Көрініс пен тілікті біріктіру

Тақырыбы: “Көрініс пен тілікті біріктіру”

Мақсаты а/ білімділігі: оқушыларға тіліктер мен көріністерді біріктіру жөнінде мағлұмат бере отырып, тіліктер жөнінде білімдерін тереңдету;

б/ дамытушылығы: балаларды жаңы тақырып арқылы  ой-өрісін, білімін дамыту;


в/ тәрбиелігі: сызба мәдениеттілігіне, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: сабақта оқушылар көрініс пен тілікті біріктіріп, ережелерін сақтауға үйренеді.

Түрі: түсіндіру

Әдісі:  баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекілігі:оқулық, сызбаға қажетті құралдар.

                                    Сабақтың барысы

       І. Сынып оқушыларын ұйымдастыру


      ІІ. Үй жұмысын тексеру. Сұрақтар:

  • Тілік деген не?
  • Тіліктер қандай болады?
  • Фронталь, горизонталь және профиль тіліктер қай көріністерде орналасады?

ІІІ.  Жаңа тақырып түсіндіру.

Көріністің бөлігі мен тіліктің бөлігін біріктіру.

Көптеген тетіктердің пішіні тек көріністерді, фронталь, горизонталь және профиль тіліктерді салумен ғана айқындалады. Сызбада бір мезгілде екі кескінді орындау тиімді емес. Сондықтан кескінді тұтас жіңішке ирек сызықпен бөле отырып, көріністің бөлігі мен тіліктің бөлігін біріктіруге болады. / оқулықта 164-сурет/. Нәрсенің алдыңғы жағындағы элементтің пішінін айқындау үшін тілік пайдаланған, нәрсе симметриялы емес, сондықтан ол тұтас жіңішке ирек сызықпен бөлінген.

Егер симметрия осімен беттесетін контур сызығы тесікте орналасса, сызбада тіліктің үлкен бөлігін көрсетеді. /165-сурет а/

Егер контур сызығы тетіктің сыртқы бетінде орналасса, онда көріністің үлкен бөлігін көрсетеді. /165-сурет ә/

Көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіру

Егер тілік пен көрініс симметриялы болса, онда сызбада көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіреді, шекарасын штрихпунктир сызықпен жүргізеді. /166-сурет/

Көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіру е р е ж е л е р і:

  • Сызбада тілік симметрия осінің оң жағына немесе астына ораласады;
  • Көріністің жартысында нәрсенің ішкі пішіні штрих сызықпен кескінделмейді;
  • Көрініс пен тіліктің жартысымен көрсетілген өлшем сызықтарын осьтен біршама алысырақ жүргізеді және бір жағынан нұсқамамамен шектейді және өлшемді толық көрсетеді.

ІҮ. Өзіндік жұмыс. Көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіру

                    А-деңгейі – үлестірмелі карточкалар, В-деңгейі — 34-бет, 4. 40 а-сурет,

                                             С-деңгейі -33-бет, 4.39 ә-сурет

Ү. Бағалау

ҮІ. Үй жұмысы. 34-бет, 4. 40 ә-сурет