Ажырамайтын біріктірулер

Тақырыбы:  Ажырамайтын біріктірулер

Мақсаты:. ажырамайтын біріктірулердің сызбасын орындау білімдерін қалыптастыру, кеңістік ойлау қабілеттерін  және  анықтамамен жұмыс істеп үйрету, графикалық мәдениетін тәрбиелеу, сызбаға деген қызығушылықтарын арттыру

Күтілетін нәтиже: ажырамайтын біріктірулерді дұрыс орындап үйренеді


Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі:  баяндау, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс

Көрнекілігі: компьютер,интерактивті тақта, оқулық, сызбаға қажетті құралдар.

                 Сабақтың барысы

І. Сынып оқушыларын ұйымдастыру

ІІ.  Жаңа тақырып меңгеру.

Ажырамайтын біріктірулердің түрлері: тойтарып, дәнекерлеп, пісіріп. желімдеп және тігіп біріктірулер.


Тойтарып біріктіру –екі тетікті тойтарманың көмегімен біріктіру. Тойтарманың бір ұшында бастиек болады, екінші ұшы тойтарылады. Ол пісіруге келмейтін металдан жасалған тетіктерді біріктіру үшін қолданылады.

Тойтарып біріктіру                                  Пісіріп біріктіру                                Дәнекерлеп біріктіру

Пісіріп біріктіру – тетіктердің материалын балқу жағдайына дейін қыздыру жолымен жүзеге асырылады. Пісіру жігі сызбада тұтас негізгі және штрих сызықтармен көрсетіледі.

Дәнекерлеп біріктіруде металл тетіктерді дәнекер деп аталатын қосымша металл немесе қорытпаның көмегімен біріктіруді айтады, мұнда біріктіретін жерді қорытпаның балқу температурасына дейін қыздырады. Дәнекерлеп біріктірудің сызбасын тұтас жіңішке сызықпен кескінделеді.

Желімдеп біріктіру – тетіктерді, әртекті материалдарды желімдеуге мүмкіндік жасайтын әр түрлі желімдердің көмегімен біріктіру.

Тігіп біріктіру –жұмсақ материалдарды бір-бірімен жіптің көмегімен біріктіреді. Тұтас жіңішке сызықпен белгілейді және N таңбасымен белгілейді.

ІІІ. Өзіндік жұмыс.  Көрнекі кескіні бойынша бұрандалы біріктірулердің  сызбасын орындау.

202 (1) –сурет

ІҮ. Бағалау

Ү. Үй жұмысы. 202 (2) –сурет