графикалық жұмыс. Бұранданы біріктіру
Тақырыбы:“№ 11 графикалық жұмыс. Бұранданы біріктіру”
Мақсаты. бұрандалы біріктірулердің сызбасын орындау білімдерін бекіту және анықтамамен жұмыс істеу дағдыларын, кеңістік ойлау қабілеттерін қалыптастыру, графикалық мәдениетін тәрбиелеу, сызбаға деген қызығушылықтарын арттыру.
Күтілетін нәтиже: тиісті орындарға бұрандалы біріктірулерді орындайды.
Түрі: графикалық жұмыс
Әдісі: сарамандық жұмыс
Көрнекілігі: компьютер,интерактивті тақта, оқулық, сызбаға қажетті құралдар.
Сабақтың барысы
І. Сынып оқушыларын ұйымдастыру
ІІ. Графикалық жұмыс. Нұсқалар бойынша А4 пішімді қағазда бұрандалы біріктірулерді орындау. 13-қосымша 1-4 нұсқа.
Берілген өлшемдер:
| Бұрандама | ||
| Келтірілген өлшем | Формуласы | |
| Өзек диаметрі | d | |
| Өзек ұзындығы | L | |
| Бұранданың ішкі диаметрі | d1=0,85d | |
| Басының биіктігі | Нб = 0,7 d | |
| Басына сырттай сызылған шеңбердің диаметрі | Dб= 2 d | |
| Бұрамасұқпа | ||
| Келтірілген өлшем | Формуласы | |
| Өзек диаметрі | d | |
| Өзек ұзындығы | L | |
| Бұранданың ішкі диаметрі | d1=0,85d | |
| Бұрап кіргізетін бұранда шетінің ұзындығы | L1 = d …2,5 d | |
| Бұрандама | ||
| Келтірілген өлшем | Формуласы | |
| Өзек диаметрі | d | |
| Өзек ұзындығы | L | |
| Басының биіктігі | Нб = 0,6 d | |
| Басына сырттай сызылған шеңбердің диаметрі | D= 1,5 d | |
| Шлиц биіктігі | h шл= 0,25 d | |
ІІІ. Бағалау.