Құрастыру сызбалары туралы жалпы түсінік

Тақырыбы: «Құрастыру сызбалары  туралы жалпы түсінік»

Мақсаты: құрастыру сызбалары туралы жалпы мағлұмат беру,  түрлерімен таныстыру, логикалық және кеңістік ойын дамыту,  оқушыларды тиянақтылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: өзара біріктірілген құрама бөліктердің орналасуы мен байланысы туралы түсініктері қалыптасады.


Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:  баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: оқулық, сызбаға қажетті құралдар.

 

                                    Сабақтың барысы

 

І. Сынып оқушыларын ұйымдастыру


ІІ.  Жаңа тақырып меңгеру.

Құрастыру бөліктердің кескінін қамтитын, өзара біріктірілген құрама бөліктердің орналасуы мен байланысы туралы түсінік  қалыптастыратын және құрастыруды, құрастырмалы бөлікті бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін құжат құрастыру сызбалар деп аталады.

Бұйымның құрастыру сызбасы көріністерді, қималарды және тіліктерді қамтиды.

Оқулықпен жұмыс істеу. 203-суретте «Параллель бұрандалы қысқыш» бұйымның құрастыру сызбасы берілген. Тетіктерді верстакта қысып қою үшін, станоктарда тетіктерді желімдеу кезінде қолданылатын құралды бұрандалы қысқыш деп атайды. 204-сурет.

Сызбадан бұрандалы қысқыштың төрт тетіктен тұратындығын байқауға болады: тіреуіш ерін (1), жылжымалы ерін (2), тіреуіш винті (3), реттеуіш винті (4) 203-сурет.

Құрастыру сызбада бұйым жергілікті тілікті қамтитын алдыңғы көрініспен сол жақ көрініспен берілген. Құрастыру сызбада габариттік, біріктіру және тағайындау өлшемдері қолданылады.

ІІІ. Бекіту. Сұрақ жауаптар

  1. Көріністердің құрастыру сызбасында орналасу ережелері қандай?
  2. Құрастыру сызбаларында тіліктер мен қималар қолданыла ма?
  3. Бұйым құрастырылатын тетіктердің аттары сызбалардың қай жерінде көрсетеді?

ІҮ. Өзіндік жұмыс. 208-суретті сызу

Ү. Бағалау

ҮІ. Үй жұмысы. Сызбаны аяқтау