Қималар. Тілік пен қиманың арасындағы айырмашылығы

Тақырыбы“Қималар. Тілік пен қиманың арасындағы айырмашылығы”

Мақсаты: оқушыларға қималар жөнінде мағлұмат бере отырып, тілік пен қиманың айырмашылығын түсіндіру; оқушының кеңістікті көз алдына елестету қабілетін және графикалық мәдениетін қалыптастыру; ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже: жаңа технология, компьютермен слайд арқылы, оқушының тақырыпқа деген қызығушылығы артады, сызбалар арқылы қима жөнінде түсінік алады, қабаттасқан және оңашаланған қиманы айыра алады.


Түрі: жаңа ақпараттық технологияны пайдалану

Әдісі:  баяндау, сұрақ-жауап,

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, оқулық, сызбаға қажетті құралдар.

                                    Сабақтың барысы

       І. Сынып оқушыларын ұйымдастыру

ІІ.  Үй жұмысын тексеру. Сұрақ

  • Тілік деген не?
  • Тіліктер қандай болады?
  • Көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіру ережелерін атаңдар.

ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру.


                                              2 слайд

Тақырыпты бастамастан бұрын “Кішкентай Ханзада” деген ертегіні есімізге түсірейік. Оны жазған ұшқыш және ХХ ғасырдағы француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери

Кішкентай кезіндегі осы жазушының ең алғашқы салған суретіне назар аударайық.

1-сурет                                                       2-сурет

3 слайд

Қараңызшы – не салынған? Бәрі оны  қалпақ деп ойлайды. Бірақта ол пілді жұтып қойған жылан екен. Бәріне түсінікті болу үшін бала мынадай етіп салады 2-сурет

Сонда бала суретінің сыртқы жағымен бірге ішкі құрылысында салып түсіндірген. Оны қалай жасады екен?                                                      4 слайд

Нәрсенің пішінін көлденен көрсететін әдісінің бір түрі- ол қима

Суреттегі тетікбөлшектің пішіні жалпы цилиндрлік. Осы сызба арқылы біздер әр элементердің пішінін анықтай аламыз ба?Мысалы, сол жақ шетіндегі қиылысқан тұтас жіңішке сызықтармен көрсетілген элемент бір жағында ма, әлде екі жағында ма екенін білмейміз.Соңғы оң жақтағы элемент не?  Ойық па, әлде бері қарай шығып тұрған элемент па? Үзілмелі сызықпен көрсетілген ойықтың пішіні қандай?Шеңбермен берілген элемент тесік пе, әлде шығып тұрған нәрсе ме? Егер тесік болса өткерме ме, әлде тұйық па?         5 Слайд

Қима деген не? Қима – нәрсені жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигура. Қимада нәрсе ойша кесіледі де, оның қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана кескінделеді. Қима – бұл фигура кескіні.                                                             6 слай

7 слайд

 

Қима жазықтығын қай жерде өтетінін көрсету үшін оны белгілейді.

Егер оңашаланған қима болса,қиюшы жазықтықтың орны сызбада үзік тұтас жуан сызықпен көрсетіледі. Қима сызығына перпендикуляр етіп екі жіңішке тұтас сызық жүргізіледі, ұштары нұсқамамен аяқталады. Жандарына орыс алфавитінің бас әріптері жазылады. 16 слайд

Егер оңашаланған қима қима сызығының созындысына орналасса, онда жоғарғы жағына ештеңе жазылмайды. 17 слайд

Көрнекі кескінде қиманы орындау процесін қарастырайық

  1. Төртбұрышты пішінді тесіктің үстінен қиюшы жазықтықпен ойша қиямыз 19 слайд
  2. Цилиндр пішінді тесіктің үстінен қиюшы жазықтықпен ойша қиямыз 20 слайд
  3. Көрнекі кескіндегі қима фигурасы осылай болып көрінеді 21 слайд
  4. Көрнекі кескіндегі қима фигурасы 22 слайд
  5. Б-Б қима фигурасын кескіннің сыртына шығарады. 23 слайд
  6. А-А қима фигурасын кескіннің сыртына шығарады. 24 слайд
  7. А – А және Б – Б сызбадағы қима фигуралары25 слайд

Бекіту:1.Нәрсенің пішінін талдап қима фигуралардың орнындарын табыңыз (1-5) 27 слайд

Нәрселердің суреттері әріптермен, қималары сандармен берілген. Әр нәрсенің қимасын табыңыз

28 слайд.

? қима                                                 ? қима  29 слайд

Өзіндік жұмыс:

Алдыңғы көрінісі мен қима фигурасын орындаңыз

31 слайд

Бағалау. Сұрақ-жауап және сызбалар арқылы

Үйге жұмыс. 113-бет, № 1 жаттығу.