Бұранда туралы жалпы мәлімет

Тақырыбы: “Бұранда туралы жалпы мәлімет”

Мақсаты: бұранда туралы мәлімет беріп,бұрандалы біріктірулері жөнінде білімдерін қалыптастыру, кеңістік ойыларын  дамыту, өздігінен білім алуға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: бұранда туралы жалпы мәлімет алады.

Түрі: жаңа тақырып меңгеру

Әдісі: лекция

Көрнекілігі: плакат, оқулық сызбаға қажетті құралдар

                                                             Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй жұмысын тексеру. Сызбаларын тексеру

ІІІ. Жаңа тақырып меңгеру.

Тетіктерді бұранданың көмегімен біріктіру ажырамайтын біріктіруге жатады.

Тетіктің өзегіндегі немесе тесігіндегі винттік кертік бұранда деп аталады. Бұранданың екі түрі бар, олар бекіту бұрандасы және жүріс бұрандасы. Бекіту бұрандасы тетіктерді біріктіру қызметін атқарады, ал жүріс бұрандасы қозғалыс берілісі қызметін атқарады.

Метрлік бұранда бекіту бұрандасына жатады, оның төбесіндегі бұрышы 60° болатын үшбұрышты профилі бар.

Бұранданың осьтік қимасының контуры бұранданың профилі деп аталады.  Профилінінің пішініне қарай бұрандалар үшбұрышты, тікбұрышты, трапециялы, тіреуіш, дөңгелек бұрандалар болып бөлінеді.

Сыбайлас екі өркеш арасындағы, бұранданың осі бойымен өлшенетін арақашықтық бұранда қадамы (Р) деп аталады.

Сыныпқа сұрақ түрлі қосылыстардың суреттері берілген, қайсысы ажырайтын, қайсысы ажырамайтынға жатады?

   Бұранданы кескіндеу және белгілеу

Көптеген тетіктердің бұрандасы болады, ол тетіктерді қосуға қызмет етеді. Көп тараған метрикалық бұранда, оның профилі төбесіндегі бұрышы 60° тең үшбұрыш болады.

Бұранда сызбада шартты түрде ықшамдап сызады.

Сыртқы бұранда — сыртқы диаметрі бойынша алдыңғы көріністе де, сол жақ көріністе де-тұтас жуан сызықпен, ал ішкі диаметрі бойынша тұтас жіңішке сызықпен кескінделеді. Сол жақ көріністе бұранданың ішкі диаметрі бойынша, шамамен шеңбердің ¾ тең, доға жүргізеді /5.9-сурет/.

5.10-суретте  Ішкі бұранда – бұранда тесіктің ішінде болса, онда сыртқы бұранда тұтас жіңішке, ал ішкі бұранда тұтас жуан сызықпен сызылады.

Тілікте штрихтауды әрқашан тұтас жуан сызыққа дейін орындайды. Бұранданы сыртқы диаметрі –d және адымы р бойынша белгілейді. Мысалы, М50х1,5 жазуы мынаны белгілейді: метрикалық бұранда, сыртқы диаметрі 50 мм, адымы 1,5 мм.

Анықтамамен жұмыс – алты жақты басы бар бұрандаманың /болт/ негізгі өлшемдері  /мм/

Бұранданың диаметрі d8101216203042
Адымы  Р

Кілтке арналған өлшем S

Шеңбердің диаметрі D

Басының биіктігі h

1,25

13

14,2

5,5

1,5

17

18,7

7

1,75

19

20,9

8

2

24

26,5

10

2,5

30

33,3

13

3,5

46

50,9

19

4,5

65

72,1

26

 

ІІІ. Өзіндік жұмыс. Анықтаманы пайдалана отырып, бұрандаманың эскизін орындау және өлшемдерін түсіру: бұранданың диаметрі d-20, стерженінің ұзындығы l -100,  бұранда жасаған бөлігінің ұзындығы l0 -46, фасканың биіктігі  c-2,5, басының биіктігі h-13, кілтке арналған өлшем

S-30,  шеңбердің диаметрі D-33,3.

ІҮ. Бағалау.

Ү. Үй жұмысы. Аяқтау