: оқулық, сызбаға қажетті құралдар.

                                    Сабақтың барысы

   І. Ұйымдастыру кезеңі

   ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ.Жаңа тақырып меңгеру


Құрастыру сызба бойынша жұмыс сызбаларынжасау бөлшектеу деп аталады. Бөлшектеу бұйымды немесеоның құрамына енетін тетіктерді дайындау және жөндеу барысында қажет болады.

Бөлшектеу эскизді орындаудан бастап, төмендегі ретпен жүзеге асырады:

-жұмыс сызбалары жасалуға тиісті тетіктерді айқындаймыз;

— олардың бірін таңдап, қажетті кескіндер санын анықтап және пішінді сипаттайтын шарттарды, қысқартуларды, таңбаларды, кескіннің масштабы мен өлшемдерді түсіруді пайдалана отырып, тетіктің жұмыс сызбасын орындау.

Есте сақтау керек:

  1. Стандартты бұйымдар үшін сызбалар орындалмайды, олар туралы барлық мәліметтерді анықтамалық әдебиеттерден табуға болады;
  2. Жанасатын беттердің өлшемдері бірдей болу керек;
  3. Тетіктің өлшемдерін құрастыру сызбаның кескіндерін қарапайым өлшеулер арқылы алуға болмайды.

Мысал ретінде құрастыру сызба бойынша «Шығыршық» бұйымының бөлшектеуді келтіреміз. 212-сурет

  1. Бұйым 7 тетіктен тұрады: аунақша, төлке, айыр, ось, планка, стандартты екі «болт М3х5» тетіктері.
  2. Сызба бес көрініспен берілген: алдыңғы көрініс, тіліктің бөлігімен горизонталь көрінісінің бөлігі біріктірілген, сол жақ көрінісі, қосымша көрініс, және қима.
  3. Габариттік өлшемдер – 44х44х34
  4. Тағайындау өлшемдер 34 және 15
  5. Біріктіру өлшемдері Ǿ5

ІҮ. Бекіту.

-бөлшектеу деген не?

-бөлшектеу процесінің мән-мағынасы неде?

Ү. Өзіндік жұмыс.  «Шығыршық» бұйымының құрастыру сызбасы бойынша «Аунақша» және «Айыр» тетіктерінің жұмыс сызбаларын орындау.  Бағалау

ҮІ. Үй жұмысы. «Кронштейн» бұйымының құрастыру сызбасы бойынша «Қыры» және «Пластина» тетіктерінің жұмыс сызбаларын орындау.